Редакция таңдауы
2024 жылдан бастап заңды қазақ тілінде жазу міндеттеледі
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов екі тілде жазылған нормативтік құжаттардың мағынасы бір-біріне сәйкестігі тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2023
Димаштың «Өмірі»: Әнші туған күнінде тыңдармандарына сый жасады
Бүгін танымал әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні. Әнші туған күніне орай тыңдармандарына сый жасап, «Өмір» атты жаңа клипін жарыққа шығарғалы жатыр. Бұл жаңалықпен Димаш өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2023
Әділет министрлігінде Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің «Адвокаттар мен заң кеңесшілерінің білікті заң көмегін көрсетуі» тақырыбында көшпелі отырысы өтті.
24 Мамыр, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 2 қыркүйекте жариялаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп мемлекеттің ішкі саясатындағы өзінің басты ұстанымын мәлімдеді.
24 Мамыр, 2023
Еңбек саласындағы харассмент пен зорлық мәселесі
Соңғы кездері харассмент мәселесі қоғамда жиі көтерілетін тақырыптардың біріне айналды. Жұмыс орнындағы харассмент пен зорлық жеке тұлғаларға, қоғамға, отбасына, бизнеске зардабын тигізіп, оның салдары адамның өміріне, ар-ожданына, намысына, денсаулығына кері әсер етеді.
24 Мамыр, 2023
Хирургияның келешегі байыпталған конференция
Астана медицина университетінің ұжымы ғалым, хирург, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, елдегі хирургия және травматология мектебінің негізін қалаушылардың бірі, профессор Гилен Цойдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Медицинадағы, соның ішінде хирургиядағы жетістіктер қаузалған конференцияда сала мамандарын даярлауға қатысты мәселе қамтылды.
24 Мамыр, 2023
«ChatGPT» өмірімізді өзгерте ала ма?
Қазір қарқынды дамып жатқан әлемдік технология күнделікті өміріміздің маңызды бөлігіне айналды. Кейінгі жылдары пайда болған жаңа технологиялық жетістіктердің бірі чат-боттарды дамыту екені рас. Чат-боттар – пайдаланушыларымен сөйлесуді имитациялауға арналған компьютерлік бағдарламалар. Бұл ретте «OpenAI» жүйесінің «ChatGPT» өнімі чат-боттардың адам өмірін әртүрлі жолмен жақсарта алатынының тамаша үлгісі екеніне еш күмәніміз қалмады.
24 Мамыр, 2023
Дала дидарына кіреуке түспесе...
Көз ұшына қара ілінбейтін Жақсының жалпақ даласында жанға жайлы самал есіп, мың сан гүлдің хош иісі кеудеңді кернеп тұрар еді. Бүгінде ауа ластанып, дала бейберекет шашылған өлексенің қолқаны қабатын иісімен демігіп тұр.
24 Мамыр, 2023
Ұрпақты ұлттық тәрбиеге қалай баулимыз?
Бұрын тәрбие мен білім егіз деуші едік. Қазір сол егіздің сыңарының бірі дәріптеліп, екіншісі көп айтыла бермейді. Шын мәнінде, тәрбие – ізгі дүниенің бастауы. Соның ізімен білім мен ғылым жүрсе, қоғамда әділдік орнап, адамгершілік байрағы желбірейді.Халқымыз «Тәрбие табалдырықтан басталады» деп бекер айтпаған. Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады. Отбасында ұлттық тәрбиенің қайнарына қанып өскен баланың болашағы да зор. Оған көптеген мысал келтіруге болады. Одан кейін мектептегі тәрбиенің орны бөлек. Қазір біз осы екі тараптағы тәрбиені босаңсытып алдық. Сан ғасыр бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиеден де ажырап барамыз. Соның кесірінен қоғамда жеткіншектер арасында түрлі келеңсіз жағдай болып жүр. Әрине, бала тәрбиесінің жауапкершілігі өте жоғары. Осы тақырыпқа арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырдық. Оған «Қарашаңырақ» ұлттық тәрбие мектебінің жетекшісі Тұрар Шәкен, Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің бас сарапшысы Ақтоты Кемалова, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық ғылыми зерттеу университетінің кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Марал Есекешова, Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы №126 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самат Жұмаділ және «Онлайн отбасы» академиясының негізін қалаушы, кәсіби отбасылық психолог Ержан Мырзабаев қатысып, ой бөлісті.
