Редакция таңдауы
Техникалық мамандықтарға грант көп бөлінді
Кәсібің – нәсібің. Бір кәсіпті игеру үшін, әлбетте, оқу орнында оқып, диплом алу керек. Бұл ретте мемлекет жас қазақстандықтарға тегін білім алуына жағдай жасап отыр. Сөзімізге дәлел болсын, биыл жоғары білім алуға бөлінген мемлекеттік грант саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл былтырғымен салыстырғанда шамамен 17 мыңға көп.
25 Шілде, 2022
Сөз майталманы, айтыс өнерінің қайталанбас шебері Сара Тастанбекқызы – исі қазақтың аяулы перзенті. Әсіресе Жетісу жұртына өте ыстық. Өзінің қысқа ғұмырында әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған ақынның шығармашылық жолы көпке аян. 1906 жылы атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына шығады. Бұл айтыс оның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жайды. Міне, сол Сараның суретін көзбен көргіңіз келсе, Талдықорғанға тартыңыз.
25 Шілде, 2022
Ғұбайдолла халфе Совет үкіметінің қуғын-сүргінінен амалсыз туған жерінен жырақтап, жат жерде өмірі өксіп өткен дін қайраткерінің бірі. Заманында өте алғыр, зерек болып, қатарынан оза туғаны басына бәле болып жабысып, «совет үкіметіне сенімсіз», «халық жауы» ретінде сотталған, жер аударылған.
25 Шілде, 2022
«Зерде» холдингі неге таратылады?
Елдегі заманауи ақпараттық технологияларды дамыту мақсатында осыдан 15 жылдай бұрын құрылған «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басынан соңғы жылдары «бұлт арылған» жоқ. Бүгінге дейін еш жерде аты шықпай, елеусіз жұмыс істеп келген мемлекеттік компания Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тексерісінен кейін бірден ақпарат құралдарының назарына ілікті. Бұл мәселе Президентке дейін жетіп, ақыр соңында холдинг жабылатыны белгілі болды.
25 Шілде, 2022
Біз де ұзақ ойландық, мүмкін ол да ұзақ ойланған болар. Біз де қызықтырар ештене таппадық, мүмкін ол да ештене көрмеген болар. Біздің айналып өткіміз келді, бірақ ол айналып өте алмады. Сұлулықтан қалайша айналып өтуге болады, сол маңда мәңгілік өкінішіңіз қалып кетсе қайтер едіңіз!? Сіз де кідіре тұрыңыз, пәуескеге отырған перизат бұрылып қарағанша.
25 Шілде, 2022
Қоғам үлгілі мемлекеттік қызметшіні көргісі келеді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев осы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың нәтижесін жариялады. Агенттік төрағасының айтуынша, мемлекеттік қызметке іріктеу, цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау, сондай-ақ қызметшілердің этикалық нормаларды сақтау секілді мәселелер бір ізге келтірілген. Алдағы міндеттер де ауқымды.
25 Шілде, 2022
Жаңа, орнықты Қазақстанның дүниеге келуі
«Diplomatic World» («Дипломатия әлемі») – дүниенің дипломатиялық астанасы саналатын Брюссель қаласында француз және ағылшын тілдерінде 20 мыңнан астам таралыммен шығатын, электронды нұсқасы бүкіл жер жүзіне тарайтын халықаралық бизнес-журнал. Басылым бетінде Қазақстанға қатысты материалдар да жарияланып тұрады. Мысалы, өткен жылы журнал біздің еліміздің Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес COVID-19 вирусына қарсы өз вакцинасын шығара бастағанын және биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында жасалған вакцинаның Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымында тіркелгенін разылықпен жазды. Таяуда бұл беделді басылым Қазақстан жайында тағы бір салмақты мақала жарияланды. Белгілі бельгиялық сарапшы Альберто Туркстраның талдамасында Қазақстанның сын сағатта сыр бермегені, қаңтар қасіретінен кейін елдің көпвекторлы сыртқы саясатының әлеуеті таусылады деген болжамдардың теріске шыққаны, Еуроодақпен екіжақты сауда көлемін анағұрлым арттырып, пандемияға дейінгі деңгейге жақындатқаны, көмірсутек шикізатын тасымалдаудың жаңа жолдарын іздестіріп жатқаны жан-жақты бағаланады, «Арада небәрі жарты жыл өтсе де, біз 2022 жыл жаңа, орнықты Қазақстанның дүниеге келген жылына айналады деп сеніммен айта аламыз» деген байыпты қорытынды жасалады. Елдікті еңселену жолындағы іргелі ізденістеріміз жайында жазылған мақаланы жарияланымға бастамашылық жасаған белгілі публицист Сауытбек Абдрахмановтың аудармасымен «Egemen Qazaqstan» оқырмандарының назарына ұсынуды жөн көрдік.
