Редакция таңдауы
Түлеген Талдықорған тұрғын үй құрылысы жөнінен көш бастап тұр
Былтыр Алматы облысының орталығындағы тұрғын саны 180 мың адамға жетеғабыл болды. Яғни еліміздегі өмір сүруге қолайлы, табиғаты таза да әсем Талдықорғанға қоныс аударатындар қатары өсіп келеді. Урбандану үрдісі де жылдам жүріп жатыр. Қазір қала маңындағы саяжайларды қоспағанда, соңғы бірер жылда бой көтерген шағын ауыл саны да күрт артқан екен.
04 Наурыз, 2020
Оңтүстіктен басталатын көктем бүгінде диқан атаулыны егістік алқабына шығарған. «Көктемнің әр күні – жылға азық» ұстанымына берік диқан қауымы болашақ мол өнімнің негізін қалауға кірісті. Көктемгі дала жұмыстарын ақпанда-ақ бастап кеткен Түркістан облысының Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарында жұмыс тіпті қызу.
04 Наурыз, 2020
STEM білім беру республикалық форумында оқушылардың ғылыми жұмыстары, инновациялық әдістері мен зерттеу жобалары таныстырылды. Жетпістен аса оқушы қатысқан іс-шараны «Мирас» халықаралық мектебі, STEM академиясы мен елорда әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
04 Наурыз, 2020
Айналма ауруына ем тапқан ғалым
Қойда кездесетін айналшық (ценуроз) ауруына қарсы екпе алу әдісін ойлап тапқан және оны өндіріске алғаш енгізген ғалым Әбділақ ХАЛИЛАМЕН бізді әріптесіміз Слам Нұрмағанбетұлы таныстырды.
04 Наурыз, 2020
МӘМС: мәртебені анықтау маңызды
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің алғашқы бір айдағы жұмысын қорытындылады.
04 Наурыз, 2020
Қара тастарды қақ жарған ақын...
«...Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады...» Ұлы Мағжанның «Толқын» атты өлеңінің осы екі жолына адам баласының жалғасты өмірінің бүкіл пәлсапасы сыйып тұрғандай. Ал мен үшін осы жолдар қазақ поэзиясының алып дариясындағы толқындарды бейнелі түрде көз алдыма әкелетінін жасыра алмаймын.
04 Наурыз, 2020
Әл-Фарабиді Қазақ еліне қайтарған Ақжан Машани
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтер кезеңде «Жалпы осы тұлғаны туған топырағымен қайта қауыштырған кім? Оның зиратын кім іздеп тауып, ғылым әлеміне кім жариялады? Ғұлама мұрасын Қазақстанда зерттелуіне кім мұрындық болды?» деген сұрақтарға жауап іздеген орынды. Ол тұлға әлбетте – Ақжан Жақсыбекұлы Машани (1906-1997) дер едік.
04 Наурыз, 2020
Ғасырлардан аман жеткен ғажайып
Қызылорда облысындағы Қазалы ауданына жол түсіп бара қалсаңыз, көне дәуір дерегін алдыңызға жайып салатын небір тарихи нысандармен танысасыз. Есте жоқ ескі заманда Оғыз мемлекетінің астанасы болған, әйгілі Қорқыт баба дүниеге келді делінетін Жанкент қалашығынан басталатын тарих көз алдыңыздан көлбеңдей өтеді. Одан бергі заманның куәсіне айналған талай нысандар аман сақталған аймақтың басты мақтанышы да көне күннен күмбір-күмбір сыр шертетін осы мұралар.
04 Наурыз, 2020
Еліміз егемендік алғаннан кейін жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз қайта жанды десек те, біз сан алуан мәдениеттер тоғысқан жаhандану заманында өмір сүріп жатырмыз. Осындай жағдайда өзіміздің ұлтымызға ғана тән ерекшеліктерді, таза болмысымызды қалай сақтап қаламыз? Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осы сауалдың жауабын жан-жақты тарқатып бергені қалың оқырманға жақсы мәлім деп ойлаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», деген болатын. Осындай ізгі ойлардан желі тартқан еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде (25.02.2020 ж.) жарияланған «Амал – ауызбіршілік мерекесі» деп аталатын мақаласы да мені өзектілігімен, тереңдігімен баурағанын айтқым келеді.
04 Наурыз, 2020
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Желсіз түнде жарық ай» атты композициялық кеш өтті.
04 Наурыз, 2020
Дариға Назарбаева Қырғызстан елшісін қабылдады
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевты қабылдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
03 Наурыз, 2020
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы жаңарды
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына жұртшылықтың және сарапшылар қоғамдастығының жаңа өкілдері қосылды. Бұл туралы Ақорданың Facebook парақшасында жарияланды.
03 Наурыз, 2020
Қазақстанда 2,6 мың шақырым жолда қозғалыс ашылады
2020 жылы республикалық маңызға ие жолдарды салу және қайта жаңартуға қатысты жобаларды іске асыруға 400 млрд. теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03 Наурыз, 2020
Ережесіз жекпе-жек: UFC Қазақстанға келе жатыр
Ережесіз жекпе-жек әлемдегі ең белді ұйым – UFC-дің кезекті турнирлердің бірі биылғы жылдың жазда Қазақстанда өтуі мүмкін екені жайында біз бұған дейін де жазғанбыз.
03 Наурыз, 2020
Ерлан Әукенов: ID-карталардың мүмкіндіктері кеңейтіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде вице-министр Ерлан Әукеновтің төрағалығымен Қазақстанның барлық өңірлерінде әлеуметтік ID-карталарды енгізу мәселесі бойынша облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдіктерімен селекторлық кеңес өтті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03 Наурыз, 2020
Әуе қорғанысы бригадасы әуе кеңістігін қорғауға қаншалықты қабілетті?
ӘШҚ әскерінің ардагерімен сұхбат. Бондаренко Владимир Петрович 1998-2005 ж. аралығында Тәрбие және әлеуметтік құқық жұмыстары бойынша ӘҚК Бас қолбасшысының орынбасары қызметін атқарған, генерал-майор. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
03 Наурыз, 2020
Алматыда жас педиатр дәрігерлердің халықаралық жиыны басталды
Алматыда «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясы дамуының сын-тегеуріні мен келешегі» тақырыбымен докторанттар, магистранттар мен резиденттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.
03 Наурыз, 2020
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
03 Наурыз, 2020
Қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары талқыланды. Сондай-ақ сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды.
03 Наурыз, 2020
Электронды еңбек биржасының мәліметтері бойынша, елімізде күзетші, қазандық операторы, патрульдеу инспекторы, медбикелер мен тәрбиеші мамандары тапшы. Есесіне заңгер, жалдамалы маман, экономист, малшы, қаржыгерлер екі қолға бір күрек таппай жүр.
03 Наурыз, 2020