Оқи отырыңыз
Кибералаяқтық: Қауіпсіздік қағидаты
– Сәлеметсіз бе?! Мен қалалық полицияның тергеу бөлімінен хабарласып тұрмын. Сізге жеке басыңызға төнген қауіптің алдын алу мақсатында телефон соғып тұрмын. Алдымен, мені дұрыстап тыңдап алыңыз...
15 Маусым, 2022
Павлодар қаласында «Қымызмұрындықтың» қызығы қайта жалғасты. Олай дейтініміз, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі жыл сайын дүркіретіп тойлайтын дәстүр пандемия салдарынан екі жыл үзіліс алған болатын. Биыл тұрғындарға 750 литр қымыз үлестірілді.
15 Маусым, 2022
«Ортеке» адамзаттың мұрасына айналады
Халық биі «Ортеке» ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілмек.
15 Маусым, 2022
Қазақстанда блогерлер қауымдастығы құрылады
Бұл туралы Достық үйі баспасөз орталығының жетекшісі Равиль Валеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Маусым, 2022
Елордада жалдамалы пәтерге құжат қабылдау басталды
Елордада тұрғын үй орталығы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Маусым, 2022
Ел құрамасы баскетболдан FIBA рейтингінде көш бастады
Халықаралық баскетбол федерациясы әлем чемпионатының Азия аймағындағы іріктеу турнирінің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Маусым, 2022
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Маусым, 2022
Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы мұражайында Торғай өңірінен табылған қазба жәдігерлер арасында мезазой дәуірінде өмір сүрген акуланың тістері сақталған.
15 Маусым, 2022
Әйелдер құқығын қорғауда үлгі аларлық істер бар
Бүгінде әйел құқығын қорғау мәселесі бүкіл әлемде өзекті. Статистика бойынша әлемде әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Қазақстанда пандемия кезінде тұрмыстық жанжалда кісі өлтіру, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты полицияға жүгіну саны анағұрлым өскен. Бұл орайда Түркістан облысында әйелдердің құқығын қорғау, оларға жан-жақты көмектесу бағытында халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс атқарылып келеді.
15 Маусым, 2022
Гранттық қаржыландыру конкурсына құжат қабылданып жатыр
Қазақстанда ғылыми коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы басталды. Бұл туралы Ғылым қоры хабарлады.
15 Маусым, 2022
Қазақстандық ғалымдар бірегей фибринді гидрогель әзірледі. Оны қолдану арқылы 15 қазақстандыққа тізе буынының шеміршегін қалпына келтіру операциясы жасалды.
15 Маусым, 2022
Былтыр Ақсу қаласындағы кәріз құдықтарының біріне 13 жасар қыз құлап кетіп, жағымсыз жағдай шаһардың коммуналдық саласындағы біраз былықтың бетін ашып берген-ді. Қыз аман. Ал су құбырын жаңғыртуға бөлінген 1,6 млрд теңгенің 340 млн теңгесін жымқырған жылпостар ақыры сотталды. Сәл артқа шегініс жасайық.
15 Маусым, 2022
Саяжай тұрғындары өркениетке сай өмір сүруге қақылы
Талдықорғанды «Жетісудың кіндік қаласы» деп бұрыннан айтатын. Қазір бұл атау одан сайын нақтылана түскені анық. Өйткені Алматы облысынан енші алған аймақ енді дамудың жеке-дара жолына түсті. Яғни жаңадан құрылған Жетісу облысы мен оның орталығының тыныс-тіршілігі бұрынғыдан бетер жұртты қызықтыратыны сөзсіз. Алайда бұл талды қалада тағылымды өркендеумен қатар қордаланған мәселе де жоқтың қасы дегенді білдірмейді. Мәселен...
15 Маусым, 2022
Қостанай облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өңірде шағын кәсіпкерлікке бет бұрып жатқандардың қатары едәуір көбейгенін мәлімдеді. Осыған сәйкес, жаңа кәсіп бастап жатқан немесе бизнесін кеңейткісі келген кәсіпкерлердің жоба-бастамаларына бөлінген қолдау қаржының көлемі де ұлғайып отыр.
15 Маусым, 2022
Қазақстандық футболшылар кейінгі екі аптада жергілікті жанкүйерлерді былай қойғанда, дүние жүзінің аузы дуалы футбол мамандары мен сарапшыларының таңдайын қақтырумен болды. Ұлттар лигасы аясындағы доп додасында өнер көрсетіп жатқан жерлестеріміз апта бұрын әлемдік рейтингте 45-орында тұрған (Қазақстан 125-орында) Словакия құрамасын сырт алаңда сан соқтырып кетсе, енді, міне, өз жерімізде өткен қарымта кездесуде де басым түсті.
14 Маусым, 2022
Жылыой ауданындағы «Теңіз» кен орнында екі жоба іске асырылып жатыр. Оның бірі – келешек кеңею, екіншісі – ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы. Бұл жобалардың бір мезгілде іске асырылуының өзіндік себебі бар. Өйткені «Теңіздің» қойнауында 3,2 млрд тонна «қара алтын» бар.
14 Маусым, 2022
Павлодар қаласындағы 17 көшенің атауы өзгертілді. Әбден ескірген Таганрогская, Совхозная сияқты көшелердің тақтайшалары келмеске кетті. Пандемия салдарынан бұл бағыттағы жұмыстар біраз үзіліс алған еді. Енді, міне, маңызды шаруа қайтадан жалғасын тауып отыр. Атауы түкке тұрмайтын кент және қала атауларының да ауысатын уақыты жақындай түскендей.
14 Маусым, 2022
Жүлде қоры – 47,1 миллион еуро
27 маусым мен 10 шілде аралығында Ұлыбританияның астанасы – Лондонда «Уимблдон» турнирінің жалауы желбірейді. Биылғы жарыстың басты екі жаңалығы бар. Біріншісі, ұйымдастырушылар аталған додадан Ресейді шеттетті. Соған жауап ретінде Халықаралық теннис федерациясы қатысушылар қаншалықты табысты өнер көрсетсе де, оларға соқыр ұпай да берілмейтінін жария етті. Яғни ойыншылардың ATP мен WTA рейтингінде жоғарылауына еш мүмкіндік жоқ. Екіншісі, былтырғы жылмен салыстырғанда жүлде қоры бірден 11,1 пайызға артып, биыл ол 47,1 миллион еуроны құрап отыр.
14 Маусым, 2022
Еңселі Екібастұз қаласы 65 жылдығын дүркіретіп атап өтті. Еліміздің отын-энергетика кешенінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан көмірлі шаһардың соңғы жылдары ажары келісе түскен. «Таза қала» деген атағы бұрыннан бар. Ендігі жерде моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Екібастұз дамудың даңғыл жолына түсіп, ел экономикасының өркендеуіне атсалысады деген сенім басым.
14 Маусым, 2022
Әсіресе жас буын ұлттық ойындардың мәнін, мақсатын теориялық және іс жүзінде терең ұғынуға мүмкіндік алды. Түркістан облысының 14 пен 29 жас аралығындағы аудан, қала жастары арасында өткен «Көшпенділер ойыны» атты облыстық сайыс кезінде.
14 Маусым, 2022