Редакция таңдауы
Адамзат тарихына үңілсеңіз, есепсіз соғыстар, қақтығыстар барысында жеңуші жақтың тонаушылық әрекеттері, контрибуция есебінде қымбат заттарды тартып алуы негізінде небір адам қолынан туындаған асыл заттар бір елден бір елге көшіп отырғанын байқайсыз. Мұнан басқа контрабандалық жолмен де, авантюрист қазына іздеушілер мен қазіргі күнгі «қара археологтер» деп аталатындардың тапқанын шет елдерге сатуы арқылы да ежелгі Мысыр мен Таяу Шығыс елдерінен, Үндістан мен Қытайдан, Орталық Азия қалалары мен далаларынан есепсіз жәдігерлер қолды болып, дамыған елдердің музейлерінен немесе бай коллекционерлердің жеке қорларынан орын тапты. Түркістандағы Ясауи кесенесінен қолды болған құндылықтардың ең бір асылы туралы «Әзірет сұлтан» қорық мұражайының қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Марат Тұяқбаевпен кездесіп, әйгілі Луврдағы шырағданның онда қалай барғаны және оны елге қайтарудың қандай қисынды жолдары бары төңірегінде пікір алысқан едік.
06 Қазан, 2022
Партия тұғырнамасы: «Адам – мемлекеттің басты байлығы»
Елордада «Аmanat» партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтіп, аманаттықтар кезектен тыс Президент сайлауына өз үміткерін – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Партия мүшелері Қазақстан Президентінің соңғы жылдардағы қиын-қыстау кезеңде атқарған жүйелі жұмысын атап өтіп, алдағы уақытта да реформаларды нәтижелі жүзеге асыратынына сенім білдірді.
06 Қазан, 2022
Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
06 Қазан, 2022
Нобель әдебиет сыйлығын Энни Эрно алды
Әдебиет саласы бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы 82 жастағы француз жазушысы Энни Эрноға бұйырды. Бағалау комиссиясы оның шығармашылығын «жеке жадтың және ұжымдық шектеулердің тамырын ашуда батылдық пен ептілік танытқаны үшін» бұл сыйлыққа лайық деп таныды.
06 Қазан, 2022
Елімізде демографиялық ахуал жақсарып келе жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында Президент елдегі демографиялық ахуал жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2022
Қоғамда білім үстемдігін қалыптастыратын кез келді - Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында Мемлекет басшысы қоғамда заңдылық пен тәртіптің қатаң сақталуына баса мән беретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2022
Әлі де ауқымды жұмыс атқаруымыз керек – Президент
Мемлекет басшысы өзін қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2022
Сыбайлас жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайды - Президент
Мұндай мәлімдемені Мемлекет басшысы өз кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2022
Ақбөкендерді жаппай атуға жол берілмейді - министрлік
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақбөкендердің санын реттеу мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2022
Еңбек инспекторлары 16 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады
Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 696 кәсіпорнында 17,4 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 982,1 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2022
Елдос Сметов әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
06 Қазан, 2022
Президент сайлауы: «АМАNАТ» Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
«АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қазан, 2022
Құрманғазы күйлері – қазақтың салқар даласын, паң даласын еске салады. Тегеурінді, жорғалаған күйлер жан азығы, көңіл шипасы. Әр адамның өмірбаяны болатыны сынды, әр күйдің өз өмірі, аңызы болары айқын. Ендеше, күйшінің қадау-қадау күйлерінің аңызы мен ақиқаты аралас тарихына көз жіберелік.
06 Қазан, 2022
Демократиялық өзгеріс көрсеткіші
Қытай халқында «Өзгеріс дәуірінде өмір сүруден жаманы жоқ» деген сөз бар. Алайда бұл сөзді сәл өзгертіп, оны қазіргі шындыққа сәйкес қолданғым келеді. Қиындық – жаңа мүмкіндік уақыты! Егер сіз дұрыс өмірлік толқынға түссеңіз, онда бұл толқын ынталандыру мен өмірлік мотивация береді.
06 Қазан, 2022
Жолды жөндеу экономикаға серпін береді
Ел Президентінің қазыналы Қарағанды өңіріне келіп, өлке экономикасына, әлеуметтік саласына тоқталып, бірнеше нақты тапсырма беруі – өңір дамуына серпін берері күмәнсіз. Өйткені жұртшылықпен кездесуі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысын дамытудың нақты тетіктерін атап көрсетіп, Үкімет пен облыстық әкімдікке тапсырмалар берді.
06 Қазан, 2022
Каспий теңізіне қатысты құжат ратификацияланды
Кеше Спикер Ерлан Қошановтың төрағалығымен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті. Жиын барысында Каспий теңізіне қатысты заң жобасы мақұлданды.
05 Қазан, 2022
Елордада өткен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс Х съезінде ұйым өкілдері алдағы президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтындарын мәлімдеді.
05 Қазан, 2022
Umai ұлттық сыйлығы өнер саласындағы үздіктерге беріледі
Биыл тұңғыш рет отандық мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдау, дамыту және насихаттау мақсатында Umai ұлттық сыйлығы тағайындалған еді. Жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайтын сыйлықта төрт номинация бойынша 19 жүлде табыс етіледі. Атап айтсақ, «Театр өнері», «Музыкалық орындаушылық өнер», «Хореографиялық өнер», «Театрдағы бейнелеу өнері». Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өнер саласындағы алғашқы ауқымды сыйлықтың шарттары мен мәдениет саласындағы басқа да жобалар талқыланды.
05 Қазан, 2022
Бесінші қазан қазақтың аса көрнекті ақыны Есенғали Раушановтың туған күні. Бекзат жырларымен оқырманын қуантқан ақын арамызда болса 65 жасқа толар еді. Құстың да тілін білген Раушановтың өлеңдегі бекзат болмысы, мінезі, адамдық қасиеті туралы айтылып та, жазылып та жатыр. Бүгінде ақын айтқан әр сөз, ол жүрген әр көше мәңгілік естелікке айналды. Мынау жазба соның бір парасы іспетті.
05 Қазан, 2022
Орталық Азиядағы қос өзеннің аралығы – Мауреннахр өлкесінің тарихы өте тереңде. Әр заманда Танаис – Силис – Канг – Яксарт – Сейхун деген атауларға ие болған Сырдария аймағының мәдениеті де сонау антика дәуірінен бастау алады. Сақ тайпаларының билеушісі Томирис, қанқұмар Кир патша, ел аузында Ескендір Зұлқарнайын атанған Александр Македонский әскері де бұл өлкенің топырағын басып, суын ішкен. Осындай санғасырлық тарихы бар аймақта бой көрсеткен әдеби-музыкалық құбылыстардың түп-тегін анықтау, жинау мен зерттеуге келгенде атқарған жұмыстарымыздан әлі жүзеге аспаған істеріміздің көбірек екені байқалады. Әрине, оның себебін аға буын зерттеушілеріміздің еңбектерінен іздеген ләзім.
05 Қазан, 2022