Оқи отырыңыз
Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстан ғылымын танымал етпек
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан ғылымын танымал ету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2022
Ұлттық банк төрағасы: Дамыған елдердегі инфляция рекордтық деңгейде
Дамыған елдерде инфляция рекордтық деңгейде тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2022
Ұлттық банк теңгенің нығаюы жайлы түсінік берді
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында теңге бағамының нығаюын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2022
Әлихан Смайылов инфляцияны тежеу жұмысын күшейтуді тапсырды
Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдерге инфляцияны тежеу жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2022
Жарты миллионнан астам адам мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алады
Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 175,8 млрд теңге жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
14 Маусым, 2022
Үржар өңірінің табиғаты әсем. Күнгейін Тарбағатай сілемдерімен жалғасқан Қарабас, Ақшәулі таулары алып жатса, етегінен Еміл жылжиды. Жылжып барып, тарамдала әйгілі Алакөлге құяды. Солтүстік Шығысына мойын бұрсаңыз, Бармақ барханы, сары дала. Сыңсыған қамыс қалыңы да осы өңірде. Байқайсыз ба, табиғатқа тән сұлулықтың бәрі-бәрі осында, Үржар өңірінде.
14 Маусым, 2022
Алматыда «Цифрлы Теңізшевройл-2022» форумы өтті. Форумның мақсаты – цифрландыруды дамыту және одан әрі ынтымақтастық орнату үшін жаңа қазақстандық ІТ-компаниялардың мүмкіндігін қарастыру.
14 Маусым, 2022
«Зоопарк»: Сұм өмір абақты ғой саналыға...
Қалыпқа түскен тірлік, екі етілмейтін бұйрық, өзгермейтін өмір салты, күнделікті бірін бірі айна-қатесіз қайталайтын әрекет, көпке ыңғайлыны ғұмырлық қағида еткен көңілшектік, өзгенің қалауын жалғанның мәніне айналдырған мінезсіздік, басқаның талабына табынған табансыздық, ең аяғы жан қалауыңды, ішкі ар-ұжданыңды қалың тобырдың көзқарасына матап берген шарасыздық... Таныс тіршілік пе? Иә, иә, қателескен жоқсыз, бұл – әрқайсымызға тиесілі бір-бірінен аумайтын ерекшеліктен ада біздің өмір. Трафаретке түскеніміз, инкубаторлық сипатқа енгеніміз соншалық, адам ретінде дараланудан қалғанымыз қашан? Өйткені, ерекшелену айналаң үшін ыңғайсыз. Қоғам белгілеген шекарадан шықтың ба – шарасыз күйге түстің! Демек өзгелер сызған ережеге бағынуға тиіссің. Басқа таңдау жоқ! Ал енді өміріңізді зообақтағы аңдардан өзгеше деп көріңізші!..
14 Маусым, 2022
Өткенге – өнеге, келешекке – сабақ
Музей ғылыми, мәдени-тарихи орталық саналатындықтан өткенге өнеге, келешекке сабақ екені анық. Біздің Байзақ аудандық тарих-өлкетану музейі бес экспозициялық залдан тұрады. Атап айтқанда, археология залында ортағасырлық архитектуралық жәдігерлер қойылса, этнография залында қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдары, көшпенді қазақ халқы қолданған ас үй бұйымдары орналасқан. Үшінші зал аудан тарихына арналған.
14 Маусым, 2022
Жүрек орталығындағы аутотрансфузия шеберлік сабағы
Үздіксіз білім алу және шеберлік сабақтарына қатысу Жүрек орталығы қызметкерлерінің жұмысының маңызды бөлігі. Жаңа білім мен халықаралық тәжірибе соңғы жетістіктермен қатар жүруге және отандық медицинаны дамытуға мүмкіндік береді. 7-8 маусымда аталған орталық қабырғасында кезекті шеберлік сабағы ұйымдастырылып, қатысушыларға аутотрансфузия жүйесі ұсынылды.
