Редакция таңдауы
Қазақстанда елдің ішкі нарығына төнетін қауіпке байланысты тірі тауарлық және асыл тұқымды малды экспорттауға тыйым салынған. Бірақ 8 млн ірі қара мал басы бар ел фермерлері үшін экспортқа тыйым салу қиынға соғып тұр. Бұл мәселені олар халықаралық форумда талқылап, саланың қордаланған мәселелерін алға тартты. Жиында Румыния, АҚШ, Чехия елдерінен келген халықаралық сарапшылар да пікір білдіріп, тәжірибесімен бөлісті.
01 Шілде, 2022
Ең бастысы – еңбек қауіпсіздігі
«Самұрық-Қазынаның» компаниялар тобында 256 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде өндірістік персоналдың үлесі жалпы қызметкерлер санының 92,4 пайызына тең. Сондықтан Қор еңбек қауіпсіздігін қамтасыз етуге, еңбекті қорғауға ерекше назар аударып келеді. Елордада ұйымдастырылған бірінші Health&Safety форумы соның бір дәлелі.
01 Шілде, 2022
Сенімге негізделген сындарлы қатынас
Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. 29 маусым – екіжақты қарым-қатынастардың маңызды символдық күні, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты.
01 Шілде, 2022
Ата Заңымыздың 53-бабында: Республика Парламенті өзінің бірлескен отырысында «соғыс және бітім» мәселесін, сондай-ақ «Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды», деп анық көрсетілген. Бұл – кеше ғана енгізілген жаңалық емес, ұлттық парламентаризм тарихында бұрыннан бар үрдіс. Қазақстан Парламенті 2013 және 2018 жылдары мұндай шешім қабылдаған.
01 Шілде, 2022
Рухани құндылықтар және ұрпақ тәрбиесі
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысында бүгінгі қоғамның өткір мәселелері қозғалды. Әсіресе балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбие беру мәселесіне ерекше назар аударылды.
30 Маусым, 2022
Екінші сессия: маңызды шешімдер мен мазмұнды заңнамалар
Парламенттің бірлескен отырысы өтіп, депутаттар жазғы демалысқа кетті. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысы қаралды. Сондай-ақ жетінші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жұмысын аяқтау мәселесін талқылады.
30 Маусым, 2022
Күмбірле күн астында, домбыра-рух
Қазақтың төріне Құран мен домбыра қатар ілінеді. Қай заманнан солай болса керек. Бертініректе біз Құран болмаса да домбыра тұрғанын талай көрдік. Сол домбыра, сал домбыра қазақтың төріне көшкелі бір емес, бірнеше дәуір алмасып, қаншама ғасыр шөгіп кетті.
30 Маусым, 2022
Маңғыстаудың экологиясы «боздап» тұр
Маңғыстау экологиясы көп өзгерді. Қазіргі ту-талақай тақырды бұрын көк шөбі белуардан келетін көгалды тұс десе ешкім сенбес еді. Апталап соғатын, тіпті түнгі мезгілде де ішін тартпайтын ала шаң тұрғындарды әбден ығыр қылып болды.
30 Маусым, 2022
«Пәтер иелері кооперативінен (ПИК) құтылып, тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшеміз» деп даурығып жүргенімізге бірнеше жыл болды. Бірақ бұл реформа көздеген межесіне жеткізер. Оның тағы бір жылға ұзартылуы – соның айғағы.
30 Маусым, 2022
АҚШ Еуропадағы әскери күштерін нығайтуда
АҚШ Еуропадағы әскери күштерінің санын арттыратынын мәлімдеді. Мадридте өткен НАТО саммитінде Ақүй басшысы «Солтүстік Атлантикалық альянс барлық бағытта – ауада да, құрлықта да, теңізде де қауіп-қатерлерге тойтарыс бере алуы қажет», деді.
30 Маусым, 2022
Елордада Automechanika Astana 2022 халықаралық көрмесі өтті. Онда автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуге арналған қосалқы бөлшектер, автоқұрамдауыштар, жабдықтар мен тауарлар ұсынылды.
30 Маусым, 2022
«Қасіретті қаңтар»: Сот процесінде келісім институты кеңінен қолданылуда
Қазіргі таңда арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздік бойынша – 58, терроризм актілеріне қатысты 8 қылмыстық істің ақ-қарасын анықтауда. Ал ішкі істер органдарының тергеушілері 516 қылмыстық істі қарап жатыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов пен ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді.
30 Маусым, 2022
«Күй ойнайды қазағымның қанында»
Қазақтың үлкен ақыны Қадыр Мырзалиев «Нағыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» десе, дауылпаз жыршы Ілияс Жансүгіров: «Домбыра, сенде мін бар ма?, Мінсіз болсаң — тіл бар ма?, Тіл жоқ деуге бола ма, Тілден анық үн барда?, Домбыраның, күші мол, Көмейінде күй барда!» деген екен.
30 Маусым, 2022
Медициналық пойыз – Жетісу облысында
«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы Жетісу облысының тұрғындарын Айнабұлақ стансасында қабылдай бастады. Одан әрі пойыз 1-2 шілде аралығында – Көксу, 3-4 шілде – Егінсу, 5-6 шілде – Бескөл, 7-8 шілде – Жайпақ, 9-10 шілде Достық стансаларына барады. Медициналық пойыздың тәжірибелі мамандары жергілікті тұрғындарға мамандандырылған вагондарда тегін медициналық көмек көрсетеді.
30 Маусым, 2022
«Кселл» және «Мобайл Телеком-Сервиске» қатысты тергеу басталды
2022 жылғы 17 маусымда Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департамент «Кселл» АҚ мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға қатысты монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде тергеп-тексерулерді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
30 Маусым, 2022
Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін
Қазақстанда маска тағу режимі мәселесі коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланады. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Маусым, 2022
Парламент депутаттары каникулға кетті
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда жетінші сайланған Парламенттің екінші сессиясы ресми түрде жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Маусым, 2022
Қазақстанның сот төрелігі: бүгіні мен келешегі
Елдегі сот жүйесінің тарихы қазақ билерінен бастау алады. Олар Шыңғыс хан қағанатының заң ережелерін бекіттірген. Майқы би «Орда биі» атанған. Ол кезеңнен «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» деген даналық сөз қалған.
30 Маусым, 2022
Қазақстандықтардың мемлекетке қарызы көп
Елімізде салық төлемей, мемлекетке қарыз болып жүргендер көп. Қазақстандықтардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша берешегі 919 мың салық төлеуші бойынша 24,3 млрд теңгені құрапты. Соның ішінде берешектің негізгі сомасы көлік құралдары салығына тиесілі – 22,8 млрд теңге.
30 Маусым, 2022
Жақында Қазақстан Республикасы Президенті жанынан құрылған Ұлттық құрылтайға мүше болдым. Жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға Ұлттық құрылтайдың Ұлытау облысында өткізілуінің екі айрықша мағынасы бар. Осы аймақтың тұрғыны ретінде бұл таңдаудың мәніне тоқталғым келеді.
30 Маусым, 2022