25 Шілде, 2022
Екі жыл бұрын елдің есін шығарған дерт есігімізді қайта қағып тұрғандай. Қазақстан түгілі әлемнің бірқатар мемлекеті сақтық шараларын қолға алып, аурумен арпалысып жатқаны жасырын емес.
25 Шілде, 2022
АҚШ Таяу Шығыс пен Тынық мұхиты елдеріне «жорыққа» шықты. Өткен аптада Джо Байден Израиль, Палестина, Сауд арабиясына ат басын тіресе, АҚШ-тың Бас штабының басшысы, генерал Марк Милли таяуда Индонезияға келді. Сапар барысында өңірдегі қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселе көтерілді.
25 Шілде, 2022
Қазақстандықтар ТМД құрамасы сапында қатысып еді
Осыдан дәл 30 жыл бұрын, яғни 1992 жылдың 25 шілдесінде Испанияның Барселона қаласында XXV жазғы Олимпия ойындарының алауы тұтанды. Дүбірлі додада 169 мемлекеттен келген 9 356 саңлақ сайысқа түсіп, олар 32 спорт түрі бойынша 257 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жарыстың ашылу салтанаты Каталониядағы Монтжуик жотасында орналасқан, қыршынынан қиылған ірі саяси тұлға Льюис Компанистің есімі берілген ғаламат олимпиадалық стадионда өтті.
25 Шілде, 2022
Бюджетке 7,15 трлн теңге салық түсті
2022 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 106,4%-ке орындалып, 7,15 трлн теңге түскен. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың төрағалығымен өткен Мемлекеттік кірістер комитетінің алқа отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Шілде, 2022
Балабақшаларда заңсыз әрекеттер тыйылмай тұр
Оқу-ағарту министрлігі балабақшалардың жұмысына қатысты ондаған арыз-шағым түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Шілде, 2022
Тамызда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Тамызда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтінім қабылдау 25 шілдеде басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Шілде, 2022
Мемлекет бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант береді
Business.enbek.kz порталында 8 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Шілде, 2022
Қауіпсіздік мәселесі – басты назарда
Оқушылардың жазғы каникулы басталысымен балалардың қауіпсіздігі мәселесі алдан шығады. Ата-аналардың қарауынсыз түнгі уақытта серуендеп, суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерді жағалап кететін жеткіншектер бар. Мұның арты қайғылы жағдайға апаратын оқиғалар аз емес.
25 Шілде, 2022
Электронды құжаттың заңды күші бар
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осыған сәйкес, енді электронды құжаттар заң жүзінде оның қағаз түпнұсқасымен тең дәрежеде қолданылады. Ал ауылдық жерлерде ұялы байланыстың сапасы нашар болғаны үшін операторлар жауапқа тартылады.
25 Шілде, 2022
Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия елдері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтті. Жиын барысында өңір үшін маңызды көптеген бастама көтерілді. Бұл жолғы саммит жаһандық геосаяси ахуал күрделенген сәтпен тұспа-тұс келгендіктен, оның қорытындысы бойынша қабылданған құжаттар «төртеу түгел болса, төбедегі келетінін» анық аңғартып отыр.
24 Шілде, 2022
Италия премьер-министрі Марио Драги елдегі саяси алауыздыққа байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді. Бірақ ел президенті оның бұл шешімін қолдамайды. Сарапшылар Италия саяси дағдарыс пен жаңа сайлауға дайындалуы қажет екенін айтып отыр.
24 Шілде, 2022
Халықаралық сот Мьянманың шағымын қабылдамады
Халықаралық сот Гамбияның Мьянмаға қарсы ашқан «Аракандық мұсылмандарға қарсы геноцидті тергеу» ісіне қатысты шешім қабылдады. Шешімнің қорытындысы бойынша, сот Мьянманың қарсылығын қабылдамады.
24 Шілде, 2022
Біздің елдің көп тұрғыны Еуропаның ескі көлігіне құштар. Ал мынадай жаңалықтан кейін Қазақстанға ескі көліктер су тегінге ағылуы мүмкін. Еуропалық одақ 2035 жылға қарай іштен жанатын жағармай қолданатын қозғалтқышы бар көліктерді сатуға тыйым салмақ. Бірақ бұл бастаманы қарт құрлықтың бәрі қолдай қойған жоқ. Ұйымның мұндай қадамға баруы әлемдегі климаттың өзгеруіне байланысты.
24 Шілде, 2022