14 Маусым, 2022
Индустриялық аймақтың игілігін қашан көреміз?
Ел картасына жеке өңір болып енген Жетісу облысындағы әкімшілік шекара бөлінісі мен атқарушы билік құрылымын қалыптастыру үрдісі толықтай аяқталды деуге болады. Ендігі жерде өңірдің қалыпты өркендеуі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жұмыс күн тәртібіне шығатыны аян. Бұл тұрғыда күні кеше облыс басшысы болып тағайындалған Бейбіт Исабаевтың әкім ретінде атқаратын ісі қыруар.
14 Маусым, 2022
Ұлттық құрылтайдың тұңғыш жиыны Ұлытауда өтеді
Маусымның 16-сы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында өтетін Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
13 Маусым, 2022
Жекеменшік мектептердің саны арта түседі
Түркістан облысы демографиялық өсім бойынша елімізде көш басында. Яғни жаңа мектептерге қажеттілік мәселесі жыл сайын туындауы заңдылық. Бұл орайда былтыр бюджет есебінен 78 мектептің құрылысы жүргізіліп, 44-і пайдалануға берілген болатын. Жеке инвестиция есебінен 37 мектеп салынды. Бұл бағытта жұмыс биыл күшеймек.
13 Маусым, 2022
МӘМС: Жеңілдікке ие 15 санат қатарына кімдер кіреді?
Медициналық сақтандыру қорының елорда филиалына МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне, яғни 15 санатқа қатысты сауалдар жиі түседі. МӘМС-ке жарна төлеуден кімдер босатылған? Жеңілдікке ие 15 санат қатарында болу үшін қайда жүгіну керек? Осы және өзге де сұрақтарға қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалы директорының орынбасары Сандуғаш Болысбекова түсіндіріп берді.
13 Маусым, 2022
«Шехеразада» мен «Шопениана» – Шымкентте
«Астана Опера» театры осы маусым айында Түркістан облысы мен Шымкент қаласына гастрольмен барып, төрт күн бойы оңтүстік жұртшылығына бірегей қойылымдар мен концерттік бағдарламалар ұсынып, ғажайып кеш сыйлады.
13 Маусым, 2022
Заман талабына сай қазіргі таңда әлем бойынша ІТ-саласына сұраныс үлкен. Қазақстан да ақпараттық технология ағымынан қалыспай, технопарктер құру, мамандар даярлауға ерекше ден қойып жатыр. Президенттің елімізде 100 мың IT-маман даярлау жөнінде арнайы тапсырмасы да бар. Жақында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі инновациялық экожүйе мен IT-саланы дамыту мәселелерін кеңінен талқылады.
13 Маусым, 2022
«Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де – бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан», деп кемеңгер Абай Құнанбайұлы айтқандай, тәуелсіз Қазақстанның жастарына бұл өлең жолдары айнымас темірқазық.
13 Маусым, 2022
Аграрлық саладағы инновацияларды игереді
Аграрлық сала жетекші мамандарының ҚазҰАЗУ жазғы мектебіндегі кездесуі жас зерттеушілер үшін дәстүрлі іс-шараға айналып келеді. Замануаи тәжірибе және озық біліммен бөлісуді мақсат ететін кәсіби алаңда бұл жолы Америка, Индонезия, Қытай, Таиланд, Испания, Болгария, Малайзия сияқты әлемнің 30-дан астам елінен келген жүзге жуық маман бас қосты.
13 Маусым, 2022
Талап болмаса, тазалық та болмайды
Өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін 130 орын болса, соның 24-і ғана заңдастырылған. Бурабай, Ақкөл, Зеренді, Аршалы және Қорғалжын аудандарында қалдық жинайтын арнайы заңдастырылған орындар мүлде жоқ.
13 Маусым, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 14 маусымда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Маусым, 2022