Редакция таңдауы
Мұрат Әйтенов Шымкентті халыққа қолайлы қала ету үшін күш біріктіруге шақырды
Бесінші мақсат – Шымкентті халыққа қолайлы ету. Қаламыздың табиғаты жайлы, қысы жұмсақ, су көздері мол. Сондықтан мұнда барлық уақытта қалың халық күн кешкен.
24 Ақпан, 2021
Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді
Елімізде 1 наурыздан бастап карантин талаптары жеңілдейді. Бұл туралы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Ақпан, 2021
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Ақпан, 2021
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Ақпанның 23-24-і күндері Батыс Қазақстан облысында қатты боран соғып, тұрғындарға көптеген қолайсыздық келтірді. Бұл күндері әсіресе төтенше жағдай қызметкерлері тыным таппады, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Түркі академиясының президенті Түркияда бірқатар ұйым басшысымен кездесулер өткізді
Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркия Республикасына іссапары аясында бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Ақпан, 2021
Семейдегі аспалы көпірдің ұшар басына шығып алып, виолончельмен «Көзімнің қарасын» аңырата ойнаған Бағжан Октябрь Сібе көлінің көк мұзында «Ақ Баянды» әуелетті.
24 Ақпан, 2021
Жақында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында бірден төрт жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Көрерменге күн сайын жаңа премьера ұсыну дәстүрі әкемтеатрдың өзі түгіл, қазақ театр әлемінде бұрын-соңды болмаған жаңалық. Театрдың Үлкен және Кіші залында қойылған спектакльдер тақырыбы, көтерген мәселелері, жанрлық ерекшеліктері жағынан әртүрлі болды. Сол тамашалаған төрт қойылымның ішінен белгілі мәскеулік драматург Олжас Жанайдаровтың «Екеуміз» пьесасын бөле-жара қарастырып, сыншылар көзқарасымен арнайы сөз етуді жөн көрдік.
24 Ақпан, 2021
Биыл әскери қайраткер, танымал тұлға, генерал-майор Баһадүрбек Байтасовтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осы орайда белгілі азаматтың өмір жолына, өнегелі істеріне аз-кем үңіліп, шолу жасағанды жөн көрдік.
24 Ақпан, 2021
Бес жылда бір миллион отбасы үйлі болады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында үш мәселе қаралды. Олар – Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы макроэкономикалық саясаттың 2021-2023 жылдарға арналған шараларын үйлестіру бойынша келісім; Тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері; Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы.
24 Ақпан, 2021
Ауғанстандағы «мәңгілік соғысты» аяқтау қажет
СТОКГОЛЬМ. Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына 32 жыл толуына орай Кабулда сөйлеген сөзінде ел президенті Ашраф Гани маңызды мәселеге тоқталды. Ауғанстанды күйреткен азаматтық соғыс Кеңес әскерлерінің кетуінен емес, Ауғанстанның болашағы үшін өміршең жоспар құра алмауынан туындады. АҚШ әскерін елден шығаруды жоспарлап отырғандықтан, осыдан сабақ алуы тиіс.
23 Ақпан, 2021
1928-1930 жылдар аралығында Шу аймағындағы кішігірім аудандар Алматы округінің құрамында болған. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1930 жылдың 23 шілдесінде шыққан қаулысы негізінде округтер таратылып, оның орнына аудандық әкімшілік-аумақтық басқару ұйымдастырылады. Осы қаулымен жаңадан құрылған 121 аудан қатарында Шу ауданы құрылады. Орталығы Шу селосы болып бекітіледі. Аталған қаулының негізінде 1930 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақ АКСР Орталық Комитетінің және Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен бұрынғы Алматы округінің құрамында болған Шоқпар мен Мойынқұм аудандары және Вознесенск (қазіргі Қонаев ауылдық округі) селосы біріктіріліп, Шу ауданы болып қайта құрылды.
23 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысы Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыру бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыру туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Ақпан, 2021
Берік Уәли: Президент жүктеген тапсырмалар «Айтылды» және «Орындалды»
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мемлекеттік органдар тарапынан берілетін құжаттарды цифрландыру процесі қалай жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Ақпан, 2021
Әлеуметтік көмек алатын отбасыларға дәрі қобдишасы таратылады
Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралу деңгейін төмендету мақсатында осы жылдың маусымына дейін 145 мың медициналық дәрі қобдишасы табысы аз, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін жеткізілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Ақпан, 2021
Егер сіз қиын жағдайға тап болсаңыз, несиеңізді қалай өтеуге болады?
Несиелеу - алға қойылған мақсаттарға жылдам қол жеткізу үшін сенімді қаржы құралы. Алайда, несие ауыр жағдайларға, қиындыққа алып келетін кездер де бар. Мәселен, отбасындағы қайғылы оқиғалар, жұмыстан шығып қалу, экономикалық ахуалдың өзгеруі және өзімізге тәуелді емес, бірақ болуы мүмкін басқа да көптеген факторлар.
23 Ақпан, 2021
Алматы әкімі тоғыз қабатты жатақхананың құрылысын тоқтатты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындардың шағымынан кейін тоғыз қабатты жатақхананың құрылысын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Ақпан, 2021
Адамның бет-ажары – оқи білген адамға сырға толы көне кітап тәрізді. Қарсы алдыңда отырған жанның жанарына үңілген сайын жұмбақ бір әлемге енгендей боласың. Кісінің қарашығынан қиялға шомғанын, қияға көз тастағанын, қимасынан айырылғанын айыру оңай. Көзқарасына қоныстанған құпиялар маңдайындағы тағдырдың мәні мен мазмұнындай көрінеді. Жазмышқа мойынсынған пенде ғұмыры не деген аянышты еді.
23 Ақпан, 2021
Қолдан жасалған «істің» құрбандары
Өткен ғасырдың басында халқымызды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргіннің зобалаңы тарихтың ақтаңдағы ретінде көңілден көшпей, жүректен өшпей келе жатқаны рас. Осыған орай, өткен жылғы қарашаның 24-інде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойып, жедел түрде комиссия құрамы да жасақталып, жұмысын бастап кетті.
23 Ақпан, 2021
Адвокат абыройы немен өлшенеді?
Адам құқын қорғау. Адвокаттың басты мақсаты, міне, осы. Сол себепті заң үстемдік құратын елдерде бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те жоғары. Осыдан оншақты жыл бұрын қоғамда «тас лақтырсаң, заңгерге тиеді» деген пікір жиі айтылатын. Конвейерден шыққандай көбейіп кеткен заңгерлердің заң саласында бәсекелестікті бәсеңдетіп жібергені рас. Алайда уақыт бәрін өз орнына қойды.
23 Ақпан, 2021
Сақтандырылмағандар саны көбейді
Қалың жұртшылықты сақтандыру мәртебесімен қамтамасыз ету – МӘМС жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Ұлттық экономика министрлігінің 1 ақпандағы мәліметіне сәйкес Алматыда 1,9 млн тұрғын болса, оның 81,5%-ы сақтандырылған, қалған 18,5%-ы немесе 389 356 адам сақтандырылмаған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев баяндады.
23 Ақпан, 2021