Соңғы жаңалықтар
Білім • 15 Маусым, 2017
Атырауда 97 түлек "Алтын белгі" иегері атанды
Атырауда «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты форум өтті. Жыл сайын дəстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл шараға мектеп бітіруші үздік оқушылар қатысады. Олар "Алтын белгілері" мен ерекше үлгідегі аттестаттарын облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қолынан алды. Биыл облыста 97 оқушы "Алтын белгі" иегері атанып, 81 түлек үздік аттестатқа қол жеткізді.
Аймақтар • 15 Маусым, 2017
Атырауда лауазымына сай емес мемлекеттік қызметкерлер бар
Атырауда «Б» корпусы бойынша мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттаудың үшінші кезеңі аяқталды. Әңгімелесуге 2215 мемлекеттік қызметкер қатысқан.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Ішкі істер министрі халықпен есептік кездесу өткізді
Кеше Астанада Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халықпен есептік кездесу өткізді. Жиында министр елдегі қылмыстық ахуал, қылмысқа қарсы күрес, жол-көлік апаты тұрғысында, нашақорлыққа қарсы күрес төңірегінде баяндады. Сондай-ақ, республика тұрғындарының сұрақтарына жауап берді және жеке мәселелерін тыңдады.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІV cъезі өтті
Кеше Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ІV cъезі өтті. Оған Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Жиынға Үкімет мүшелері, бизнес өкілдерімен қатар, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер құқығы жөніндегі уәкіл Борис Титов, ЕАЭО Іскер кеңесі президенті Виктор Христенко да қатысты.
Бизнес • 15 Маусым, 2017
Зайсанда көлік-логистикалық орталық салынады
Зайсан ауданының әкімі Темірбек Қасымжановтың айтуынша, жалпы аумағы 45 мың шаршы метрді құрайтын көлік-логистикалық орталық Майқапшағай кеден бекетіне жақын жерге салынады.
Технология • 15 Маусым, 2017
Ақтауда жас роботшылар сайысы өтті
Роботты техника жасаушы жастарды өзара сайыстырып, аймақтық олимпиада өткізуші – Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мақсатындағы сайысқа 47 топ қатысты. Жарыс негізгі, шығармашылық, роботтар футболы және еркін категория бойынша өтті.
Аймақтар • 15 Маусым, 2017
Атырауда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 317 млн теңге қарастырылған
Атыраулық балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға биыл 317 млн 216 мың теңге қаражат қаралған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға көп.
Әлем • 15 Маусым, 2017
Лондонда өрттен қайтыс болғандар саны 12-ге жетті
Көп қабатты үйдегі өрттен қаза тапқандар саны 12-ге жетті, деп хабарлайды ВВС Лондон полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Бүгін еліміздің барлық аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады
15 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймағында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауы мүмкін. Кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Медицина • 15 Маусым, 2017
Оңтүстікте күрделі оталар жасала бастады
Елбасы Қазақстан халқының денсаулығына қоғам мен мемлекет бірдей жауапты екенін үнемі айтып келеді. Денсаулық сақтау саласының дамуына, заманауи жабдықталуына мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде.
Медицина • 15 Маусым, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауларында елді ілгерілететін бағыттарды белгілеп, жол нұсқап, дамуымызға серпін беріп келеді. Ал тарихи еңбектерінде рухани сүрлеуден ажырамау мәселесі әрдайым зерделенеді. Әрине, Елбасының мемлекеттіліктің іргетасын нығайту идеяларын, ұлт дамуына жол көрсеткен тұжырымдарын шағын мақала ауқымына сыйғызу әсте де мүмкін емес.
Бизнес • 15 Маусым, 2017
Жайылымдық жерді игеруде инновация қажет
Орналасуы тұрғысынан қарағанда, сегіз бірдей географиялық аймақты қамтитын Қазақстан аумағының табиғи жүйесі, оның ауа райының мүмкіндігі ауылшаруашылық жүйесін кеңінен дамытып, әлемдік деңгейде қалыптасқан экологиялық таза азық-түлік өндірудің алғышарттарын қамтамасыз ете алады.
Қасиетіңе бас идік, Қазақ жері!
Әуелі Құдай барша жақсылықтары мен өлшеусіз игіліктерін жерге жомарттықпен дарытқан. Жердің қырық мың қырлы қасиеті бар.
«Тыныш құлақ, сау бас, бас сауында аулақ қаш» дегендей, заманның әлпеті ауырмаудың жолын нұсқайды. Бірақ «басы аманның малы түгел» деген қамсыздық тағы бар.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
«Маған Жұбановтың өзі бата берген»
Глазбай Алшынбаев – қазақ өнерінде 500-ден астам концертті сахналап, соншама эстрадалық қойылым мен думанды ойын-сауықтарды кәсіби деңгейде көркемдеп, көрерменге ұсынған қазақстандық белгілі эстрада режиссері.
