Оқи отырыңыз
Электронды еңбек биржасы бір айда 87 мың бос жұмыс орнын жариялады
2022 жылғы шілдеде Электронды еңбек биржасында 87 мың бос жұмыс орны және 70,6 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 30%-ға төмендеді, ал өзекті түйіндемелер саны 18%-ға артты. Сондай-ақ еңбек нарығының маусымдық ерекшеліктері есебінен біліктілігі төмен кадрларға сұраныс қысқаруда.
29 Тамыз, 2022
Жарлысу жарамды суға жарымай отыр
Жарлысу ауылының халқы ауыз суға жарымай отыр. Елді мекенге ауыз су жүйесін жүргізуге жүздеген миллион қаражат жұмсалғанымен, ауыл жұрты ауыз судың қызығын көре алмай қамығып жүр. 2020 жылы аяқталған құрылыс жұмыстарынан кейін берілген су ішуге жарамсыз болып шыққан.
29 Тамыз, 2022
Биыл 34 мектеп пайдалануға беріледі
Түркістан облысында білім саласына бөлінген қаржы былтырғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскен. Өңірде салынып жатқан 57 мектептің 34-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін, оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында облыста кезең-кезеңімен 199 мектеп салу жоспарланған.
29 Тамыз, 2022
Бұл – өңірдегі тұңғыш тамыз кеңесі. Жетісу өз алдына дербес облыс болғалы білім саласының мамандары бір шаңырақ астында алғаш рет бас қосып отыр. Болашақтың баяны, келешектің кепілі мұғалім берген сапалы білімге байланысты. Биыл білім саласының бюджеті 138 млрд теңгеден асып отыр. Бұл – әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың шамамен 65 пайызы. Демек жетісулықтар басым бағытты білім саласына бұрып отыр деген сөз.
29 Тамыз, 2022
Облыс орталығындағы көрнекті, әсем аллеяға Кеңес Одағының Батыры, жалынды ақын, әскери тілші Мұса Жәлелге ескерткіш қойылды.
29 Тамыз, 2022
Шоқжұлдыздай шағын ауылдың күзгі кейпі көңіл тояттарлық екен. Әр үйдің маңындағы етек-жеңі кең пішілген, еңселі мал қораларының жанына қоянжон маялар үйіліпті. Қарағаштың етегіндегі кең алқаптың үстінде күзгі орақтың лебі еседі. Береке-бірліктің, ырыс пен ынтымақтың жан жадыратар лебі. Ат басын әдейілеп іздеп келген нағашымыздың үйіне тірегенбіз. Мейман күтіп жатқан жайы бар екен. Біз үстінен түстік. Көптен көрмеген нағашымыз құшақ жайып қарсы алды.
29 Тамыз, 2022
Баянауылдағы «Тотия» тауы бүккен құпиялар мен Ақтоғай өңіріндегі тарихи тұлғалар – зерттелмей, көпшілікке мәлім болмай келе жатқан тың тақырыптар. Жергілікті өлкетанушылар аймақ ғалымдары осы бағыттарда ізденіп, еңбектер жазуын сұрап отыр. Өлкедегі петроглифтер мен жәдігерлер топтастырылған түрлі түсті кітап шығару, археологиялық зерттеулер жүргізу мақсат етілуде.
29 Тамыз, 2022
Үздіктер тізімінен өз өрендерімізді көргіміз келеді
Аралас жекпе-жектен әлемдегі ең белді промоушен – UFC өздерінің ең үздік спортшыларының жаңартылған рейтингін жария етті. Бұл жерде ешкімнің салмақ дәрежесі ескерілген жоқ. Өкінішке қарай, олардың тізімінде, әзірше дейік, қазақ елінің өкілдері байқалар емес.
29 Тамыз, 2022
Түркістанда құнды мұра, қасиетті орындар мен тұрақты туризм бойынша «Ескерткіштерді қорғайтын халық» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Ауқымды жиынға Еуропа мен Түркітілдес – барлығы 15 мемлекеттің аты әлемге мәшһүр ғалымдары қатысады. Басқосудың мақсаты – ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің тұлғасын төрткүл дүниеге таныстырып, мұраларын насихаттау.
