Редакция таңдауы
Ойлы жазушы Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы көзі қарақты оқырманның көбіне таныс. Үтір-нүктесіне тоқталмасақ та, біз бен сізді Тағанның тағдыры әлемтапырақ күйге түсіргені даусыз-ау! Ол үнемі «Біз осы неге?» деген сауал тастап барып күйінішін күй қылып толғаушы еді ғой. Бүгінгі таңда кез келген мәселеге Тағанның көзімен қарайтын болсақ, сол сауалды бір емес, жүз, тіпті мың мәрте қоятынымыз анық. Таған демекші, біз осы ретте ұмытылып бара жатқан, «Ағайын – ырысың, көрші – тынысың» деген қазақтың қонақжайлық қағидасына үңілмекпіз.
27 Наурыз, 2022
Масаға таланып, масқара болмасын
Павлодарда масамен болатын «майданға» дайындық басталды. Жылда шыбын-шіркейдің шабуылынан шаршаған тұрғындар құзырлы органдардың қолын мезгілінен кеш сермейтініне қапалы. Байқауымызша, биыл бұл іске жауаптылар масадан бұрын оянған сияқты. Жуықта өңірге 35 тонна «Бактицид» препараты жеткізілді. Жалпы, биыл аталған биологиялық «қарудың» 70 тоннасы қолданылмақ.
27 Наурыз, 2022
Құрылыс нарығына құтқарушы қажет
Қазақстан Ресейден ағылатын арзан құрылыс материалдарының ағынына тап болуы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзі осылай қауіп қылып отыр. Ресей біздің нарыққа құрылыс материалдарын жеткізуші негізгі ел саналады. 2021 жылы Қазақстан көрші елден 772 млн доллардың материалын импорттаған. Бұл – сырттан әкелінген жалпы құрылыс материалдарының 57,6 пайызы.
27 Наурыз, 2022
Қарашығанақ: Әріптестік пен даму – басты басымдық
Әлемдік стандарттар деңгейіндегі сапалы жұмыс «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы қызметінің барлық бағытын ерекшелейді. Бұл талап өндірісте де, әлеуметтік салада да қатаң.
27 Наурыз, 2022
ӘМАТ қорларын бөлуді үйлестіру жұмысын күшейту қажет – Әлихан Смайылов
26 наурызда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша кезекті кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
26 Наурыз, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаевтың премьер-министр кезіндегі фотосы жарияланды
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Telegram желісінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Премьер-Министрі болған жылдары түсірілген суретін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Наурыз, 2022
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Азамат Панбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Наурыз, 2022
Екібастұзда 36 жастағы дәнекерлеуші биіктен құлады
Екібастұзда дәнекерлеуші жігіт қазандық құбырын жөндеу кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Наурыз, 2022
Оқушылар сарайына Президенттің сыйлығы табысталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына жаңа мектеп автобусы сыйланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Наурыз, 2022
Биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Наурыз, 2022
Қасым хан туралы фильм жарыққа шығады
Жуырда Қасым ханның тарихта жүріп өткен жолы, бейнесі, ұлылығы жайында сыр шертетін «Ұлы дала таңы» фильмі жарық көреді, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Наурыз, 2022
Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толады. Осы орайда қанатты қос пырақ бейнеленген айбынды Елтаңбамыздың авторы Жандарбек Мәлібековке көрсетілер құрметтің жөні бөлек. Айта кету керек, осы мерейлі жылда ол сексеннің сеңгіріне шығып отыр. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елтаңба авторын туған күнімен арнайы құттықтады. Сонымен қатар Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Президенті Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
25 Наурыз, 2022
Мәртебелі һәм мәртебесіз театр
Тамаша әлем – театр! Сан түрлі жүрек сырлары мен көңіл күй қайшылықтарының ортақ мәміле тауып, көрерменін көркем ойдың көкжиегіне бойлатып, сұлу сезімнің мұхитына сүңгітетін мәртебелі де мерейлі мекен. Ұлы Мүсіреповше айтсақ, хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер.
25 Наурыз, 2022
Азық-түлік нарығына салмақ түсуі ықтимал
Азық-түлік бағасы өссе халықтың уайымы күшейеді. Басқа-басқа, Қазақстанда уайымның бұл түрі еселеп күш алады. Өйткені табыс төмен, ал инфляция болса ырыққа көнер емес. Ақпанда жылдық инфляция 8,7 пайызды (қаңтарда – 8,5 пайыз) құрап, жылдамдай түсті. Соның ішінде азық-түлік тауарлар бағасының өсу қарқыны 10 пайызға дейін (қаңтарда – 9,9 пайыз) ұлғайғанын Ұлттық банктің өзі де растайды.
24 Наурыз, 2022
Алматыда ғасырлық тарихы бар республикалық «Жас Алаш» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдық мерейтойы қорытындыланды. Басылымның мерейлі белесіне арналған іс-шараны түйіндеген басқосуда үнпарақта әр жылдары қызмет еткен журналистер тарапынан әсерлі естеліктер айтылып, оның қазақ қоғамының қалыптасу жолындағы рөлі кеңінен сараланды.
24 Наурыз, 2022
Елімізде жеке шаруашылықтар көптеп құрылып, мал саны артқан сайын жайылатын жер де тарылғаны жасырын емес. Тіпті бұрыннан бері ауыл халқының азын-аулақ малы тебіндеп келген елді мекен аумағындағы алақандай жердің өзі жекенің қолына өтіп, жер дауы ушығып тұр.
24 Наурыз, 2022
Санкциялар салдарынан сансыраған Ресей минералды тыңайтқыштар экспортына тыйым салмақ. Іргедегі көршінің әлемдік нарықтағы көшбасшы екенін ескерсек, бұл жағдай көптеген елді тығырыққа тіреуі мүмкін. Мұндай шектеу дала жұмыстарына әне-міне кіріскелі отырған біздің шаруаларды да әбігерге салуы ықтимал.
24 Наурыз, 2022
Таяуда Солтүстік Корея ең үлкен құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырды. Бұл туралы Жапония мен Оңтүстік Кореяның әскери шенеуніктері хабарлады. Аталған елдер басшылығының пікірінше, бұл кейінгі жылдарда жасалған арандатушылық әрекеттердің бірі.
24 Наурыз, 2022
Украинадағы қақтығыс: Бір айда не өзгерді?
Украинадағы әскери қақтығыс басталғалы бір ай өтті. Кремльдің тез арада Киевті тұқыртып алуды көздеген әрекеті жүзеге асқан жоқ. Қазіргі таңда ұрыс негізінен позициялық сипатқа көшті. Ресей тарапы үлкен жеңістерге жетіп жатқанын хабарлағанымен, әзірше Херсоннан басқа Украинаның бірде-бір үлкен қаласын басып ала қойған жоқ.
24 Наурыз, 2022
Чехия астанасында «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітабының тұсауы кесілді
Прагада ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына, сондай-ақ «Алаш» қозғалысының мәдени мұрасына арналған дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Наурыз, 2022