23 Мамыр, 2023
Атам қазақтың ауызекі сөзінде «Жүйрік баптап, шайқалтып жорға мінген» деген теңеу бар. Мұндағы «жорға» ұғымы жылқының қозғалысын білдіретін жүріс түрі.
23 Мамыр, 2023
«Алтайдың ар жағынан келген ару»
Әсілінде сезімсіз ақын, мелодиясыз музыка болмайды. Өйткені әдемі әуен қандай да бір оқиғаны еске түсірмей-ақ, көкейде жүрген көп түйткілдің түйінін тарқата салатын құдіретке ие. Ал ұзақ жылдар бойы санаңнан кетпейтін ән – шын өнер. Себебі ол – өшпейтін, өлмейтін шығарма. Оған ешкімнің таласы жоқ шығар.
23 Мамыр, 2023
Ол сіздің балалық шағыңыздың балабақшасы. Албырт күннің сәулесін алақаныңызбен көлегейлеп, ала төбенің етегінде асық ойнаған балдәурен кезеңнің жалынды сәлемі. Ертегіге пара-пар шұғылалы сәттің жаңғырығымен біте қайнасқан аңқау да аңғал көңіліңіздің гүлдариясы. Ал, сіз оны ұмыттыңыз… Демек мөп-мөлдір жылдардың әуенін де жоғалтып алдыңыз деген сөз…
23 Мамыр, 2023
Венчурлық инвестицияға бетбұрыс
Елордада «Astana Venture Club»-тың болашағы зор технологиялық кәсіпкерлерге инвестиция құйып, қолдау көрсететін «бизнес-періште» қауымдастығының ресми ашылуы өтті. Оған инвесторлар, бизнес-қауымдастықтардың жетекшілері, венчурлық және инвестиция саласының мамандары, меценаттар мен еліміздегі IT-қауымдастықтың өкілдері қатысты.
23 Мамыр, 2023
Ел арасында кеңінен тарағаны соншалық, келе-келе авторы ұмытылып, халық әні атанып кеткен туындылар қазақта өте көп. Соның бірі – «Дударай». Бір қызығы, айтулы әнді күні бүгінге дейін Мәрия Жагорқызы Рекина жазды деп келдік. Ал шындығында солай ма? «Дударайды» Мәрия Жагорқызы жазбаса, басқа кім жазды?..
23 Мамыр, 2023
«Жәдігер жерде қалмасын!» акциясымен ақтөбеліктер облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына біраз құнды жәдігер тапсырды. Ел ішінде әлі күнге дейін ата-бабаларының «көзін» үйлерінде сақтап жүргендер көп. Соңғы жылдары қорға ұстаның көрігі, тары түйетін келі-келсап, алаша, әдемі өрнектелген сандық-кебеже сияқты тұрмыстық бұйымдар көптеп түсті.
23 Мамыр, 2023
Астанадағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында тағылымды бір шара өтті. Түркі әлемінің көсеміне айналған тұлғаның өзі пайдаланған үш дана мөртаңбасының түпнұсқасы аталған білім ордасындағы ұлт қайраткерінің музейіне салтанатты түрде табыс етілді. Мазмұнды шараға шоқайтанушы ғалым, Түркиядағы Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір және Шоқай әулетінің бүгінгі ұрпағы қатысты.
23 Мамыр, 2023
Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері тағайындалды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенттері болып Асқар Жұмаділдаев, Ақылбек Күрішбаев, Ләззат Ералиева, Такир Балықбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Мамыр, 2023
Абай облысына өрт сөндіру пойызы жіберілді
Өрт сөндіру пойызы Абай облысының аумағында өртті сөндіруге қатысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Мамыр, 2023
Басқа басылымдардан: Байланыс тереңдей түседі
Қытай қазіргі геосаяси тұрақсыздық кезінде Қазақстанмен қарым-қатынасын одан әрі тереңдетуді қалайды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сианьға сапармен келген Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа осындай ниетін білдірді.
23 Мамыр, 2023
Қойнауы «қара алтынға» толы Атырау облысына қызықпайтын инвестор жоқ. Алыс та жақын шет елдердің компаниялары әр саланы дамытуға инвестиция салуды қолай көреді. Өйткені облыс әкімі Серік Шәпкеновтің пікірінше, Атырау – өндіріске, логистика саласын өркендететін инвестициялық жобаларға үлкен мүмкіндік ашатын аймақ.
23 Мамыр, 2023