Редакция таңдауы
ҚызПУ-дың бұрынғы ректоры сотталды
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің бұрынғы ректоры 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикорға сілтеме жасап.
27 Желтоқсан, 2022
Жеңілдетілген автонесие: Көлік бәріне жетеді
Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Желтоқсан, 2022
Үкіметте жаңа әлеуметтік кодекс мақұлданды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа әлеуметтік кодекстің жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Желтоқсан, 2022
Ұлттық ғылым академиясының мемлекеттік мәртебесі қайтарылды
Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясы жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналады. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Желтоқсан, 2022
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде қазақтың белгілі қаламгері Дулат Исабековтің 80 жылдығына орай жазушымен кездесу болып өтті. Қалың көпшілік қаламгермен бірге қазақтың тағы бір классик жазушысы Бексұлтан Нұржекеұлымен де қауышты.
27 Желтоқсан, 2022
Тынық мұхитындағы домбыра-көпір
Қазақ қайда жүрсе де – қазақ. Ол болмысымен, мінезімен, тіпті іс-әрекетімен елден ерекше. Қазіргідей озық заманда өзге жұртпен терезесі тең тұрарлық деңгейдегі жетістіктерге жеткен қазақ баласын естісек, алыста болсақ та, тақым қысып, алақайлайтын болдық. Бұл сезім – бауырмалдықтың, тұтастықтың бір парасы.
27 Желтоқсан, 2022
Мұғалжар ауданы Ембі қаласының №7 қазақ орта мектебінде математик-ғалым Шәмші Айпановты еске алу іс-шарасы өтті. Кездесуге ғалымның жары Гүлжаухар Кәкенқызы, туыстары мен жерлестері қатысып, талантты ғалым туралы естеліктерімен бөлісті.
27 Желтоқсан, 2022
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөнінде отырыс өтті.
27 Желтоқсан, 2022
Деректер қазақ қарпінде «сөйлейді»
Байырғы Ақмола, Атбасар уездері тарихына қатысты деректер жетерлік. Әйтсе де, бұл – әлі жүйелі зерттелмеген мәселелердің бірі. Мұның ең басты себебі – құжаттар төте жазумен жазылған. Бүгінде төте жазуды оқитын адам некен-саяқ. Осы орайда Астана қаласының мемлекеттік архиві сақталған құжаттарды қазақ әрпіне көшіру үшін арабтанушылармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.
27 Желтоқсан, 2022
«Әлемнің жеті кереметі» деген тақырыппен таңғажайып құбылыстар арагідік әңгіме болып жатады. Мен әлемнің ең кереметі – қазақ ұлтының бүгінгі күнге аман-сау, ұлттық қасиетін жоғалпай жеткені дер едім. Сан ғасыр қанша қыспақ көрсе де, алпауыт империялар жер бетінен жойып жіберудің бар амалын қарастырып, соған айла-шарғысын, күш-қуатын сарқа жұмсаса да, «Аққа Құдай жақ болып», бәрінен аман қалыппыз. Құдайдың жақ болғаны сол, бізге сырттан келген удың бәрін құмға сіңген судай етіп, құрдымға құртып отыратын алпауыттарды беріпті. Соның бірі – бәрімізге қадірлі Рахаң. «Қадірлі» дейміз, тірісінде қасиетін таныдық па, жоқ па, оған уақыт төреші.
27 Желтоқсан, 2022
Зейнолла Қабдолов туралы жазу оңай емес екенін білемін. Алайда атына бала күнімнен қанық біртуар ғалым туралы өз ойымды оқырманмен бөліскім келді. Маған сөз өнері жайында Қабдоловтан артық мөлдірете жеткізген адам жоқ сияқты көрінеді.
27 Желтоқсан, 2022
Елімізде микроқаржы ұйымдарының әлеуеті артып келе жатыр. Бір жылда МҚҰ активтері 55 пайызға, ал несие беру көлемі 58 пайызға өсім көрсеткен. 2022 жылдың маусымындағы дерек бойынша елімізде 243 МҚҰ жұмыс істейді. Бұл 2021 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 12 пайызға көп.
27 Желтоқсан, 2022
Мұнай-газ саласының көрнекті тұлғасы Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин туралы сыр Тіршілікте байқайтынымыз – адам қандай асулардан асып, биік белестерге шықса да, мәртебелі билікке, ықпалды дәулетке қол жеткізсе де, қаншама жыл өтсе де әкесінің қанымен, анасының сүтімен берілетін тума қасиеттері аса өзгеріске түсе қоймайды. «Асыл адам айнымас» деген осы. Тектілік – адастырмас темірқазық. Қазақстан мұнай-газ саласының қарымды қайраткері Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдиннің тұла бойына біткен тума қасиеттері естігенді қызықтырады, көргенді қайран қалдырады.
27 Желтоқсан, 2022
Жанат Құрманов: Зейнетақы жүйесі – елдің экономикалық және әлеуметтік айнасы
Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының операторы – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ. Осы ретте «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Жанат ҚҰРМАНОВПЕН арадағы әңгіме азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері және Қордың сан алуан қызметтеріне қатысты бүкпесіз әрі ашық сипатта өрбіді.
27 Желтоқсан, 2022
Атырауда шағын аудан тұрғындары жылусыз қалды
Атырау қаласының Нұрсая шағын ауданында жылу беру тоқтатылды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Желтоқсан, 2022
Биыл Қазақстанға бес миллионнан астам шетелдік келді
Елге келгендердің жартысынан көбі Ресей азаматтары. Бұл дерекпен көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Желтоқсан, 2022
Қазақстанда 5G-ді кімдер пайдаланады?
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек ОКҚ брифингінде Қазақстанда 5G-ді кімдер қолданатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Желтоқсан, 2022
Қазақстандықтарға 402 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 402 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
26 Желтоқсан, 2022
Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшері қандай?
1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ төлейтін зейнетақының ең жоғары мөлшері 700 мыңнан астам теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Желтоқсан, 2022
Қайрат Боранбаевтың ісі сотқа жолданды
Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
26 Желтоқсан, 2022