29 Тамыз, 2022
Кәсіпкерлердің спорт саласын қолдауға айрықша көңіл бөліп жүретіні қуантады. Мұның өзі ел ішінде бұқаралық спорттың қанат жаюына игі септігін тигізеді деп сеніммен айтуға болады.
29 Тамыз, 2022
Өткен тәулікте 445 адам коронавирус жұқтырды
Бұл туралы Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.
29 Тамыз, 2022
COVID-19: әлемде 6,48 млн адам көз жұмды
Д. Хопкинс университетінің дерегінше, сенбі күні әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 600 млн адамға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz interfax.ru-ға сілтеме жасап.
28 Тамыз, 2022
Қосшыда кәріз шұңқырынан 6 жасар бала өлі табылды
Қосшы қаласында кәріз шұңқырынан алты жасар бала өлі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Тамыз, 2022
Елордада Конституция күні қалай атап өтіледі
Биыл Конституция күніне орай астаналықтар 28, 29 және 30 тамызда демалады. Мереке күндері мәдениет, спорт, білім беру ұйымдары қала тұрғындары мен қонақтарына бірқатар түрлі іс-шара дайындайды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
27 Тамыз, 2022
Жәнібек Әлімханұлы WBO бойынша әлем чемпионы атанды
Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) ресми түрде WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) нұсқасы бойынша әлем чемпионы деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Тамыз, 2022
Керекудегі емдеу мекемелерінің қызметіне шағым айтушылардың саны өсіп келеді. Емделушілер стационарларға берілетін жолдаманы ұзақ күтетіндерін айтады. Жыл басынан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» өңірдегі филиалында тіркелген өтініштер саны былтырғымен салыстырғанда 62,2 пайызға ұлғайған.
27 Тамыз, 2022
Өткеннен сабақ алмау – енжарлық
Уақыт өткен сайын бала қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігі артып барады. Таяуда Абай облысының Үржар ауданында жантүршігерлік жағдай орын алды. Дәлірек айтқанда, 9 жастағы қыз баланы елуді еңсерген азаматтың қорлағаны анықталды.
27 Тамыз, 2022
Жаңа оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысында 472 мектеп білім береді. Бұл – шамамен мың адамға бір мектеп деген сөз. Оқушылардың саны – 74 мың. Былтырғы оқу жылында бұдан сәл артық болған, бірақ биыл азайып қалды деп байбалам салуға болмайды. Биылғы мектеп бітіргендерден бірінші сыныпқа келушілердің саны әзірге аздау, алайда оқу жылы басталғанша мектеп табалдырығын аттаушылар саны көбейе түсуі мүмкін. Әрине, мектепке алу жөніндегі өтініштерді қабылдау 1 тамызда аяқталған, бірақ көші-қон мәселесімен жүрген ата-аналардың мәселесі түсіністікпен қаралады. Сонда былтырғы оқушылар мен биылғылардың саны шамамен бірдей болады. Әзірге, біріншіге баратын балдырғандар саны – 7 418.
27 Тамыз, 2022
Талдықорғанда «Қызылжар шайқасы: Құдайназар батыр бастаған 100 сарбаздың тарихи рөлі» тақырыбында облыстық тарихи-танымдық конференция өтті. Қазақ-жоңғар соғысы тұсында Жетісу жері үшін күрес талай боздақтың жанын қиып, ерлік істердің өнегесін қалдырды. Бірақ соның көбі зерттелмей, тек ел ішінде аңыз болып айтылып жүр.
27 Тамыз, 2022
Ядролық медицина: Өмірді ұзартуда пайдасы көп
Былтыр Семейде Ядролық медицина және онкология орталығы ашылды. Бұл отандық денсаулық сақтау саласындағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Оның артықшылығы – орталықтағы жоғары технологиялық жабдықтардың көмегімен мамандар түрлі ауыр дертті ерте анықтап, сапалы ем көрсетуге мүмкіндік алып отыр.
26 Тамыз, 2022