Редакция таңдауы
Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапханасында 8 қыркүйек – Халықаралық сауаттылық күніне арналған «Қағазға тіл бітірген...» атты мазмұнды көрме болып өтті. Мәдени іс-шараға халықаралық дипломатиялық корпус пен оқу орындарының, қоғамдық және академиялық кітапхананың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
12 Қыркүйек, 2022
Рим Папасының мессасына 3 мыңнан астам адам қатысады
Рим Папасы Францисктің қатысуымен өтетін мессаға 3 мыңнан астам адам қатысады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2022
Қостанай облысында бюджеттен 96 млн теңге ұрланған
Қостанай облысындағы қаржы мониторингі агенттігінің департаментінде 96 млн теңге бюджет қаражатының ұрланғаны туралы хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2022
Еңбекке қабілетті 9 млн қазақстандық тегін курстардан өте алады
Қазақстанда Әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде азаматтарды жаппай оқыту және білім беру сапасын жақсарту негіздері қалыптастырылып, заңнамалық деңгейде бекітіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
12 Қыркүйек, 2022
Елордада Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында бүкіл отбасы үшін ғылыми демалыс өтті. Елімізде алғаш рет өткізілген бұл PRO.NRG FEST ғылым, өнер және технологиялар фестиваліне жиналғандардың қатары қалың болды. Оған 4 мыңнан аса қатысушы жиналды. Бұл Қазақстанда STEAM-білімді дамытатын «Caravan of Knowledge» білім беру қорының бастамасы бойынша жүргізілді.
12 Қыркүйек, 2022
«Бәйтеректің» 20 жылдығына – 20 күй
Бас қаламыздың сәнін келтіріп, сымбатын арттырып тұрған зәулім сарайлар жетерлік. Әр ауданның өзіне тән ерекше ғимараттары да бар. Соның бірі – 2002 жылы 29 тамызда есігін айқара ашқан елордамыздың символы – «Бәйтерек» монументіне биыл 20 жыл толып отыр. Балалар жылының аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, «Алтын домбыра» ұлттық өнер орталығы және «Бәйтерек» монументі бірлесіп, «Бәйтеректің» 20 жылдығына – 20 күй атты іс-шара ұйымдастырды.
12 Қыркүйек, 2022
Съездің басты миссиясы – тыныштық пен тұрақтылық
14-15 қыркүйекте елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне дайындық кезеңі толығымен аяқталып, бағдарламасы мен баяндамашылардың құрамы жасақталды. Съездің негізгі тақырыбы – «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі».
12 Қыркүйек, 2022
Тарихта есесі кеткен, тәуелсіздік көшіне кенжелеп жеткен ел едік. Кешігіп те болса қол жеткен тәуелсіздікке халық талабы да толағай. Үш ғасыр ұдайы еңсені езіп мойнында салпақтаған отарлық қамытынан кеше құтылған халық. Көңіл-күйін осылай түсінеміз. Халық енді терезесі тең делінген әлем елдеріне қарайды. Қазақстанды солармен салыстырады. Сөйтсе бізде анау да жоқ, мынау да жоқ! Содан жан дауысы шығады.
12 Қыркүйек, 2022
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазмедиа орталығы», Qazaqstan телерадио корпорациясы және «Хабар» агенттігінің ұжымдарымен кездесіп, журналистердің жаңа маусымға дайындықтарын пысықтап, алда атқарылатын жобалар жөнінде пікірлесті.
12 Қыркүйек, 2022
Дінаралық диалогті дамыту алаңы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Сұхбат барысында ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарына және әлеуметтік-саяси реформаларға тоқталды. Сонымен қатар Палата Спикері алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ерекшеліктерін де атап өтті.
12 Қыркүйек, 2022
Жастарды қолдаудың жаңа бағыты
Қазақ қоғамында әр буынның өз орны бар. Қарттардың қадірін арттырып, төрден орын береді. Бағалы ой, баталы сөз айтады деп аузына қарайды. «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деп әже мен ананың абыройын асырады. Олардың мейірім махаббатына теңесетін байлық жоқ деп бағалайды. Келер келешегіміз, болар болашағымыз деп жастарға үлкен үмітпен қарайды. Өкшемізді басады деп өнегесін үйретеді.
11 Қыркүйек, 2022
Кинематографияда қандай өзгеріс болады?
Мәдениет және спорт министрлігі қазақ киносын қолдау шараларын кеңейтуді көздеп отыр. Мысалы, енді қаржыландыруды тек ЖШС немесе қоғамдық қорлар ғана емес, жеке кәсіпкерлер де алатын болады. Түзетудің мақсаты – өз ісін жаңа бастаған режиссерлерді, дебюттік және фестивальдік жұмыстарды қолдау.
11 Қыркүйек, 2022
Елордадағы Достық үйінде «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ Орталық кеңесінің отырысы өтті. Алқалы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы кеңінен талқыланды.
11 Қыркүйек, 2022
Таяу күндері елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІІ съезіне жер жаһанның түкпір-түкпірінен дінбасылар жиналмақ. Солардың қатарында әл-Азһар университетінің Жоғарғы имамы Мұхаммад Ахмад ат-Тайеб те бар. Осы орайда, Ислам әлемінің ең жоғары пәтуа шығарушы институт саналатын әл-Азһар мешіті мен университетінің басшысы жөнінде аз-кем мәлімет беруді жөн көріп отырмыз.
11 Қыркүйек, 2022
Amanat партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты жасақтаған волонтерлік топтар Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен және эвакуацияланған тұрғындарға көмек көрсетіп, белсенді жұмысын жалғастырып келеді.
11 Қыркүйек, 2022
Осыдан тура бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өткен болатын.
11 Қыркүйек, 2022
Бәсекеге қабілетті маманға сұраныс жоғары
Президенттің халыққа Жолдауы қоғамның барлық саласын жаңғырту бағыттарының жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін анықтап берді. Жолдауда қойылған нақты міндеттердің индикаторлары еліміздің 19 миллионнан астам халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуды көздейді.
11 Қыркүйек, 2022
Зиябек Қабылдинов: «Ахаңды әлем танитын уақыт келді деп ойлаймын!»
Жеке адам жанынан, отбасы тұғырынан маңызды орын алу бар да, сонымен қатар тұтас ұлт руханиятының шежіресіне сара жол салу бар. Ахмет Байтұрсынұлы сондай күрделі тұлғалар сапынан. Уақыт өткен сайын Байтұрсынұлының білім мұнарасы биіктеп, елшіл мұрасы темірқазыққа айналды. Осы орайда Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Зиябек Қабылдиновпен әңгімелескен едік.
11 Қыркүйек, 2022
Жамбыл облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Жамбыл облысында ірі жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Қыркүйек, 2022
Ұлттық Комиссия сарапшылары ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша зерттеу қорытындыларын ұсынды
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын қорғау мәселелерін және ана мен бала өлімінің проблемаларын қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қыркүйек, 2022