Редакция таңдауы
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Келесі жылы Жаңа Зеландияда сайлау өтеді. Сарапшылар елдің қазіргі премьер-министрі Джасинда Ардерннің халық арасында беделі төмендегенін айтады. Алдын ала жүргізілген сауалдамаға сәйкес, лейбористік партияны қолдайтындар саны айтарлықтай азайған.
09 Тамыз, 2022
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Израиль мен Палестинаның «Исламдық жиһад» ұйымы арасында бір жылдан астам уақыттан бері Газада тұтанған ең ауыр қақтығыс тоқтады. Екі тараптың ортақ ұстанымға келуіне Мысыр мемлекеті мұрындық болды. Израиль Ұлттық қоғамдық дипломатия төрағасының жазбаша мәлімдемесінде атысты тоқтату туралы келісім жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 23.30-дан бастап күшіне енгені жарияланды.
09 Тамыз, 2022
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Микроқаржы ұйымдарының әлеуеті біртіндеп көтеріліп келе жатыр. Олардың несие мақұлдаудағы қолайлы сервисі әсіресе бизнес өкілдерін ерекше қызықтырады. Дегенмен несиенің мұндай түрін рәсімдеу кезінде ескеру керек бірнеше фактор бар. Өйткені МҚҰ-лардың атын жамылып қарапайым тұтынушыны тақырға отырғызатын алаяқтар өте көп.
09 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің жол саласы жайында біраз сын айтты. Жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алу және жолдардың сапасына айрықша назар аудару керек екені туралы сөз қозғады.
09 Тамыз, 2022
ХІІІ ғасырда өмір сүрген Парсының ұлы ойшыл ақыны Сағди – әлем әдебиетінде орны бар тұлғалардың бірі. Оның пайымы терең туындылары өзінен кейін жасаған адамзат ойшылдарына, әдебиеттегі тұлғалардың шығармашылығына әсер етті. Уақыт пен қалам арасындағы үндестік те оның жазғандарынан жіті байқалады. Тіпті ол мынау дүниенің түпсіз де шексіз екенін, жақсылықпен өмір кешкен адамның аты қалып, ізгілікке қарсы жұмыс істегендердің абыройсыз күй кешетінін өлеңдегі қанжар тілімен сын тезіне алады.
09 Тамыз, 2022
Күнделік жазу ісі барлық ақынға тән құбылыс емес. Жан сөзін тек поэзияға не прозаға ғана ақтаратын қаламгерлер жетерлік. Пушкин күнделігі, Мұқағали күнделігі деген ұғымдар бар. Ал небәрі бес-алты бетті құрайтын Төлеген Айбергенов күнделігінен дербес ойлар мен ақынның ішкі дүниесінің арпалысын көруге болады. Кемеңгер Әбіш тілімен сөйлесек, ақын «қысқа ғұмырында тек сол көруге, өмірді түйсіну мен түсінуге ғана арнаған тәрізді. Ол осынша аз ғұмырының ішінде өмірдің пендені қашан ажал аузына апарғанша айтпайтын, танытпайтын сыры мен сипаттарын қалай түсініп, қалай түйсініп үлгерген! Оның өмірді білуі, адамды білуі, табиғатты білуі неткен терең!»
09 Тамыз, 2022
Келешекке көз жүгіртуде ғылыми пайымға сүйенетін мамандар XXI ғасырдың жасанды интеллект ғасыры болатынын айтып жүр. Үлкен өлшеммен алғанда ғасыр енді ғана басталды. Ал жасанды интеллект саласының алғашқы қарлығаштары әлемде бірқатар салаға енгізіле де бастады.
