Редакция таңдауы
Мұрат Темірәлиев: Тұғырымыз бүгінгіден де биік болатынына сенемін
Қазіргі кезде күллі әлемде құлашын кеңінен жайып, тасы өрге домалап тұрған таеквондо өнерінің Қазақстанда іргетасын қалаған Мұстафа Өзтүрік екенін барша жұрт жақсы біледі. Жырақта туып-өскен қандасымыз қазақтың тағы бір абзал азаматы Бексейіт Түлкеевпен бірге спорттың бұл түрін өркендетуге бел шеше кірісіп, көкжиегін кеңейтуге орасан зор үлес қосты. Нәтижесінде бұған дейін біз үшін таңсық болып келген өнермен елімізде сан мың адам шұғылдана бастады. Тоқсаныншы жылдардың басында таеквондоның тұнығына бойлаған сондай жалынды жастардың бірі Мұрат Темірәлиев еді. Бұл күндері Алматы қалалық федерациясының вице-президенті қызметін атқарып отырған азаматпен жуырда жүздесудің реті келді.
23 Қыркүйек, 2020
Осыдан сексен бір жыл бұрын, дәл осы күні – қыркүйектің жиырма үшінші жұлдызында, Нью-Йоркте өткен Бүкіләлемдік жәрмеңке – EXPO көрмесінде бес мың жылдан кейін, яғни жетпісінші ғасырда ғана ашылуы керек «Уақыт капсуласы» жерге көмілген.
23 Қыркүйек, 2020
Сән, сұлулық және өмір салты туралы жазатын америкалық Vogue журналында қазақтың ұлттық киімі мен музыкалық аспабын насихаттап жүрген Маржан Қапсамат өнері жайында мақала жарық көрді. Онда домбыра аспабы мен қазақ ұлттық көйлегінің сән-салтанатын суреттеліп, «дәстүрлі сәнге деген сағынышты жаңа дәуір арқылы қайта сезінтеді» деп жазылған.
23 Қыркүйек, 2020
Міне, қызық! Жерде шашылған полиэтилен пакеттері пайдаға жарады. Қылқаламсыз-ақ қажетсіз қоқыстан таңғажайып дүние салуға болады екен. Өнерде ешқандай шекара жоқ деген – осы. Қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменова «Астананың аспаны» деп аталатын сурет салып, көпті таңғалдырды. Ол бұл туындысын бояумен емес, Нұр-Сұлтан қаласынан жиналған пластик пакеттен жасады.
23 Қыркүйек, 2020
Өткен ғасырда алманың «жеті атасы» өсірілген таулы өңірдің дәмі тіл үйірер апортынан дәм татқан аға буын әлі күнге тамсана айтып отырады. Бағбандардың айтуына қарағанда, апортыңыз теңіз деңгейінен 900 метр биікте жақсы өседі. Бұл талапқа Алматы қаласы мен Түлкібас ауданының таулы өңірі ғана жауап бере алады екен. Иә, Түлкібас алмасымен де аты шыққан өңір. Ауданның орналасу аймағы да ерекше. Таулы аймақтың ауа райы қоңыр салқын, алма бау, жеміс ағаштарын өсіруге өте қолайлы.
23 Қыркүйек, 2020
Өзені бар, суы жоқ шаруалар жиырма жыл бұрынғы жағдай қайталана ма деп алаңдайды
2021 жылдан бастап Қ.Сәтбаев атындағы Ертіс-Қарағанды каналынан Шідерті өзенінің төменгі арнасына су жіберу тоқтатылуы мүмкін. Бұл Павлодар облысының экологияcына һәм экономикасына айтарлықтай зиян тигізеді. Жергілікті шаруалар осылай деп дабыл қағып отыр.
