Редакция таңдауы
Сенека: «Денесін шынықтыратын адамдар көп, жан дүниесін жетілдіретіндер өте аз» депті. Шын мәнінде, өмір бойы өзімен күресіп, ізденіс соқпағымен өмір сүретіндер сирек. Сондықтан да болар кейбір адамдардың жаны ұсақ уайым мен жүйесіз әдеттерге қамалған. Әрине, «өзінің кемшілігін білмейтін адам, оны болдырмауға тырыспайды». Рухани сарайын әлдеқашан бақылаудан қалған пенделер – дертті, күйкі жандар.
01 Қараша, 2022
Әуе билеттерінің тарифі қалай реттеледі?
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасы аясында Азаматтық авиация комитетінің өкілдері қазақстандық әуе компаниялардың жетекшілерімен кездесті. Оған Air Astana, Fly Arystan, Scat, Qazaq Air, «Южное небо» және «Оңтүстік» сынды авиа тасымалдаушылардың басшылары қатысты.
01 Қараша, 2022
Саяси трансформация: Бүгіні мен болашағы
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйытқы болуымен өткен «Қазақстанның саяси трансформациясы: бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы сарапшылар басқосуына қатысты.
01 Қараша, 2022
Әдетте халқымыз өрттен кейін шыққан көкті өртең дейді. Өңірде осыдан екі ай бұрын өртенген Аманқарағайды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Таяуда Қостанай – Әулиекөл автокөлік жолының бойындағы 20 гектар алқаптың күйген ағаштары оталып, орнына жолды жағалай қарағай, қайың көшеттері отырғызылды.
01 Қараша, 2022
Тоқыма өнеркәсібі тоқыраудан қашан шығады?
Мақта дақылын өсіретін еліміздегі бірден-бір өңір – Түркістан облысының шаруалары бүгінде баға мәселесін жиі көтеріп, наразылықтарын білдіруде. Алдын ала айта кетелік, мақташылар көтерген мәселе жергілікті билікке мәлім және облыс әкімі тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатыр.
31 Қазан, 2022
Қазақстан-Германия: маңызды жобалар
Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Германияның Сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен келіссөз жүргізді. Жиын барысында екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қазіргі жай-күйі мен оларды тереңдету мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселе бойынша уағдаластық жасалды.
31 Қазан, 2022
Дағдарысқа қарамастан құрылыс саласы ел экономикасының басты өрге сүйреуші күші болып қала береді. Жұмыспен қамтылғандардың 17 пайызы және нақты сектор кәсіпорындарының 42 пайызы дәл осы құрылыс саласында жұмыс істейді.
31 Қазан, 2022
Бүгін Еуразия ұлттық университетінде тарихшы-профессор, жазушы, газетіміздің белсенді авторы Тұрсынхан Зәкенұлының ғылыми шығармашылығына арналған «Шығыс өркениетін зерттеудің дәстүрі мен жаңа парадигмалары» атты халықаралық конференция өтеді. Ғалымның сиясы кеппеген «Он оқ ордасы» зерттеу мақаласын оқырманға ұсынып отырмыз.
31 Қазан, 2022
Қайраткер қаламында – қазақ тағдыры
ХХ ғасырдың бас кезінде ел арасында азаматтық үні қалыптасып, қайраткерлік қыры ашыла бастаған Ахмет Байтұрсынұлы бір ғана оқытушылық қызметпен ұлы мұратына жете алмасын түсінді. Орыс патшасының тағы шайқалып, дәурені аяқталар алмағайып заманда Ақаңның мұғалімдік жұмысын уақытша тоқтатып, журналистиканы таңдауына тура келді.
31 Қазан, 2022
Нарынның құмында туып, ел тарихында өрлігімен ізін қалдырған, өнерімен ел аузына іліккен, ұлтымыздың жыраулық өнері өкілдерінің бірі Алмажан Азаматқызы қазақтың өжет те қайсар қыздарының озық үлгісі іспетті. Ақын қыздың өлең-жырлары көп болған деседі. Алайда бүгінге жеткен жалғыз шығармасы – «Жетім қыз» атты поэма.
31 Қазан, 2022
«Қалғып кетпе, қазақы қағанатым!»
Қазіргі қазақ поэзиясының шоқтығы биік ақындарының бірі, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты Жүрсін Ерманның таңғы шықтай мөлдіреген өлеңдері ойшылдығымен, сыршылдығымен бірден баурап, оқырманды елітіп әкетеді. Оны басқа ақындардан даралап тұратын тағы бір қасиеті – шынайылығы болса керек. Ол не айтса да «жүрегінің түбіне кір жасырмай» ақтарылып жазады.
31 Қазан, 2022
Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі кезекті отырысы өтті.
31 Қазан, 2022
Алексей Цой жаңа қызметке тағайындалды
Бүгін Президент Іс Басқарушысының бұйрығымен Алексей Цой Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Республикасы ПІБ сайтына сілтеме жасап.
31 Қазан, 2022
Үндістандағы қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 141-ге жетті
Үндістанның Гуджарат штатында аспалы көпірдің опырылуы салдарынан қаза тапқандар саны 141-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Business Insider басылымына сілтеме жасап.
31 Қазан, 2022
Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды
Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.
31 Қазан, 2022
Жанар-жағармай бағасы ең жоғары қалалар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
31 Қазан, 2022
Дмитрий Легкий Мәжіліс депутаты болды
Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Халық партиясының» мүшесі Дмитрий Легкийді Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қазан, 2022
Біздегі шағын және орта бизнестің шаруасы бір түзеліп кете алмай-ақ қойды. Себеп – қаржыландыруда. Енді еңсе тіктей бергенде – пандемия, одан арылып қайта көктейін деп жатқанда геосаяси ауыртпалық келіп тізерлетіп кетті. Үміт – микроқаржылық ұйымдарда. Аталған қаржы ұйымдары экономикаға кредиттік қолдауды күшейтуде көп көмегін тигізіп жатыр. Соңғы бір жылда бұл нарықтың қарыз портфелі 58 пайызға артқан. Осының өзі МҚҰ-лар әлеуетінің кәдімгідей өскенін көрсетеді.
31 Қазан, 2022
5 миллионнан астам салымшы өтемақы алады
Қазақстандық банктер жеке тұлғалардың 2022 жылғы 23 ақпанына дейін ашылған теңгедегі депозиттері бойынша 10 пайыз көлемінде өтемақы (сыйлықақы) төлеуге өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда. Сыйлықақыны алу үшін салымшылар 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өтініш-келісім беруі керек.
31 Қазан, 2022
«Лу Бань шеберханасы» іске қосылмақ
Қазақстан мен Қытай арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселесі жақында ҚХР-да талқыланып, екіжақты келіссөз нәтижесінде елімізде Қытайдың «Лу Бань шеберханасы» ашылатын болды.
31 Қазан, 2022