Редакция таңдауы
Мал азығының сапасын арттыратын өнім
Қазақ ашытқыны нан пісіргенде ғана қолданатынын білетінбіз. Апаларымыз сүтке қосып, сосын үстіне ұн себелеп илейтін. Ашытқы қосылған соң, иленген нан бұрынғыдай емес биік болып күмпиіп, көтеріледі. Пісіргенде исі де жай қамырдікіне қарағанда анағұрлым жақсы болып, тәбетті аша түсетін.
14 Наурыз, 2024
«Қазіргідей жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында Еуразияның жаңа көлік-логистика жүйесі құрылып жатыр. Бұл процесте Қазақстан мен Әзербайжанның тығыз әрі табысты ынтымақтастығы басты рөл атқарады» деді Мемлекет басшысы Әзербайжанға барған сапарында. Расында, бүгін Еуразияның экономикалық серпілуінің бастауында Қазақстан мен Әзербайжан тұр. Тап қазір екеуінің тізе қосып, іргелі істер атқаруы өңір үшін өлшеусіз пайда әкеледі. Биыл былтырғыдан да жемісті жыл болады. Ал ондаған жылдан кейін Еуразия мен жаһан арасын жалғайтын Транскаспий қантамырының қалай бүлкілдеп жататынын айтсаңызшы.
14 Наурыз, 2024
Қамкөңіл балалардың қатары көбейген
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға билік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Бір қарағанда оларды оңалту жұмыстары да ойдағыдай іске асып жатқандай көрінетіні анық. Ал өңірдегі жағдай қалай? Неден ұтып, неден ұтылып жатырмыз?
14 Наурыз, 2024
Баяғыда ауыл баласы үшін Алматының алмасынан артық базарлық болмайтын. Алқызыл түсі көз арбап, аңқыған исі айналаны алып кететін. Ал тісің тигеннен тіл үйірер тәтті дәмін айтып жеткізе алмайсың.
13 Наурыз, 2024
Артық салмақтың эпидемияға ұласу қаупі бар
Оразада кейбір адамдар арықтаймын деп ауыз бекітіп жатады. Бұл ең алдымен құлшылық ретінде тұтылатын амал болғанымен, біреулерге диета ретінде де артық салмақтан арылуға жанама көмегі болса, құба-құп. Өйткені денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, қазіргі күні әлемде семіздік мәселесі эпидемия деңгейіне жеткен. Ересек адамдардың 30%-дан астамы артық салмақ арқалап жүр.
13 Наурыз, 2024
Қ.Сәтбаев университеті Физика-техникалық институтының жас ғалымдары Арман Өмірзақов пен Әлжан Байменов ванадий электролитін өндірудің отандық технологиясын жасап жатыр.
13 Наурыз, 2024
Әйел теңсіздігін Әбілхан да әдіптеген...
Бала күні тауқыметпен басталып, «бай мен кедей» кезеңінің қиындығын өз басынан өткеріп өскен халық суретшісі Әбілхан Қастеев туындыларында үрейден арылмай, үркек болып жетілген жұртының ең жіңішке үмітін үзбеуге тырысады. Шетсіз-шексіз қазақ жерінің сұлулығы, аспанмен таласқан таулары, жотасындағы жайлауы, ақшаңқан киіз үйлері, желмен жарысқан жылқылар, жұмыс үстінде көрінетін еңбек адамдарының жүзіндегі жайсаңдық – туған жерін кең жүрегімен сүйген Ә.Қастеевтің қайталанбас шығармаларына арқау болды.
13 Наурыз, 2024
«Өнердің екінші аты – жанкештілік» дегенді жиі айтамыз. Саф өнердің жолында өмірін бергендердің тағдырын танығанда, бұл ойымызға тіпті беки түсетініміз және рас. Соның бір мысалы – режиссер Толомуш Өкеев түсірген «Көксерек» фильмі һәм ондағы бас кейіпкер Құрмашты кемеліне келтіре кейіптеген актер – Қамбар Уәлиев.
