Редакция таңдауы
2022 қаңтары – ел тарихындағы жаңа кезең
Соңғы екі-үш ғасырлық қазақ тарихы мынадай тұжырымға негіз бола алады: кез келген халықтың өзін-өзі сақтап, еркін өніп-өсуі оның қуатты ұлттық мемлекеттілігінің болуына тікелей тәуелді.
13 Қаңтар, 2022
Қазақстанда әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті
Қазақстанда әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтар мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлердің жалақысы 25% - ға, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30% - ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2022
Қазақстан Ресейден ет пен сүттің жеткізілуіне тыйым салды
Қазақстан мен Ресей аусылға сезімтал жануарлар мен олардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасымалдауға уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2022
ҰҚК: 14 өңірден террористік қауіптің қызыл деңгейі алынып тасталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және 12 облыста лаңкестік қауіп деңгейі төмендегенін және террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталғанын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2022
Бүгін ҰҚШҰ Қазақстаннан бітімгерлерді шығара бастайды
Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қазақстаннан бітімгерлерді шығаруды бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2022
Өмірдің қызығы мен шыжығы қатар жүреді емес пе, елімізде «Ер өліп, Есіл бұзылып жатқанда» Мысырдан Петропавлға қуанышты хабар жетті. Осындағы Хургада қаласында өткен «Мысыр – шоу әлемінде күн мекені» атты І халықаралық фестиваль-конкурста С.Мұқанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының Sensitive би ансамблі Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
13 Қаңтар, 2022
Қала күзетіндегі академия офицерлері құрметке лайық
Алматыда ереуілшілер шеруі басталған күннен бастап қала қауіпсіздігін қорғау құрылымдары үшін дабыл қағылды. ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының басшылығы тарапынан шұғыл шешім қабылданып, академияның жеке құрамына дабыл жарияланып, арнайы жасақ құрылды.
13 Қаңтар, 2022
Еліміздің әр өңірінде сұйытылған газ бағасы төмендеді. Бұл атыраулық көлік жүргізушілерін де қуантып отыр. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Назаровтың мәліметіне сүйенсек, облыста 89 газ құю стансасы бар.
13 Қаңтар, 2022
«Қазақстан халқына» қоры халықтық сипатта болуға тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі отырысындағы сөйлеген сөзінде шетелдік оқу орындарының 5 филиалын ашу керек екенін айтты. Соған байланысты тарқататын болсақ, шын мәнінде де біз өз сорпамызда өзіміз қайнап, әлі күнге дейін ішіміздегі қалыптасқан жоғары оқу орындарын халықаралық деңгейге шығара алған жоқпыз.
13 Қаңтар, 2022
Инфляциямен күрескіміз келсе, ұсыныспен жұмыс істеу керек
Соңғы екі жыл көлемінде инфляция мәселесі біздің ғана емес, бүкіл әлемнің басты мәселесіне айналды. АҚШ та, Еуропа да инфляциямен күресіп жатыр. Демек, бұл – ортақ проблема. Бір жағынан біздің инфляция ішкі жағдайлар салдарынан жинақталып қалған түйткілдердің нәтижесі іспетті. Көп тауарды сырттан сатып алуымыз себепті импорттық инфляция да күшіне мініп тұр.
13 Қаңтар, 2022
Кәдеге жарату алымы халықтың табысына сай болуы керек
Елімізде кәдеге жарату алымына байланысты әңгімелер ұзақ уақыттан бері талқыланып, қоғамда бұған қатысты сан алуан пікір айтылды. Резонансты мәселеге күні кеше Мемлекет басшысы да тоқталып, ақыры оған нүкте қойғандай.
12 Қаңтар, 2022
Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі соңғы жылдары «Ясауи ізімен» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырып, хазірет мұраларына қатысты деректер жинақтауда. Жуықта осы мақсатпен Көкшетау қаласына ат басын бұрған топ облыстық Әдебиет және өнер музейі қорында сақтаулы тұрған «Диуани хикмет» кітабының қолжазба көшірмесімен танысты.
12 Қаңтар, 2022
Азық-түлік те, дәрі-дәрмек те үзілмейді
Дәтке қуат дейтініміз, жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматыдағы азық-түлік өндіретін кәсіпорындар зардап шеккен жоқ. Қазір бірінші кезекте қалада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр.
12 Қаңтар, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай Мәдениет және спорт министрлігінің былтырғы бастамасы – «Балалар әдебиеті жылы» биыл да жалғасын тауып отыр.
12 Қаңтар, 2022
Шетелдік БАҚ-тар Қазақстан туралы
Алматы қаласындағы қаңтардағы қақтығыс жайлы жазбаған шетелдік БАҚ кемде-кем. Әсіресе, Батыс басылымдарында жарияланған ақпарат ағыны толассыз болды.
12 Қаңтар, 2022
Еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі аяқталды
Қазақстанның бірнеше облысында төтенше жағдай режимінің күші жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Қаңтар, 2022
ТЖ-дан зардап шеккендердің қарыздары бойынша төлемдерді шегеру тәртібі бекітілді
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларды қолдау шараларын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қаңтар, 2022
Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың ардақты ұлы, Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Назарларыңызға еліне елеулі тұлғаның қанатты сөздерін ұсынамыз, деп жазады Egemen.kz
12 Қаңтар, 2022
«Бір атаның баласындай». Қырғыз халқы елдегі жағдайға үн қосты
Бастапқыда бейбіт шеру ретінде басталып, кейін еліміз бойынша жаппай тәртіпсіздікке ұласқан жағдай Алатаудың ар жағындағы ағайындарды да бейжай қалдырған жоқ, деп жазады Egemen.kz.
12 Қаңтар, 2022
«Самұрық-Қазына» қорының мемлекеттік сатып алу үлесі қысқарады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қорының мемлекеттік сатып алу шараларын реттеуді тапсырды, деп хабарлады Egemen.kz.
12 Қаңтар, 2022