Редакция таңдауы
Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті (Yessenov University) 16 наурыздан бастап қашықтан білім беруге бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша толық көшті.
10 Сәуір, 2020
Мұғалімдер де алдыңғы шепте жүр
Бәріміз білетіндей, еліміздегі 3 млн-нан аса оқушы қашықтан білім алуға көшті. Жаңа форматта оқытуға дайындық қолға алынғаннан бастап қоғамда «мұғалімдердің жұмысы жеңілдеді» деген мазмұндағы пікірлер пайда болды. Алайда әлеуметтік желілердегі әртүрлі талқылаулар мен әзілге арқау болған жайттар біржақты ойға нүкте қойғандай...
10 Сәуір, 2020
Жылына – 100 мың тонна болат құбыр
2020 жылдың екінші тоқсанында Алматы қаласы Алатау ауданының индустриялық аймағында «Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт құрылысы» жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Құрылыс алаңының жалпы аумағы – 18,3 гектар. Жоғары технологиялық зауыт құрылысы Қазақстанға әкелінетін құбыр өнімдерінің 70% импортын алмастыруға мүмкіндік береді.
10 Сәуір, 2020
Қызылордада коронавирус жұқтырған әйел босанды
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған әйел аман-есен босанды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева хабарлады.
09 Сәуір, 2020
«Ұлы күйзеліс» кезеңінен бері болмаған ең ауыр экономикалық дағдарыс күтілуде
Халықаралық валюта қорының болжауынша, әлемді үрей құшағына алған коронавирус пандемиясы салдарынан 1929-1933 жылдардан бері алғаш рет әлемдік экономика ең ірі құлдырауға ұшырайды.
09 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. Құрмаш, Нұрмаш, Жалғас
Біз бүгін ағайынды үш баланың оқиғасын айтамыз. Құрмаш, Нұрмаш, Жалғас есімді балалар ата-анасы базарға кеткенде не бүлдіргенің білгіңіз келсе ертегіні соңына дейін көруге кеңес береміз. Сондай-ақ YouTube арнамызға жазылуды ұмытпаңыз!
09 Сәуір, 2020
Үндістанда көкжиектен Гималай көріне бастады
Үндістанның солтүстік-батысындағы Пенджаб штатында адамдар 100 мильден астам қашықтықтан Гималайды көре бастады. Бұл туралы CNN ақпарат агенттігі хабарлады.
09 Сәуір, 2020
Терроризмді қаржыландыруға жол бермеу заңмен қадағаланады
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.
09 Сәуір, 2020
764 науқас: Вирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды
Қазақстандағы 2020 жылғы 9 сəуір сағат 14:55-тегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
09 Сәуір, 2020
Індет цифрландыру мәселесіне қатысты қандай міндет жүктеді?
Әлемді пандемия үрейі билеп тұрған қазіргі қысылтаяң шақта цифрландырудың маңызы арта түсті. Көптеген саланың жұмыс қарқыны бәсеңдеп, тіпті тежеліп тұрған шетін жағдай цифрлық технологиялардың шама-шарқын, жалпы ІТ-саланың деңгейін бағамдауға ықпал етті.
09 Сәуір, 2020
Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері коронавирус жұқтырды
Ішкі істер министрлігінің бір қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді.
09 Сәуір, 2020
Әлеуметтік маңызды заң жобаларына баса мән беріледі
Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында депутаттардың ұсынысы бойынша бірқатар заң жобасына түзетулер енгізіліп, мақұлданды.
09 Сәуір, 2020
Біз – тарихымыздың сан қилы сындарлы сәттерінде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеген халықпыз. Адам атадан тараған күллі адамзат баласы жаратылған сәттен бастап түрлі жақсылықтар мен сынақтарды бастан кешуде. Өйткені өмір – сынақ мекені. Ал мұсылманның мұраты – сынақты сауапқа айналдыратын амал жасау.
09 Сәуір, 2020
Еңбек – бәрін жеңбек (Жетісу еңбеккерлері Елбасы үндеуін нақты іспен қолдайды)
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жетісулық ағайындарды да бейжай қалдырмады. Әлемді шарпыған жұқпалы індеттің салмағы біздің елімізге де оңай тимеді. Осы сындарлы шақта Елбасының елге басу айтып, тығырықтан шығар жол көрсетіп, тұтас қазақстандықтарды Мемлекет тізгінін ұстаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты бір кісідей қолдауға шақыруы Алматы облысының ат үстіндегі тұрғындарын толқытты десе болғандай.
09 Сәуір, 2020
216 мыңнан астам адамға төлем тағайындалды
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 216 922 адамға төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлем тағайындалды.
09 Сәуір, 2020
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы осынау қиын кезеңде халқымызға қолдау болды деп білемін. Елбасы отандастарымызды бірлікке, сабырға шақыра отырып, үрейге бой алдырмауға, қайғыға салынбауға үндеді.
09 Сәуір, 2020
Жаңа аурухана 12 күнде салынады
Әлемді шарпыған індет іргемізге із салғалы төтенше жағдай енгізіліп, бірнеше қалада карантин жарияланып, жан-жақты сақтық шаралары жалғасуда. Қамсыз жүріп, қайғыға батқан мемлекеттердің қадамын қайталамау үшін Үкімет тарапынан үздіксіз ескертулер айтылып жатқаны жасырын емес. Ауырғандардың саны жеті жүзден асса да алаңсыз жүргендер әлі де бар.
09 Сәуір, 2020
Дауыл «дертімізді» анықтап берді
Қыс бойы әлеуметтік желілер арқылы таратылатын сақтандыру хабарларына еті үйренген көкшетаулықтар бұл жолы оншалықты селт ете қойған жоқ. Сейсенбі күні дауыл секундына 30 метр жылдамдықпен соқты. Үй шатырлары сөгіліп, аялдамалар құлады. Оқыс оқиғаның салдарынан бір адам қайтыс болып, 22 адам зардап шекті.
09 Сәуір, 2020
Басты басымдық – денсаулық сақтау саласын дамыту
Шымкент инвесторлар түстеніп, инвестициялық жобалар талқылайтын қалаға айналды. Құтпан жылының қорытындысы бойынша шуақты шаһарға 194,5 млрд теңге инвестиция тартылып, әлемнің жетекші кәсіпорындары елдің түстігіндегі қонақжай қалаға ағыла түсті. Нәтижесінде, қала аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.
09 Сәуір, 2020
Коронавирус індетіне қарсы күш біріктірмесе ырық бермейтін түрі бар. Әсіресе, қазіргі уақытта өмірлерін қауіп-қатерге тігіп, аждаһа індетпен алысып жүрген дәрігерлерге, сонан соң күн-түн демей қызмет етіп сапта тұрған тәртіп сақшыларына қолдау ауадай қажет.
09 Сәуір, 2020