Редакция таңдауы
COVID-19: Сыры қашан ашылар?..
Адамзат баласы өз тарихының ұзын-сонар көшінде көзге көрінбейтін микроорганизмдердің пайдасын да, зиянын да тартумен қоян-қолтық өмір сүріп, дамумен келеді. Осы бір жұмбақ әлеммен «әңгімеде» үлкен жетістіктерге жеттік деп жүргенде аяқ астынан планетаның астан-кестенін шығарған SARS-CoV-2 немесе COVID-19 тозаңның да алып күшке ие екенін көрсетті.
26 Ақпан, 2021
Жақсылық жасасаң, ауылыңа жаса
Қайырымдылық – асыл қасиет. Қысылғанға демеу, жығылғанға медеу болып, жан-жағына шапағат шуағын шашып жүретін жандар аз емес. Олар өздерінің бұл ісін азаматтық борышына балайды. Әсіресе, ел басына қатер төніп, пандемия ушығып тұрған сын сағатта барымен бөлісіп, ауыр жүкті жеңілдеткен атымтай жандар тұтас қоғамға үлгі бола білді.
26 Ақпан, 2021
Көмбедегі көне күй күмбірлейді
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық академиялық кітапханада «Аманат» қазақ күйлері антологиясы» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. Байырғы әрі бірегей күйлер жазылып, цифрлы тасығышпен жабдықталған көлемді еңбек «Сауап» қоғамдық қорының демеушілігімен шығып отыр.
26 Ақпан, 2021
Өңірдің өркендеуі – ортақ игілік
Көктемгі дала жұмыстарын ерте бастаған түркістандық диқандар күні кешегі ауа райының күрт өзгеріп, жаңбырдың соңы қарға ұласқанын жақсылыққа балап отыр. Әсіресе, жаздыгүні су тапшылығын сезінетін жұрт ылғалдың мол болғанын қалайды. Десек те, Түркістан облысында ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандарының құрылысы жүргізілуде.
26 Ақпан, 2021
Ғұлама ғалым, көрнекті қайраткер
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1970-1986 жылдардағы ректоры, Инженерлік академияның және механика-математика институтының негізін қалаған мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Жолдасбеков жайлы сөз қозғағанда көз көргендер мен үзеңгілестері ең әуелі оның еңбекқорлығын алға тартып, «істің адамы еді» дейді. Бүгінде 90 жылдық мерейтойы аталып өтіп отырған, халқына қалтқысыз қызмет еткен көрнекті академиктің Қазақстан ғылымы мен біліміне, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына сіңірген зор үлесін атап өтіп, төрткүл дүниені түгел мойындатқан ғылыми жетістіктерін мақтан етеді.
26 Ақпан, 2021
70 млн тонна мұнай экспортталды
Қазақстандық мұнай экспортының 75%-ы «Каспий Құбыр Консорциумы» магистралдық мұнай құбыры арқылы жеткізілді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының мұнай тасымалдау жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаев хабарлады.
26 Ақпан, 2021
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 23 қаңтарда Жастар жылының салтанаты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде студенттер қауымының еріктілік пен қайырымдылықтың қуатты ресурсы екендігін айта келіп, Үкіметке волонтерлікпен айналысатын студенттердің стипендиясын арттыруды тапсырған болатын.
26 Ақпан, 2021
Алматылықтар көлікті тағы бір авто орталықта қайта рәсімдей алады
1 наурыздан бастап алматылықтарға көлікті қайта тіркеу үшін қала сыртына шығу қажет болмайды. Бұрын №1 мамандандырылған ХҚО-да (Саялы шағын ауданы) көлік құралдарын сатып алу-сатуды рәсімдеу бойынша қызмет көрсеткен барлық операторлар «Avtodom» автокешенінің ғимаратына көшіріледі. Осыған байланысты 27 ақпанда №1 мамандандырылған ХҚО қызмет көрсетпейді, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Ақпан, 2021
Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап БЖЗҚ уәкілетті оператор болып белгіленген банктерде ашылған салымшылардың арнайы шоттарына біржолғы зейнетақы төлемдерін аудара бастады, деп жазады Egemen.kz.
25 Ақпан, 2021
Президент атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Ақпан, 2021
Түркі академиясының басшысы Түркияның бірқатар лауазымды тұлғаларымен кездесті
Халықаралық Түркі академиясының басшысы Түркия Республикасының бірқатар лауазымды тұлғаларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Ақпан, 2021
Президент мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасалатынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау керектігін баса айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Ақпан, 2021
Азаматтар қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуы тиіс - Президент
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Ақпан, 2021
Президент: «Білім» тарифі карантин уақытында қашықтан оқытуға кеңінен жол ашты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында карантин кезіндегі «Білім» тарифінің жетістіктерін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
25 Ақпан, 2021
Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет - Президент
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Ақпан, 2021
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Ақпан, 2021
Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Үкімет Қаулысымен Әлібек Сәкенұлы Қуантыров Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Ақпан, 2021
Табиғатқа қарсы тағылық: Бұған жаңа Экологиялық кодекстің талабы тоқтам сала ма?
Мұнай мен газ секілді табиғи байлықтың үстінде отырған Атырауда тұмса табиғатқа жасалып отырған тағылық тоқтар емес. Соның кесірінен өңір тұрғындарының жұтар ауасы жиі-жиі ластанады. Біресе күкірттің иісі қолқаны қабады. Енді бірде қамыс өртеніп, көкжиектен көтерілген қара түтін көк жүзінде қаптайды. Шаһар маңындағы қоқыс алаңы да әлсін-әлсін отқа оранады. Бірақ қоршаған ортаны ластауға кінәлілердің анықталмай қалатыны, тіпті қандай шара қолданылғаны ашық айтылмайтыны тұрғындарды алаңдатып отыр. Тек кейбір мекемелердің ғана аты аталып, соңында бәрі айыппұл төлеумен құтылады. Ал айыппұл салумен шектелу атыраулықтар жұтар ауаны тазарта ма?
25 Ақпан, 2021
Отандық фармацевтика – дәрі-дәрмек қауіпсіздігінің кепілі
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің барысында коронавирус пандемиясы жағдайында Қазақстандағы экономикалық және инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды қарастыра отырып, отандық фармацевтика саласын дамыту аясында 2025 жылға қарай өндіріс үлесін 50%-ға дейін ұлғайту көзделгенін айтты. Президент медициналық жабдықтар өндірісі белсенді дамып келе жатқанын атап өтіп, аталған саланың инвестициялар үшін ашық екенін және мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
25 Ақпан, 2021
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы ақпан айында 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Міне, содан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған көктемнің алғашқы күні республикамызда тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара достығын, ынтымақтастығын сипаттайтын ізгілік мерекесі ретінде атап өтілуде.
25 Ақпан, 2021