Редакция таңдауы
Қазақстанда үш әуежайдың коды өзгеруі мүмкін
Қазақстанның бірнеше қаласында әуежай кодтары өзгертілуі мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты, деп хабарлайды, - Egemen.kz.
08 Маусым, 2020
Мектеп кәсіподақтары: жолдама кімге бұйырады?
Бұрынғыдан бөлекше басталған «төтенше» тоқсан да тәмамдалып, әне-міне дегенше жазғы демалыс та жетті. Оқушылардың соңынан мұғалімдер де еңбек демалысына шығып жатыр. Осы орайда педагогтердің демалысын соңғы уақытта жиі шағым түсіп жүрген кәсіподақ ұйымдары қаншалықты ұйымдастырады? Шипажайларға жеңілдікпен берілетін жолдамаларға қол созған қатардағы мұғалімдер жыл сайын неге қалыс қалып қояды? Салмақты сауалға жауап іздеп көрелік.
08 Маусым, 2020
Қаржылық сауатты қалай арттырамыз?
Таяуда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық сауаттылықты арттыру тұжырымдамасын қабылдады. Бұл тұжырымдама 2024 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
08 Маусым, 2020
Балтық мүйісіндегі саяси текетірес
Польша Балтық мүйісіне канал салып, теңізге тікелей шығу арқылы Ресейдің ықпалынан арылуды көздейді. Кейбір сарапшылар бұл жобаның саяси астарына үңіліп, оның мүйістегі экожүйеге кері әсер ететінін алға тартады.
08 Маусым, 2020
Әлденеге ашуланғанымызда арагідік ауызымыздан шығып кететін бір мәтел бар. «Сұмырай келсе су құриды» деп қысқа қайырып жатамыз. Осындағы «сұмырайдың» мағынасын әркім әр саққа жүгіртіп жүр. Бірі «сұмырай» емес, дұрысы «суыр айы» болуы керек деп ұйқасқа ерік берсе, енді бірі су кристалының өзгерген құрамынан ғылыми дәлел іздейді. Сонымен ұнатпаған кісімізге сұмырай деп кесіп айтқандағы сұмырайымыз кім болды екен?
08 Маусым, 2020
Мәдени туризмге мән беретін кез
Әлемді шарпыған пандемия бізге көп нәрсенің қадірін ұғындырған секілді. Карантинде біраз уақыт үйде қамалып отырып, кейін таза ауада серуендеуге рұқсат берілгенде, «Шіркін, өз еліміздің табиғатына, өз жерімізге жетер дүние жоқ екен ғой», десті талай жұрт.
08 Маусым, 2020
Көліктен шықпай тест тапсыруға бола ма?
Елордалықтар көліктен шықпай-ақ коронавирусқа тесттен өте алады. Тест алуға 3-5 минут уақыт кетеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Елордада коронавирус инфекциясын анықтау үшін мобильді скрининг диагностикасы пайда болды. Зертхана №2 Қалалық көпбейінді аурухана базасында іске қосылды. Скрининг орталығының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қатысты.
08 Маусым, 2020
«Экотуризм арқылы тұрақты дамуға: алғышарттар мен мүмкіндіктер». Осындай тақырыпта Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде республикалық семинар өтті. Аталған білім ордасы бұған дейін «7 жаңа туристік маршрут» жобасын қолға алып, аймақтық киелі жерлер мен жәдігерлерді насихаттауға ұмтылып отырғанына тоқтала кету керек.
08 Маусым, 2020
Қаракөлге халықаралық мәртебе берілсе
Мен эко-волонтерлікпен 2003 жылдан бері айналысып келемін. Алғаш назарымды аударған аймақ – Маңғыстаудағы Қаракөл көлі. 2016 жылдан бастап жыл сайын Ақтау маңындағы Қаракөл көлінде жастардың Солтүстік жарты шардағы қатпайтын су айдындарында суда жүзетін және су маңындағы құстардың Халықаралық қысқы есебіне қатысуын ұйымдастырып жүрмін. Синхронды есеп ғаламдық қауіп төндіретін құс түрлерінің санын объективті бағалауға және оны сақтау бойынша қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстанның негізгі орнитологиялық аумақтарының бірі ретінде Қаракөл көлін санитарлық тазалау бойынша экологиялық акцияларды, соның ішінде «Саябақтар маршы» халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында өткізуді дәстүрге айналдырдым.