23 Қыркүйек, 2020
Ұлттық банк теңгенің әлсіруіне қатысты түсінік берді
Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қыркүйек, 2020
Ежелгі адамдар қандай ауруларды жиі жұқтырғаны белгілі болды
Екі мың жастағы мысырлық мумиялардың тіндері мен тістерін зерттей отырып, ғалымдар бес патогеннің ДНҚ-ны, соның ішінде алапес микобактериялары мен В гепатиті вирусын анықтаған. Ал бес мың жыл бұрын қайтыс болған Тирольдік адам мумиясының асқазанына генетикалық талдау жүргізу барысында хеликобактер пилориді анықталды. Осындай дәлелдер көптеген жұқпалы аурулардың біз ойлағаннан әлдеқайда арырақта пайда болғанын білдіреді хабарлайды Egemen.kz
22 Қыркүйек, 2020
ЖОО оқытушылары қағаз есептіліктен босатылуы тиіс
Жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарындағы қатаң есептегі құжаттардың 11 нысаны алынып тасталды. Ол oқытушыларға сабаққа дайындалуға және кәсіби дамуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілген Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz
22 Қыркүйек, 2020
Солтүстіктегі "Қызылжар құс" фабрикасында құс тұмауы тіркелмеді
Солтүстік Қазақстан облысының Ақсу ауданында құс тұмауына қарсы шараларды атқару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
22 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы ақын Несіпбек Айтұлын 70 жасқа толуымен құттықтады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлын 70 жасқа толуымен құттықтады. Президенттің құттықтау хатын мерейтой иесіне Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қыркүйек, 2020
Төбесі құлаған спорт кешеніндегі құрылыс жұмысына тексеру басталды
Алматы облысының Ұйғыр ауданында оқыс оқиға болды. Аудан орталығы Шонжы ауылында салынып жатқан спорт сауықтыру кешені ғимаратының төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қыркүйек, 2020
Баласына шикі ет жегізген ата-ананы ІІМ іздестіріп жатыр
ҚР ІІМ желіде тараған видеоға байланысты, кішкентай сәбиге шикі ет жегізген ата-ананы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қыркүйек, 2020
Биылғы 8 айда отандық кәсіпорындар 1 118 трактор және 736 комбайн өндірді
Қазақстанда ауыл шаруашылығы машинасын жасау өндірісінің көлемі 2019 жылдың қорытындысында 122,4 млрд.теңгені құрап, 1849 трактор мен 791 комбайн өндірілген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қыркүйек, 2020
Ұлыбританиялықтар азық-түлік дүкендерінде кезекте тұр
Ұлыбритания билігі Сovid-19 ауруының көбеюіне байланысты бүкіл ел бойынша шектеу шараларын енгізіп жатқанда, адамдар тағы да дүрбелеңге салынып, азық-түлік қорын сатып ала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz The Grocer-ге сілтеме жасап.
22 Қыркүйек, 2020
Ресейлік "Монитор-Э1" спутнигі атмосферада өртеніп кетті
2011 жылдан бері жұмыс істемеген ресейлік "Монитор-Э1" спутнигі орбитадан шығып, жер атмосферасында өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
22 Қыркүйек, 2020
Қашықтан оқу баланың жүйкесіне қаншалықты салмақ түсіреді?
Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында ұйымдастырылған қашықтан оқу жүйесіне қатысты алматылық психологтар балаларға осы мерзімде қаншалықты көңіл бөлу керектігі мен уақытын тиімді пайдаланудың жолдарын түсіндірді.
22 Қыркүйек, 2020
Әлем елдері шектеу шараларын күшейтіп жатыр
Франциядағы «Жеңілмеген Франция» атты партияның басшысы Жан-Люк Меланшон BFM телеарнасына берген сұхбатында ресми Париждің пандемияның екінші толқынына қарсы дайындығын сынға алды.
22 Қыркүйек, 2020
«Ақылды» медицинаның артықшылықтары
Фармацевтика мен медицинадағы жетістіктер миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды. Соңғы онжылдықта медицина саласы маман даярлауда және заманауи техникалық құралдарды жасауда үлкен жетістіктерге жетті деп айтуға болады. Ғалымдар мен дәрігерлер адам өмірін сақтау мен жақсарту үшін емдеудің, диагностиканың, алдын алудың жаңа әдістерін ашып жатыр. Солардың кейбіріне тоқталсақ.
22 Қыркүйек, 2020
Дейтон сыйлығы Этвудқа бұйырды
«Қызметші әйелдің әңгімесі» атты әйгілі романның авторы Маргарет Этвуд мәртебелі әдеби сыйлықтардың бірі – Дейтон сыйлығының лауреаты атанды. Жазушы оған творчестводағы кәсіби жетістіктері үшін ие болып отыр.
22 Қыркүйек, 2020