13 Наурыз, 2024
Көбеев мұрасы көлеңкеде қалмасын
Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин мұражайында ағартушы-ұстаз, қазақ романының қайнар бастауынан орын алатын Спандияр Көбеевтің ұстаздық қызметі мен шығармашылығына қатысты бірсыпыра құжаттар, жазушының көзі тірісінде тұтынған заттары сақтаулы тұр.
13 Наурыз, 2024
1997 жылдың жазы. Жоғары оқу орнына тест жүйесімен сынақ тапсыру кезінде өзім секілді абитуриент, заң мамандығына аңсары ауған ауылдасым Нұрлан сымдай тартылған сымбатты жігіт Бекзатпен таныстырды. Сұраса келе екеуміз де сол кездегі Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің жаттықтырушы мамандығын таңдаған екенбіз.
13 Наурыз, 2024
Ұлттық банк төрағасы Президентке есеп берді
Мемлекет басшысына Ұлттық банктің былтыр және биылғы қаңтар-ақпан айларында жүргізген ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары таныстырылды, деп жазады Egemen.kz.
13 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Президентке сот төрелігінің сапасын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
13 Наурыз, 2024
Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің шәкіртақысы артады
Ашық НҚА порталында студент, магистрант және докторанттардың стипендиясын екі жыл қатарынан (2024, 2025) арттыруды көздейтін үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Қаулы жобасында шәкіртақы тағайындау тәртібіне өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.
13 Наурыз, 2024
Бала құқын қорғаудың басым бағыты
Өткен жылы Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек», деген болатын.
13 Наурыз, 2024
Ақбас сиырға сұраныс арта түсті
Біз ағарғанын көп тұтынатын түліктің бірі – мүйізді ірі қара. Жалпы, қазақ жеріндегі сиыр тұқымының әрқалай екенін ескерсек, жер ерекшеліктеріне қарай олардың дене тұрқы мен төзімділігі де бөлек болады. Мысалы, ауа райы жылы болып келетін оңтүстік-шығыс өңірдегі сиырлар бойшаң, ірі денелі болса, қуаңшылық аймақтарда таралған ірі қараның денесі шағын әрі олар қыс айындағы суыққа төзімді келеді.
13 Наурыз, 2024
Ит тұмсығы өтпейтін, орман-тоғайы мол Көкше өңірінде ағашты кәдеге жаратып жатқан кәсіпорын көп емес. «Kazwood» серіктестігі осы олқылықтың орнын толтырып отыр.
13 Наурыз, 2024
Биыл Павлодар облысында көктемгі егіске 21 мың тонна тұқым жетіспейді. Диқандар бұл тапшылықты импорттық өнім сатып алу арқылы толтыруға ниетті. Алайда жергілікті мамандар сырттан жеткізілетін кейбір тұқымның өнгіштігі өте төмен екенін, кейбірінің көрсеткіші 40-60 пайыздан аспайтынын ескертіп отыр.
13 Наурыз, 2024
Мөлшерлеме цикліндегі үзіліс не үшін керек?
Қаңтардың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,5 пайыз болғанын ескере отырып, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25-тен 14,75 пайызға төмендетті. Сөйтіп, базалық мөлшерлеме осымен қатарынан бесінші рет төмендеу бағытына қарай өзгерді. Былтыр және алдыңғы жылдары қымбат мөлшерлемеге байланысты инфляция төмендесе, енді инфляцияның біртаңбалы мәнге айналғанын ескере отырып, ақша-несие саясаты да жұмсара бастады. Бір-біріне септесіп, екеуі де төмендеп келеді.
13 Наурыз, 2024
Жетісудағы сан ғасырлық тарихы бар Жібек жолының маңызы қандай болса, Арқадағы атақты Қоянды жәрмеңкесінің де ел тарихынан алатын орны ерекше.
12 Наурыз, 2024
Қостанай өңірімен шекаралас Челябі облысының (қазақтар Селебе деп те атайды) Чесмен ауданындағы Редутово деп аталатын татар ауылы маңындағы қыратта қазақтың Қыстау ауылының жұрты жатыр. Мұнда қазір аудандық тарихи-өлкетану музейі жанынан ашылған «Звездный» далалық оқу кешені жұмыс істейді.
12 Наурыз, 2024