Редакция таңдауы
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Жаңа оқу маусымы жақындағанда бір жаңалық жылт етті. Балалар жылында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және т.б. санаттағы қолдауды қажет ететін оқушыларға қыркүйектің қарсаңында берілетін материалдық көмек көлемі артты. Әрине, қуанышты жағдай, бірақ мұндай көмек бәріне бірдей берілмейді. Айталық, сондай көмек ала алмайтындардың арасында көпбалалы отбасылар бар. Оның үстіне, жығылғанға жұдырық, қымбатшылық та қатты қысып тұр. Осы орайда мектеп тауарларының құнына шолу жасап, мәселеге тереңдеп көрдік.
14 Тамыз, 2022
Қытай бастамасынан бас тартады
Қытайдың Шығыс Еуропаға арналған «16+1» бастамасынан тағы екі ел бас тартты. Бұл жолы Эстония мен Латвия жобадан шығатынын мәлімдеді. Балтық елдері бұл қадамды Бейжің билігінің адам құқықтарын сақтамауымен түсіндіреді. Осылайша, Шығыс Еуропа елдері біртіндеп Қытайдың қаржысы мен ықпалынан бас тартып жатыр.
14 Тамыз, 2022
Бүгінде Қазақстан және Орталық Азия елдері үшін геосаяси және геоэкономикалық сын-қатерлер өте өзекті болып отыр. Сарапшылар халықаралық терроризм қауіп-қатері, көші-қон және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін кейінге қалдыруға болмайтынын айтады. Соның ішінде Ауғанстандағы тұрақсыздық одан әрі өршіп баратынына алаңдаушылық білдіріп отыр. Ондаған жылға созылған қақтығыс халықтың әл-ауқатын әлсіретіп жібергені белгілі. Ал билік басына талибандар келгелі жағдай тіпті ушыға түскен. Енді ауған тұрғындарының болашағы не болмақ? Бүгінде Қазақстан және Орталық Азия елдері үшін геосаяси және геоэкономикалық сын-қатерлер өте өзекті болып отыр. Сарапшылар халықаралық терроризм қауіп-қатері, көші-қон және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін кейінге қалдыруға болмайтынын айтады. Соның ішінде Ауғанстандағы тұрақсыздық одан әрі өршіп баратынына алаңдаушылық білдіріп отыр. Ондаған жылға созылған қақтығыс халықтың әл-ауқатын әлсіретіп жібергені белгілі. Ал билік басына талибандар келгелі жағдай тіпті ушыға түскен. Енді ауған тұрғындарының болашағы не болмақ?
14 Тамыз, 2022
Назгүл Естеусизова: Міндет – коллекторлық қызмет нарығын дамыту
Қазақстандағы проблемалы кредиттер портфелінің көлемі ұдайы өсіп барады. Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, екінші деңгейлі банктердегі мерзімі 90 күннен асқан кредиттер 3,6 пайызды немесе 769,7 млрд теңгені құрап отыр. Биылғы жыл басынан бері бұл көрсеткіш 15 пайызға ұлғайған. 60 күннен аса мерзімі өткен қарыздардың көлемі 87,4 млрд теңгені құрап, 2022 жылғы қаңтардан бастап бұл сома 84 пайызға артқан. Сондай-ақ еліміздің микроқаржы ұйымдарындағы 60 күннен асқан берешегі бар проблемалы микрокредиттердің көлемі шамамен 2 пайызға немесе 15 млрд теңгеге тең, ал NPL 90+ яғни тоқсан күннен асқан қарыз – 7,5 пайыз немесе 60 млрд теңгеден асқан. Проблемалы кредиттердің көбеюі өз кезегінде коллекторлық агенттіктердің жүктелімін арттырды. Осыған орай, «Қазақстанның Ұлттық коллекторлар палатасы» одақ түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ) төрағасының міндетін атқарушы Назгүл Естеусизова «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беріп, қазіргі кездегі коллекторлардың жұмысы мен олардың қандай әлеуметтік маңызды қызмет атқаратыны жайлы айтты.