05 Маусым, 2020
StopMusor экологиялық жобасы басталады
StopMusor – дәл осындай атаумен Нұр-Сұлтан мен Алматы шаһарларында экологиялық жоба қолға алынады. Оның негізгі мақсаты – тұрмыстық қалдықты жинауда халықтың мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Қоқысты сұрыптау арқылы еліміздің азаматтарын қайта өңдеу саласына жұмылдырып, «жасыл экономика» тұжырымдамасын дамыту көзделген. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева айтты.
05 Маусым, 2020
Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 12 312-ге жетті
Қазақстандағы 2020 жылғы 5 маусымдағы эпидемиологиялық ахуал бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 245 адам тіркелді (өсім қарқыны – 2%).
05 Маусым, 2020
Отандық өнім: «Күбілей» зауыты туралы не білеміз?
Кейде жұмыс бабымен, дәм тартып көршілес Ресейдің Орынбор, Астрахань қалаларында, Башқұртстан астанасы Уфа шаһарында болып жүрміз. Сонда «Күбілей» зауытының қалбырлары әрдайым алдымыздан шығады, дүкен сөрелерінде көзге оттай басылады.
05 Маусым, 2020
Былтыр елімізде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» деп аталған республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрылып, әр облыста оның филиалдары да ашылып, жұмыс істей бастады. Жаңа мекеменің мақсаты белгілі. Өзінің атауы айтып тұрғандай, жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Бір сөзбен айтқанда, бұл кәсіпорынды экономикамыздың тарам-тарам тамырына айналған ірілі-ұсақты жолдардың нағыз жанашыры деуге болады.
05 Маусым, 2020
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытудың әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгінін және болашағын сабақтастыратын жарқын көрінісі екені сөзсіз.
05 Маусым, 2020
Теннистен АҚШ ашық чемпионаты (US Open) турнирінің ұйымдастырушылары дүниежүзінде болып жатқан жағдайға байланысты доданы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізудің бірнеше жолын қарастыруда, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
05 Маусым, 2020
Ынтымақтастық ырысымызды еселейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатымен танысып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың куәсі болып отырмыз.
05 Маусым, 2020
Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегі» – көп талданған роман. Қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы психологиялық шығарма дегенде тіл ұшына бірден оралатын да осы «Ақбілек». Бас кейіпкерден бастап жанама кейіпкерлердің де ішкі әлемін жарқырата көрсетуде Аймауытов шеберлігіне бас иесің.
05 Маусым, 2020
Ғаламтор атаулы тірлігімізге енгелі бұрынғыдан қалған «жақсы кітап-жан азығы» деген мәтелдің мәні өзгергендей, қолдан қолға өтіп, тозығы жететін байырғы «Қисса Жүсіптен» бертінгі «Махаббат қызық мол жылдарға» дейінгі басылымдардың баяны кетіп, қонышта көнеретін «Жұлдыз» бен «Жалынның», «Мәдениет және тұрмыс» пен «Қазақстан әйелдерінің» басынан бақ тайғандай көрінетін. Жаңа дәуір жаршыларының тобынан табылып, Мұхтар ақын айтқан «компьютербасты пенделер» қарасын молайтып жүрген осы жолдардың авторы да күні бүгінге дейін үшбу қисын мен пайым-пікірді қолдап, қолпаштап келген-ді.
05 Маусым, 2020
Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты мерейтойлық мүшәйра өз мәресіне жетті. Бірнеше жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы ұйымдастырып келе жатқан дәстүрлі жыр бәйгесі биыл Абай рухына арналды.
05 Маусым, 2020
Жаңару дамудың даңғыл жолына бастайды
Шымкентте қордаланып қалған әлеуметтік түйіннің бірі – қоғамдық көлік мәселесі еді. Халқының жылдан-жылға көбеюіне байланысты қалада бұрыннан қалыптасқан қоғамдық көлік жүйесі сапалы қатынасты толық қамтамасыз ете алмайтын күйге жеткен. Соның салдарынан шаһарға қосылған елді мекендер мен шағын аудандардың біразына әлі күнге дейін автобус бармайды.
05 Маусым, 2020