Редакция таңдауы
Коронавируске байланысты карантин режімін енгізу жөнінде шешім қабылданысымен халық арасында дүрбелең, әртүрлі алыпқашпа әңгіме көбейді. Осыған орай тұрғындарға қажетті ақпараттарды ұсынамыз.
19 Наурыз, 2020
Салық төлеушілерге жеңілдік жасалады
Елімізде төтенше жағдай енгізілгеніне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге бірқатар мемлекеттік қолдау көрсетпек. Қолдау шаралары инвестициялық салықтық артықшылықтар, арнайы экономикалық аймақтар, арнайы салықтық режімдер арқылы жасалады.
19 Наурыз, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 36-ға жетті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.
19 Наурыз, 2020
Карантин – шектеу, коменданттық уақыт – тыйым салу
19 науыз күні түнгі сағат 00.00-ден бастап, еліміздің екі үлкен шаһары – Нұрсұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Бүкіл бір қаланы жабу тәуелсіз мемлекеттің тарихында болмапты. Сондықтан болар, мұндай төтенше жағдайды түсінбей, дал болып жүргендер көп.
18 Наурыз, 2020
«Egemen Qazaqstan» ұжымы коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақысын аударды
«Egemen Qazaqstan» газетінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақысын аударды.
18 Наурыз, 2020
Ертеңнен бастап Алматы қаласына кіруге және шығуға тыйым салынады
Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн брифинг барысында Қазақстан Республикасының төтенше жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы шешімдері жайында айта келіп, қалаға келуге және шығуға тыйым салынатынын жеткізді.
18 Наурыз, 2020
Алматы: Демалыстан кейін оқушылар қашықтан оқытуға ауысады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығының орындалуына орай білім беру саласында іске асатын шаралар жайлы айтты.
18 Наурыз, 2020
Әлеуметтік желілерде жалған хабарлама таратқандар жауапкершілікке тартылады
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов коронавирус жағдайына байланысты жалған ақпарат тарату - Қылмыстық жауапкершілікке соқтыратынын ескертті.
18 Наурыз, 2020
22 наурыздан бастап Алматыда теміржол және әуе қозғалыстары тоқтатылады
Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е. Қожағапанов қаладағы карантин режимі туралы брифингте мәлімдеді.
18 Наурыз, 2020
Алматыда індет белең алмауы үшін қандай іс-шаралар қабылданды?
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев мегаполисте карантин жариялануына байланысты қандай іс-шаралар қабылданғандығы туралы хабарлады.
18 Наурыз, 2020
Алматыда 47 дәріханаға күн сайын 80 мың дана маска таратылады
Алматы қаласындағы дәріханалар штаттық режимде жұмысын жалғастырып отырғаны туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев хабарлады.
18 Наурыз, 2020
Алматыдағы бүгінгі эпидемиологиялық жағдай қандай?
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев 18 наурыз сағат 12.00-дегі уақыт бойынша қаладағы эпидемиялық жағдайды хабарлады.
18 Наурыз, 2020
Nur Otan көпбалалы отбасыларға көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағыттады
Елбасының тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағытталды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram парақшасында жазды.
18 Наурыз, 2020
Алматы шекараларына автокөліктің кіруі мен шығуына шектеу қойылады
Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қаладағы карантиндік режимді түсіндірді.
18 Наурыз, 2020
80%-дан астам мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға болады - Анар Жайылғанова
Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелерге жүгінбей, 80 пайыздан астам мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ электронды түрде ала алады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.
18 Наурыз, 2020
Бас прокуратура карантин режимін сақтамағандарға қандай жауапкершілік белгіленгенін түсіндірді
Бас прокуратура төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін хабарлады.
18 Наурыз, 2020
Түркияда коронавирустан қайтыс болған алғашқы жағдай тіркелді
Түркияда коронавирус жұқтырған 89 жастағы науқас қайтыс болды. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлімдеді.
18 Наурыз, 2020
Жұқпалы дертті жұқтырғандар артып барады
Кеше таңертең Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматыда жұқпалы дертті жұқтырған үш науқастың анықталғанын хабарлады. Оның айтуынша, 2018 жылғы кішкентай қыз бала «Берлин – Минск – Алматы» ұшағымен 13 наурызда келген. Ол қазір Алматы қаласындағы балалар инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Ал қалған екі науқас – 10 наурыз күні Мәскеуден ұшып келген, бірі 1956 жылғы, екіншісі 1966 жылғы азамат.
18 Наурыз, 2020
Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тіліне (ағылшын, араб, француз, қытай, испан, орыс) аударылған заманауи қазақ прозасының антологиясы жарық көрді. Антология 60 мың данамен шығып, әлемнің 93 елінің кітапхана, университет, зерттеу орталықтарына жеткізілді. Осылайша дүниежүзі оқырмандары қазақ халқының тыныс-тіршілігімен, болмыс-бітімімен танысатын болады.
18 Наурыз, 2020
Төрт мыңнан астам ағаш отырғызылды
Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесі қарсаңында Тараз көшелерін көгалдандыруға көңіл бөлінуде. Табиғаттың тамыры қайта түлеп, күн мен түннің теңелетін шағында өңірде қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша көктемгі екі айлық басталды.
18 Наурыз, 2020