09 Тамыз, 2022
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Қажымас дос халықта жоқ, Айнымас серт қайда бар? Абай
09 Тамыз, 2022
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Әбу-Насыр әл-Фараби: «Музыка – халық жанының, оның дерті мен қайғысының, ұмтылысы мен шабытының көрінісі» деп пайымдапты. Сиқырлы үннен сәуле тапқан дала данышпанының «Музыка туралы үлкен кітабы» – мәніне үңілген сайын маңызы қалыңдай беретін тағылымды еңбек. Бұл – «Қайырымды қала тұрғындары» трактатымен қатар ғұламаны әлемге әйгілеген теңдессіз ізденіс. Арада қанша ғасыр өтсе де, саз сырына үңілген миллиондаған адам осы құбылаға бет түзеп келеді.
09 Тамыз, 2022
Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады
Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
09 Тамыз, 2022
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Тамыз, 2022
Жыл соңына дейін елімізде 322 балабақша ашылады
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов биыл 34 мың орынға арналған 322 балабақша ашылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Тамыз, 2022
Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады
Қазақстанда күнбағыс майының өндірісі артты. Алайда өнім бір жыл ішінде 12%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Тамыз, 2022
Несие шартын өзгерту үшін не істеу керек?
Жылдың алғашқы жартысында ел азаматтарынан қаржы ұйымдарына қатысты 16 мың арыз-шағым түскен. Арнайы талдау мен мониторинг көрсеткендей, келіп түскен шағымның 70 пайыздан астамы банк секторына бағытталған.
09 Тамыз, 2022
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен түрік тіліне аударылып жарық көрген академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың «BENIM AVEZOVUM» атты кітабы таныстырылды. Мазмұнды іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым Мұрат Әуезов және көрнекті ғалым Зейнолла Қабдоловтың ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
08 Тамыз, 2022
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Соңғы екі жыл отандық банк секторына оңай тиіп жатқан жоқ. Бәлкім, дәл осылай сұрыпталу қажет те шығар. Бәсекенің артуы ғана сапаға жол ашпай ма?! Қазіргі уақытта біздегі 22 екінші деңгейлі банктің ахуалы қалай? Жалпы, тенденция оң ба, әлде теріс пе? Секторда кімнің сұсы басым? Банктер экономиканы кредиттеуге қаншалықты құлықты?
08 Тамыз, 2022
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазір әлеуметтік желіні аша қалсаңыз, онлайн-петицияға қол қойыңыз деген жазбалардан көз сүрінеді. Әйтеуір, қоғамды шулатқан оқиғаларға қатысты осындай электронды өтініштердің саны басым. Әрине, дамыған демократиялық қоғам құруда онлайн-петиция да үлес қосатыны белгілі. Бірақ қаптаған петициядан қайран бар ма? Бұл туралы сарапшылар не дейді?
08 Тамыз, 2022
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Жыл басында саяси-әлеуметтік дүмпуге басты себеп болған газ мәселесі тағы да күн тәртібіне шықты. Мемлекеттің қатаң қадағалауына байланысты қазір тауарлық газды тұтыну бағасы төмен, ал бұл өндірушілерге тиімсіз. Олар әрі қарай өндіруге құлықсыз. Алтын аралықты табу мемлекетке оңай тимей тұр.
08 Тамыз, 2022
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Біраз уақыт тынышталғандай көрінген КТК қаупі қайта бас көтерді. КТК деп отырғанымыз – мұнай экспорттаудағы біздің басты маршрутымыз болып саналатын Каспий құбыр консорциумы. Бұл құбыр жыл басынан бері бірнеше рет істен шықты. Бірінде – дауыл, бірінде – мина іздеу, ал бірінде жөндеу жұмыстары себеп болғанымен, сарапшылар соның бәрінде саяси мүдде басым екенін айтады. Консорциумның мұнай тиеу мүмкіндігі тағы төмендеді.
08 Тамыз, 2022
Қазақстан нарықтық экономикалы ел дегенімен, мемлекет бәрібір баға саясатына араласуға мәжбүр. Жақында мемлекет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бөлшек сауда бағаларын бақылауды енгізді. Оның мақсаты – әділ және болжамды баға белгілеуді қамтамасыз ету.
08 Тамыз, 2022