Редакция таңдауы
Биыл 406 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барды
Жадыраған жаз да өтті. Көп күттірмей күз жетті. Қоңырқай мезгіл күнтізбесінің Білім күнімен басталуы арқаны кеңге салған ақ жарқын көңілді бір уақыт өзіндей салмақты күйге түсіргендей. Жаңа оқу жылында Білім алушы мен берушіден бастап ата-анаға дейін етек-жеңін жинайды. Қызу науқанды қыркүйекке қандай дайындықпен қадам басқалы отырмыз? Осы орайда білім беру саласының әр сатысы бойынша әзірлік жайын бағамдауды жөн көрдік.
02 Қыркүйек, 2019
Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясының ашылуына қатысты
Р Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында жаңа №87 мектеп-гимназиясының ашылуына қатысты. Асқар Мамин салтанатты рәсім барысында мектепке қазақ халқының ұлы тұлғасы, ақыны әрі ойшылы – Абай Құнанбайұлының есімінің берілуі аса құрметті әрі жауапкершілікті екенін атап өтті.
01 Қыркүйек, 2019
УЕФА: Вирджил ван Дейк – үздік футболшы
Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) нұсқасы бойынша "Ливерпуль", "Нидерланды" құрамаларының қорғаушысы Вирджил ван Дейк үздік футболшы атанды деп хабарлайды РИА Новости.
30 Тамыз, 2019
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өлімі: Іс прокуратураға қайтарылды
Зардап шегушілердің өкілдері мен сотталушылардың қорғаушылары «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өлімі бойынша істі прокуратураға қайтаруды сұрады. Себебі, екі тарап та сотқа дейінгі тергеудің сапасына көңілдері толмаған. Судья осы істі прокурорға қайтару туралы үкім шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30 Тамыз, 2019
Соңғы жылдары спортшылардың арасында бёрнаут (вurnout)синдромымен ауыратындар жиі кездесетіні байқалып отыр. Бұл дертті қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, қобалжу-қорқу немесе күйзеліс деп айтуға болады.
30 Тамыз, 2019
Жасөспірімдер арасында әлімжеттік азаймай тұр
Халықаралық беделді ұйымдардың бірі ЮНИСЕФ таратқан ақпаратқа сенсек, Шығыс және Орталық Еуропа, Орталық Азия елдерінде балаларға жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылық кеңінен таралып, жегіқұрттай тамырын тереңге жайып бара жатқан көрінеді. Оның ішінде Қазақстанда 1-14 аралығындағы балалардың 53 пайызы үйде озбырлықпен тәрбиелеу әдісінің құрбаны болған.
30 Тамыз, 2019
Жекеменшік түрме азаптаудың алдын ала ма?
Әлемде түрме атаулының адамды түзеп шығарына ешқандай кепілдік жоқ. Азаптаулар жиі тіркелетін жерде адамның кейін қайта жұрт қатарына қосылуы да қиын. Сол үшін кезінде шалт басқандарды «бостандығынан айыратын жерге» қатысты көзқарасты өзгертетін кез келген жоқ па?
30 Тамыз, 2019
Жоғары жылдамдық жол апатына себепші
Алматы қаласының Әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі және Шығыс айналма жолының бойында көліктерге рұқсат етілген жылдамдық шегі жайлы дау әлі басылар емес. Бірі қауіпсіздік үшін сағатына 60 шақырым жылдамдықты дұрыс көрсе, басқалары көлігінің 80 шақырым жылдамдықпен зулап өтуін қалайды. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?
30 Тамыз, 2019
Қостанайда құл ұстайды дегенге кім сенеді?
Қазір Қостанай облысының Меңдіғара ауданында болған адам өлімі туралы қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. 2016 жылы осы ауданда құлдықта болып, «құл иеленушінің» қолынан қаза тапқан марқұмның өліміне қатысты қылмыстың беті үш жылдан кейін ғана ашылған.
30 Тамыз, 2019
Болашақ сапалы білімнің іргетасы бастауыш сыныпта қаланады. Біз бастауыш сыныптағы білім сапасына мән беріп жүрміз бе?
30 Тамыз, 2019
Жайылымдық жерлердің жайы алаңдатады
Бүгінде Жамбыл облысында жалпы жер қоры 14 млн 426,4 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 65 пайызы, яғни, 9 млн 406 мың гектар жер жайылымдық болып саналады. Алайда бүгінде көптеген елдімекен үшін жайылымдар басты мәселеге айналып отыр.
30 Тамыз, 2019
Газ келсін ерте – жандансын өлке
Еліміздегі ең ауқымды жобалардың бірі – «Сарыарқа» магистральды газ құбырының басым бөлігі, нақты айтқанда 800 шақырымға жуығы Қарағанды облысының аумағын қамтитын болады. Жалпы ұзындығы 1534 шақырымға тең газ құбырын салуды жүзеге асыратын ересен жобаның еліміз үшін 700 млрд теңге көлеміндегі қаржыға түсетінін де былайғы жұрттың біле жүргені жөн.
30 Тамыз, 2019
«Самұрық-Қазына» Орталық Азиядағы нөмірі бірінші жұмыс беруші болуға талпынады - А.Есімов
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кадрлық саясаты дарынды жастарды іздестіруге бағытталған. Бұл туралы «Үздік маман» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
30 Тамыз, 2019
Конституциямыздың орасан зор жасампаз әлеуетінің айғағы - Ж.Түймебаев
Конституция күні қарсаңында қазақстандықтар Негізгі Заңның өлшеусіз және тұрақты әлеуетін ерекше бағамдайтыны белгілі. Оның үстіне, қазіргі сәтте жалпы қоғам жаңа Президенттің өзіне берілген сенім мандатына жауап ретінде ұсынған келешек жоспарлар мен даму бағытын жіті қадағалап, мемлекет көмегіне үлкен үміт артуда. Конституция күнінен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауын жасайды деген жаңалық та халықтың назарын ерекше аударып отыр.
30 Тамыз, 2019
ІІМ батылдығы үлгі қызметкерлерді марапаттады
Ішкі істер министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ведомство басшылығы, ардагерлер мен жеке құрам қатысқан шарада Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев биыл ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы бойынша жоспарланған бірқатар маңызды іс-шара іске асырыла бастағанын атап өтті.
30 Тамыз, 2019
Павлодарда тұрғындарды қабылдау күні өтті
Еліміздегі Конституциялық Кеңес «Негізгі Заң апталығы» жобасын бастап кетті. Апталықтың мақсаты – еліміздің Негізгі Заңына деген халықтың назарын аудару, жалпы, халықтың конституциялық мәдениетін арттыру.
30 Тамыз, 2019
Алматы тұрғындары құқықтық кеңес алды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ата Заңның пәрменін арттырып, еліміздің негізгі құжатының маңызын жұртшылыққа кеңінен түсіндіру мақсатында еліміздің Конституциялық Кеңесі өткізген «Негізгі Заң апталығы» аясында Алматы қаласының Әділет басқармасы қала тұрғындарының құқықтық маңызы бар сұрақтарына жауап берді.
30 Тамыз, 2019
Негізгі Заң һәм адамның ар-ожданы
30 тамыз – еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бұл – баршаға ортақ мереке – Конституция күні. Елдің Ата Заңы, мемлекеттің нышаны мен рәміздері – әр адамның қасиет тұтар құндылығы.
30 Тамыз, 2019