14 Тамыз, 2022
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Ауыр статистика – елімізде жыл басынан бері 1 200-ге жуық адам жол апатынан көз жұмған. Ал 10 мыңнан астамы ауыр жарақат алып, аурухана төсегіне таңылған. Мәселен, бір ғана Батыс Қазақстан облысында соңғы 7 айда 170-ке жуық жол-көлік апаты тіркелсе, соның салдарынан 56 адам қаза тауып, 200-ден астам жолаушы жарақат алған.
14 Тамыз, 2022
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Бүкіл Қазақстанды қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің зұлматты жалыны Оңтүстікті, оның ішінде Мырзашөл-Шардара өңірін де айналып өтпегені архив деректерінен белгілі. Бұл жылдары Мырзашөл-Шардара аймағы «Бетпақ дала» (Голодная степь) деп аталып, Түркістан өлкесіне қарасты Жызақ уезінің құрамына енген екен.
14 Тамыз, 2022
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетовтің Абылай хан бабамыздың балауыздан жасаған бейнесі ерекше әсерге қалдырады. Өз кейіпкерінің мүсінін шынайы кейіпке жақындатып, дәл осындай нақты дәлдікпен жасау – үлкен шеберлікті талап етеді. Шындығын айтқанда, бұл екінің бірінің қолынан келмейді.
14 Тамыз, 2022
Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі түрлі кезеңдерден тұрады, сол үшін оның шығармашылығы да әр уақыттың айнасы іспетті. 1919 жылы оның отбасы Жаркентке көшеді. Әне сол кезде болашақ суретші өзінің алғашқы картиналарын салып, ертеңге үлкен үмітпен қарайды. Ол үшін сурет мінсіз әлем, ал әлем керемет сурет сияқты елестеген болса керек. Қоғамдық құбылыстар, кездескен қиыншылықтар, әртүрлі саяси жүйелер қылқалам алдында еш қауқарсыз екенін сезінген Әбілхан мәңгілік өнер аспанында жарқырап тұратын туынды салуға әуестенгенін оның әр типтегі еңбектерінен көре аламыз.
14 Тамыз, 2022
Халық әндері ішінде әуезімен, жалпақ даладай кең атмосферасымен санада қалып қояр тұнығы болады. Тіпті көңілде жатталып қалып, көпке дейін естен шықпай жүретіні де бар. Сол әннің бірі һәм бірегейі – «Балапан қаз». «Балапан қаз» біршама уақыт халық әндерінің құрамына еніп, авторы жайлы, тарихы жайлы сөз қозғалмай келді. Алайда кейінгі жылдары жүрек шаншытар әуезді саз терең зерттеліп, шығу тарихы жайлы нақты мәлімет айтылып жүр.
14 Тамыз, 2022
Нұр-Сұлтанда Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына арналған көрме ашылды. Қала тұрғындары ақынның поэтикалық және философиялық мұрасын, абайтанушы ғалымдардың еңбектерін және ұлы ойшылдың шығармаларының аудармаларын оқып шықты.
14 Тамыз, 2022
Франс Снайдерс. Бізге беймәлім суретші. Ата-тегі – фламанд. Барокко стилінің нақ шебері. Иә, бізді қызықтырған осы өзгеше стиль. Оның картинасында өмір қайнап жатады. Қас-қағым сәт қана емес, бір адамның бар ғұмырынан сыр тартады.
14 Тамыз, 2022
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Қоғам қайраткері, саясаткер Балташ Тұрсымбаев 76 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Тамыз, 2022
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Бүгін елордада Ironman халықаралық триатлон жарыстары өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Тамыз, 2022
Атырау облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті
Атырау облысында 2011 жылы туған қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Тамыз, 2022
Бір тәулікте 1239 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте 1239 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегіне сілтеме жасап.
14 Тамыз, 2022
Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот 5 қыркүйекте жалғасады
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 5 қыркүйекте қайта жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Тамыз, 2022
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа өндірістік және әлеуметтік нысандар құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
13 Тамыз, 2022
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Йеменде нөсер жауын мен су тасқынынан 77 адам қаза тапты. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының баяндамасында осындай деректер келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
13 Тамыз, 2022
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетикадан Қазақстан спортшысы Зульфия Чиншанло Түркияда өтіп жатқан жарысқа қатысып, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Тамыз, 2022