Редакция таңдауы
Сенат Төрағасы референдумда дауыс берді
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев таңғы сағат 09:00-де республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Маусым, 2022
Аида Балаева референдумда дауыс берді
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева референдумға ерте келгендердің бірі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Маусым, 2022
Референдум: Тергеу изоляторларындағы 5 мыңнан астам азамат дауыс береді
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Маусым, 2022
Әнұранды орындауға арналған республикалық акция өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған бірыңғай республикалық акция аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 150 қызметкері Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, мерекелік көрсетілім ұйымдастырды деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Маусым, 2022
34 лагерь балаларды қабылдауға дайын
Бүгінгі күні қала сыртындағы 234 лагерь санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауында. Оның ішінде жыл бойы жұмыс істейтіні - 18. Қалған 216-сы - маусымдық. Жыл бойы қызмет көрсететін ұйымдар санэпид қорытындыны объектіні пайдалану алдында бір рет, ал маусымдық лагерьлер сауықтыру кезеңі басталғанға дейін алуы қажет, деп хабарлайды Egemen.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.
04 Маусым, 2022
Үкіметте жаңа облыстарды құру жоспары бекітілді
ҚР Президентінің Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құруды көздейтін «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
03 Маусым, 2022
Жаңа түзетулер билік тармақтарын реттеуге бағытталған - Тоқаев
Бір ай ішінде елімізде конституциялық түзетулер жобасы белсенді талқыланып, түсіндірілді. Бұл жайлы Мемлекет басшысы өзінің бейнеүндеуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Маусым, 2022
Мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртамыз - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда өтетін референдум туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Маусым, 2022
Референдум: Учаскелік комиссиялар дауыс беруге дайын
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау учаскелерінің референдумға дайындығы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Маусым, 2022
«Тыныштық» күні тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылады
5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізіледі. Ертең, 4 маусымда сағат 00:00-де референдум алдындағы үгіт жүргізу аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Маусым, 2022
Қазақстан аумағында 19 СЭС салынады
Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, 2025 жылға дейін Қазақстанда 19 су электр стансасы салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Маусым, 2022
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі
Маусымнан бастап қазақстандықтар жоғарылатылған зейнетақы мен жәрдемақы ала бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» сілтеме жасап.
03 Маусым, 2022
Ғылымға зор жауапкершілік жүктелді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада Ұлттық ғылым академиясының сессиясына қатысып, отандық ғылымның дамуына қатысты тың бастамалардың қолға алынатынын айтты. Оны ғалымдар қауымы жақсы қабылдады. Осыған орай Алматыдағы айтулы іс-шараға қатысқан ғалымдардың пікірін білгенді жөн көрдік.
03 Маусым, 2022
Мемлекеттіліктің басты нышандары
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басынан бастап, КСРО-ның мәңгілік мызғымастай көрінген құрсауы босап, мұздай сірескен идеологиялық ұстанымдары өзгере бастады. Оның соңы одақ құрамындағы республикалардың бәрі егемендік туралы декларация қабылдауына әкелді. Дәл осы кезде біздің елімізде саяси жылымықтың жылы желі соға бастады.
03 Маусым, 2022
Жастар және рәмізтанудың жаңа міндеттері
Мемлекеттің рәміздерін қадірлеу – ел азаматтары үшін айрықша парыз. Әрбір адам Отан құндылықтарын жанымен түсініп, оларды жан-жақты тануға және өзгеге таныстыруға жұмылуға тиіс. Оны жете біліп, қадір-қасиетін ұққанда, тарихын, тілін, дәстүрін, өткен жолын, рухын, сайын даласын, асқар тауын, мөлдір суын қайсарлықпен қорғаған ерлерге деген мақтаныш сезімі оянатыны рас.
03 Маусым, 2022
Көкірегінде өрлік салтанат құрған адам үшін елдіктің бейнесі – мемлекеттік рәміздер. Шүкір, азаттық алған тұста елдігімізді жаһанға мәшһүр ететін төл таңбамыз Елтаңба, мемлекеттің мерейі мен мәртебесін айқындаған Көк Ту, Мемлекеттік гимн дүниеге келді. Бұл қасиетті үштаған – елдіктің ажырамас бөлігі, азаттықтың бастауы.
02 Маусым, 2022
Ол баста солай туған ту көтеріп...
Отырардан көшкен озан, Атыраудан шыққан ұзан. Озан – дауыс, үн болса, ұзан – көне түркі, қыпшақ тілінде ақын, жырау. Озан иесі мен сөз иесі ұзан Алматыда түйіседі сол жылдары. 1950 жылдың соңы, 1960-қа аяқ басқалы тұрғанда.
02 Маусым, 2022
Осыдан оншақты жыл бұрын, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында астаналық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков елорда төрінде студенттермен келелі кездесу өткізген еді.
02 Маусым, 2022
Ұлттық рәміздер – ұлттық мақтаныш
Елді танытар ұлттық құндылық – Ту, Елтаңба, Әнұран бүгінде төрткүл дүниеге кеңінен танылды. Айбынымызды асырған Мемлекеттік Рәміздерді құрметпен ұлықтау – әр азаматтың парызы. 4 – маусым Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай еліміздің әр аймағында түрлі іс-шаралар бастау алды.
02 Маусым, 2022