Оқи отырыңыз
Сапа нарығында бәсекелестікке жол ашылады
Бүгінде ғаламдық технологиялық үдерістердің нәтижесі білікті мамандар көрсеткішіне байланысты айқындалуда. Осы орайда ел экономикасындағы сапалық көрсеткіштерді арттыруда стандарттау және метрология мамандарына қойылатын талаптар күшейіп келеді. Сәтбаев университетінде ашылған KazStandard Academy халықаралық талаптар үдесінен шыға отырып, ел нарығында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлау ісіне басымдық беріп отыр.
06 Шілде, 2022
Мерейтойы туған жерінде атап өтілді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Қазақ университеті» баспа үйінің бас редакторы, белгілі ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Кәдірбек Құныпияұлының 60 жасқа толуына орай, туған жері Кеген ауданында шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, жазушы Нұрғали Ораз және қаламгерлер мен өнер қайраткерлері қатысты.
06 Шілде, 2022
Павлодарда алғаш рет егіздердің фестивалі өтті. Қызықты шарада үшемдер де төбе көрсетті. Тұрғындар ерекше жандардың отбасылық мерекесін тамашалау үшін алыс-жақыннан ағылды.
06 Шілде, 2022
Кітапхана қызметінде жұмыс істейтін жас мамандардың жалақысы 65 мың теңге. Лайықты еңбектің қайтарымы болмағандықтан, жастар бұл саладан кетуге мәжбүр. Бұл туралы Семейдегі Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері өңірге келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Әмірхан Рахымжанов пен Жанат Омарбековамен өткен кездесуде айтты.
05 Шілде, 2022
Арқаның төсінен бой көтерген жаңа қала, жаңа астана ұлт руханиятында да жаңа бір толқын қалыптастырды. Оған бүгінде елордада тұратын Жазушылар одағының 150-ден астам мүшесі дәлел бола алады. Кейінгі отыз жылдағы бас қаланың тыныс-тіршілігіне үңілсек, ақжолтай мәдени-әдеби жаңалықтар көп-ақ. Мәселен, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Нұр-Сұлтан кітапханасы» сериясымен жарық көрген 30 кітапты айта аламыз. Аталған жоба Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет іске асқан еді.
05 Шілде, 2022
Интернет дүкендерден абай болған жөн
Тұтынушының құқын қорғау мәселесі елімізде әлі күнге күн тәртібінен түсер емес. Керісінше, электронды сауда шыққаннан бері бұрынғыдан да күрделеніп кетті. Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне түсіп жатқан арыз-шағымның көбейіп бара жатқанынан осыны көруге болады.
05 Шілде, 2022
Ерекше балаларға көмектесетін мамандар көбейді
Еліміздегі мектептерде арнайы маманға жаңа штат ашылды. Соған сәйкес енді орта білім беретін оқу ошақтарындағы ерекше балалардың бейімделуіне көмектесетін педагог-ассистенттердің саны екі есе өсті. Бұған дейін 700-дің жобасында маман болса, қазір олар 1 454 адамға жетіп отыр.
05 Шілде, 2022
Қазақ халқын қынадай қырған ашаршылық тақырыбының айналасында әлі де анықталмаған тарихи деректер, шұқшия қарауды қажет ететін жайттар аз емес. Мемлекет басшысы өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында осы мәселеге айрықша тоқтала отырып: «Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда халқымыздың саны әлденеше есе көп болар еді. Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді» деген болатын.
05 Шілде, 2022
Таяуда UFC-дің ресми сайтында аралас жекпе-жектен өткен жарыстарда ешкімнен жеңілмеген сегіз спортшының есімі жария етілді. Сол тізімде біздің Шавқат Рахмонов та бар. Жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақтың өр мінезді ұлы үздіктер рейтингінде екінші орынды иеленуде.
05 Шілде, 2022
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры әртістері Қала күні қарсаңында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, қарттарға мерекелік көңіл күй сыйлап қайтты.
05 Шілде, 2022
Ақтаудағы «Домбыра-дастан» акциясы
Елімізде шілденің бірінші жексенбісі көне музыкалық аспап – домбыра мерекесін атап өтеді. Бұл күн қазақстандық қоғамды мәдени мұраның құндылықтары мен жасампаз идеяларының айналасына топтастыру мақсатында белгіленген болатын.
05 Шілде, 2022
Алакөлдегі өрттен 17 ғимарат жанып кетті – ТЖМ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Шілде, 2022
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Қазгидромет синоптиктері 5 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Шілде, 2022
Алакөлде демалыс орны өртеніп, 7 адам зардап шекті
Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағасындағы демалыс базасында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Шілде, 2022
Арқалық қаласының орталығында Ұлттық домбыра күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында халық аспаптар оркестрі мен қала тұрғындарынан құралған 1000 адамдық оркестр өнер көрсетті.
05 Шілде, 2022
Ертең елордадағы «Қазанат» атшабарында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қала күніне орай бәйге түрлерінен «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтеді.
05 Шілде, 2022
Органикалық қалдықтарды өңдейді
«Жасыл даму» акционерлік қоғамы Француздың Syctom компаниясы мен бірлесіп, Ақмола облысының Ақкөл ауданында органикалық (тамақ) қалдықтарды шіріту әдісімен өңдейтін жобаны биыл іске қосады.
05 Шілде, 2022
Жалған шот-фактура жарға жықты...
Соңғы уақытта Павлодар облысында тіркелген алаяқтық фактілердің сюжеті криминалды фильмдерден кем емес. Екібастұзда полиция формасын киіп, тұрғындардың ұялы телефонын тексеру кезінде онлайн несие ресімдеген пысықайлар ұсталған еді. Жақында жалған шот-фактуралар жасаумен айналысқан екі айлакер құрықталды.
05 Шілде, 2022
Конго-Қырым безгегіне 15 адам шалдыққан
Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққандар саны 15-ке жетіп отыр. Оның 8-і зертханалық жолмен нақтыланғанын жеткізген сала мамандары облыс тұрғындарын зиянкестерден қорғанып жүруге шақырды. Олардың айтуынша, сырқаттанғанның көпшілігі ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.
05 Шілде, 2022
Жастарға арналған алғашқы ұлттық жалпыреспубликалық онлайн еңбек жәрмеңкесіне 1,4 мыңнан астам адам қатысты. Жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына орналасуға ниет білдірген азаматтардың саны 4 мыңнан асты.
05 Шілде, 2022