м
Білім • 05 Тамыз, 2021
Жаңа оқу жылы: Дәстүрлі форматқа дайынбыз ба?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар мен студенттерді дәстүрлі форматта оқытуға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған орай Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дайындыққа қатысты ұсынымдар әзірледі. Бүгінде өңірлерде ведомство әзірленген ұсынымдар бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Мырзағали Айтжанов: Сәкен жеңілген жоқ!
Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов «Egemen Qazaqstan» газетіне берген арнайы сұхбатында төрешілердің шешімімен келіспейтінін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Лопес – төрт дүркін Олимпиада чемпионы
Талай жылдан бері төрткүл дүние жұртшылығын теңдессіз өнерімен тамсандырып жүрген тұлғалардың барлығы дерлік Токиода алауы тұтанған XXXII жазғы Олимпия ойындарында бас қосты. Міне, сондай сүйегі асыл, рухы биік, шеберлік деңгейі шарықтау шегіне жетіп, атақ-даңқы алысқа тараған азаматтардың бірі – «Кубаның қара нары» атанған грек-рим күресінің хас шебері Михаин Лопес. Жапонияның бас шаһарында өтіп жатқан жарыста жер-жаһан жанкүйерлерінің назары дәп осы апайтөске ауғаны сөзсіз. Оның өзіндік себебі де бар.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Кеше Қазақстан спортшылары үшін шешуші күн еді. Каратэден әлемдік рейтингте көш басында тұрған Дархан Асәділов, еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрислам Санаев және бокстан әлем біріншілігінің қола жүлдегері Сәкен Бибосынов бастаған спортшыларымыз бір емес, үш алтын алуға мүмкіндіктері бар еді. Өкінішке қарай, барлығы қола медальды қанағат тұтты. Жеті қола медальмен еліміз бейресмикомандалық есепте 75-орында тұр. Мұндай «антирекорд» тәуелсіз Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған.
Тарих • 05 Тамыз, 2021
Қай кезде болсын қоғамның дамуын алға жылжытуда жекелеген тұлғалардың феномені ерекше орын алады. Өз елінің тәуелсіздігі мен ұлтының жарқын болашағы үшін күрескен ірі тұлғалар бүкіл адамзат өркениетіне маңызды үлес қосып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» еңбегінде: «Аса көрнекті тарихи қайраткерлердің, шын мәніндегі мемлекетшілердің тұтас бір шоғырының – жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ мемлекеттілігінің даму мақсатын тұжырымдап берген тұлғалардың ұлттық мүдделерге қызмет етуінің ұлы тарихи үлгісі көз алдымызда тұр», деп жазғанындай, қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың қоғамда алған орны мен олардың ұлт үшін жасаған еңбектерінің маңызын көрсете білу – парызымыз.
Тарих • 05 Тамыз, 2021
Аманкелді батырдың портреті қалай салынды?
Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 105 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуге тиіс» дегеніндей өткен ғасыр басында азаттық жолында атқа қонған аталарымыздың ерлігі кейінгі ұрпаққа өнеге болуы тиіс.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2021
Тәуелсіздігімізге тәубе дейміз. Кеңес өкіметі тұсында ауылдан аттап баспаған қара табан бала Сібірдің қойын-қолатында әскери борышын өтейтін. Қазір ше – өз елі, өз жері. Бұрынғыдай әлімжеттік те азайған көрінеді. Бір жағынан халық арасында мәдениет қалыптасып келе жатса, екіншіден, әскери мекемелерде тәртіп күшейген. Дейтұрғанмен, құқық бұзушылық жоқ емес, ішінара болып тұрады. Алда-жалда әскерилер арасында қылмыс орын алса, әскери тергеушілер іске кіріседі.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2021
«Шенеунікке обал болды», дейді жұрт...
Мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген әрбір азамат әбден тәжірибе жинақтап, білікті маман деңгейіне көтерілгенше алты-жеті жылдай уақыт кетеді екен. Және жас маман бас маман болып қалыптасқанға дейін мемлекет оған қыруар қаржы жұмсайды. Алайда өкінішке қарай, біліктілігі артып, тәжірибесі толысып, енді ғана жауапты лауазымға қолы жеткен шенеуніктердің біразы аяқ астынан істі болып, сотталып кетіп жатыр.