Парламент • 15 Маусым, 2017
Көрші елмен қатынасты реттейтін құжаттар мақұлданды
Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар мақұлдаған құжаттардың барлығы да Қырғызстанмен арадағы қарым-қатынасты реттеуге бағытталған заң жобалары болды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин жетекшілік еткен жиында 5 құжаттың төртеуін Қаржы министрі, ал біреуін Инвестициялар және даму министрі таныстырды.
ЭКСПО-2017 • 15 Маусым, 2017
Қазақстан-БҰҰ: Дамудың жаңа кезеңінде
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ-ның ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Бас комиссары, БҰҰ-ның Еуропа мен ТМД елдері бойынша Даму бағдарламасы өңірлік бюросының директоры Жихан Сұлтаноғлымен кездесті.
Үкімет • 15 Маусым, 2017
Транзиттік әлеуетті дамыту талқыланды
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Сирил Мюллермен кездесу өткізді.
Үкімет • 15 Маусым, 2017
Сөз арқауы – серіктестік стратегиясының жобасы
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Азия даму банкінің вице-президенті Венчай Жангпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
ЭКСПО-2017 • 15 Маусым, 2017
ЭКСПО қалашығын шарлай жүріп, павильондарын алғашқы үштіктің бірі болып тапсырған Таиланд аймағына табан тірегенбіз. «Қолжетімді энергияны» ту еткен тай халқы биоэнергияны адамзат игілігіне айналдыруды көздейді.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Астанада «АЭФ-2017» халықаралық форумы өз жұмысын бастады.
Кино • 14 Маусым, 2017
Астанада Еуропа елдерінің кинофестивалі ашылды
14-16 маусым аралығында Астанада Қазақстанда Еуропа күнін атап өту аясында Еуропа кинофестивалі өтуде. Биыл көрермендер назарына Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің үздік кинофильмдері ұсынылады. Фестиваль бағдарламасына Чехия, Австрия, Швеция, Эстония, Испания, Словения, Германия, Франция, Нидерланды, Литва, Румыния, Словакия жəне Латвия елдерінде түсірілген 13 фильм кірді, деп хабарлайдыҚР ЕО өкілдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда прокуратура бизнесті тексермейтін болады
Бүгін «Атамекен» ҰКП-ның IV съезі барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов прокуратура органдары бизнесті тексермейтінін айтты.
Бокс • 14 Маусым, 2017
Головкин-Альварес жекпе-жегіне бару үшін қанша қаражат керек?
WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 KO) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегіне бару үшін қазақстандықтар қанша қаржы жұмсайды?
Қазақстан • 14 Маусым, 2017
Мектеп медиациясы қандай дауларды шешеді?
«Қоғамдық пікір» зерттеу институты мен Қазақстанның саяси ғылымдар ассоциациясы бүгін Астанада К.Охридский атындағы София университетінің профессоры, халықаралық медиатор, саяси ғылымдар докторы Татьяна Дронзинамен кездесу өткізді.
Кино • 14 Маусым, 2017
Мұстафиннің аз уақытта түсірген жаңа картинасы
Режиссер Қанағат Мұстафин «16 қыз» комедиялық фильмінің жалғасы есепті «Ең сұлу қыз» картинасын түсіріп жатқанын бұдан бұрын айтқан болатынбыз. 21 күн дегенде түсірілім жұмыстарын толық аяқтаған шығармашылық топ енді монтаждау жұмыстарына кірісті. Фильмді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы, «Kanaidarproduction» және «Шешенфильм» студиясы түсіріп шықты.
ЭКСПО-2017 • 14 Маусым, 2017
ЭКСПО-ға бес күн ішінде 10 мыңнан астам турист келді
ЭКСПО көрмесін өткізу аясында туристер ең көп келетін күндер анықталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Жекпе-жек • 14 Маусым, 2017
Маратбек Мықтыбеков: Ауыр салмақтағы балуандардың күресі көңілден шықпай жүр
Дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасы Гонконгта өткен Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп қайтты. Құрлықтық біріншілікте бір алтын, үш күміс және үш қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы медаль саны бойынша жалпы есепте 29 ел ішінде үздік төрттіктің қатарынан көрінді. Жуырда дзюдо федерациясының вице-президенті, бұрынғы спортшы, қазіргі басшы Маратбек Мықтыбековпен Азия чемпионатының қорытындысы, Ұлттық құраманың Олимпиадаға дайындық барысы туралы сұхбаттасып, пікірін білген едік.
Қазақстан • 14 Маусым, 2017
Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жоғары октанды бензин өндірмек
Таяуда Шымкентмұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталады деп күтілуде. Еліміздегі мұнай өңдейтін ең ірі үш зауыттың бірі саналатын өндірісте бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Футбол • 14 Маусым, 2017
Әртістеріміз футболдан әлем чемпионы атанды
Ресейде өнер жұлдыздары арасында футболдан әлем чемпионаты өтті. Биыл жетінші рет ұйымдастырылған бұл турнирде қазақ әнші-актерлерінен құралған «Алатау» футбол клубы да қатысты. Чемпионатқа қатысқан 16 елдің танымал әртістері төрт топқа бөлініп, өзара үздіктерді анықтаған болатын.