Экономика • 05 Тамыз, 2021
Бір қуантып, бір мұңайтқан сала
2020 жылы елдегі еңбек өнімділігі төмендеп кетті. Қатаң шектеулер мекемелер мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатып тастады. Қала шекараларына блок-бекеттердің қойылуы біраз азаматтың жұмысына баруын шектеді. Соның салдарынан еңбек үлесі азайды. Бірақ дәл осындай тығырықтан құрылыс саласы қырын сындырмай аман шықты.
Әлем • 05 Тамыз, 2021
Калифорниядағы алапат өрттен мыңдаған адам зардап шекті
Калифорнияда тез тарап жатқан өрт салдарынан Плейсер және Невада округтерінде мыңдаған адам эвакуацияланды, 600 гектар жер отқа оранған, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
«Кемшіліктермен жұмыс жасаймыз»: Серік Сәпиев Токио Олимпиадасы туралы пікір білдірді
Токио Олимпиадасы ойындарынан соң спортшылар және оларды жаттықтырушы бапкерлердің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізіледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Тамыз, 2021
Францияда коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші компоненті салынбақ
Франция президенті егде жастағы француздар мен денсаулығы нашар адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасының салынуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Instagram-да жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Тамыз, 2021
Тегеранда жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтті
Иран Ислам Республикасының сегізінші президенті болып сайланған Эбрахим Раисиді ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2021
Атырауда түрмеге дезодорантқа салынған трамодолды өткізбек болған
Атыраудағы тергеу изоляторына дезодорантқа салынған 377 трамодол дәрісін өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2021
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша 18 мың жаңа жұмыс орны ашылды
Жыл басынан бері Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалар бойынша 18 мың жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өңір тұрғындарына 685 грант берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 05 Тамыз, 2021
Атырауда коронавирустан емделіп жатқандар саны 7 мыңға жуықтады
Атырау облысында қауіпті вирустан емделіп жатқан науқастар саны 6 992-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Тамыз, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл жөнінде ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Өнер • 05 Тамыз, 2021
Өзбекстанда мәдени мұра жәдігерлері туралы жаңа еңбек жарық көрді
Өзбекстанда «АҚШ және Канада жеке коллекцияларындағы Өзбекстанның мәдени мұрасы» деп аталатын ауқымды еңбек жарыққа шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Түркі Академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 05 Тамыз, 2021
ЕО Жоғарғы өкілі Белорусияны айыптады
Еуропалық Одақтың (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель Беларусия Олимпиада бітімгершілігін бұзды деп айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Тамыз, 2021
Еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,4 мың теңгені құрады
Қазақстанда 2021 жылдың шілдесінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға (33,7 мың теңге) көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2021
Жыл сайын суға шомылу маусымы бастала сала Алакөл жағалауында қоғамдық тәртіпті күзету жұмыстарына 50 полиция қызметкері тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2021
Атыраулық тұрғын велосипедпен 1,1 миллион теңгенің есірткісін тасымалдаған
Атырау полицейлері 3 тамызда велосипедпен 1,1 миллион теңгенің есірткісін тасымалдаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Тамыз, 2021
Қазақстанда жаңа көліктерді тіркеу уақытша тоқтатылды
2021 жылғы 5 тамызда кеден ақпараттық жүйесінде туындаған ақауға байланысты ҚР мамандандырылған ХҚО-ларында жаңа автомобильдерді тіркеу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бсапасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы талқыланды
Бүгін Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасында жергілікті қамтуды дамыту мәселесі бойынша онлайн-форум өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2021
Алаяқтың арбауына сенген әйел 4 миллион теңгесінен қағылды
Өскемен қаласында үй сатып аламын деп алаяқтың құрбаны атанған әйел ірі көлемдегі ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Олимпиаданың алтын медалін тістеген Жапония мэрі сынға ұшырады
Софтболдан жапондық команданың жеңіп алған алтын медалін тістеген орталық Жапония мэрінің әрекеті сынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Балуан Нұрислам Санаев Олимпиаданың қола жүлдегері атанды
Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2021
Алматыда кеміргіштер көбейіп кеткен
Алматылықтар қалада егеуқұйрық көбейіп кеткеніне шағымданды. Куәгерлердің айтуынша, қаланың бірнеше бөлігінде кеміргіштер көбейіп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 05 Тамыз, 2021
Мырзағали Айтжанов: Ағылшын бапкерлері кешірім сұрады
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліп, қола жүлдегер атанды. 52 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан боксшы ұлыбританиялық Джалал Яфаиге есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz prosports.kz порталына сілтеме жасап.
Бокс • 05 Тамыз, 2021
Әли Ахмедовтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12КО) келесі жекпе-жегін жаздың соңында өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.