Оқи отырыңыз
Бурабай орманында 19 мыңнан астам ағаш құлап жатыр
Бұл сәуірде болған дауылдың салдары. Мамандардың айтуынша, қатты желден жығылған ағаштардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Себебі табиғи ұлттық паркі аумағы әлі толық қаралмаған. Ал орманшылар ерекше қорғалатын аймақты жыл соңына дейін тазалап үлгермейміз деп отыр.
28 Мамыр, 2020
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне Омаров Бақытжан Бауыржанұлы тағайындалды.
28 Мамыр, 2020
Үндістанда 47 градус ыстық болды
Үндістанның астанасы Делиде кеше қапырық пайда болып, ауа температурасы 47,6 градус ыстықты көрсетті. Мамандардың айтуына қарағанда бұл жағдай бір аптаға жалғасуы мүмкін.
28 Мамыр, 2020
Ақмолада тегін дәрі-дәрмекпен қамту ісі жүйелі жүргізіліп жатыр
Бүгінде облыс бойынша 100 мыңнан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Өңірдегі емханалар жанынан дәріханалық бекеттер бірыңғай жүйе бойынша жұмыс істеп тұр.
28 Мамыр, 2020
Көкшетауда су құбырлары жөнделіп жатыр
Кеше Көкшетау қаласының орталық бөлігіндегі кейбір аудандарға су беру уақытша тоқтатылды.
28 Мамыр, 2020
80 жылдан кейін иесін тапқан хат
Отыз жасар ағылшын солдаты Харри Коул (Harry Cole) 1940 жылы мамыр айынының 26-сы күні анасы мен інісіне майдан даласынан жолдаған хаты арада 80 жыл өткен соң шаңырағына келіп жетті.
28 Мамыр, 2020
Ақмола облысында медициналық мекемеге реанимобиль көлігі сыйға тартылды
Таяуда Есіл аудандық ауруханасының материалдық-техникалық базасы жаңа құрылғымен толықты. Болат Өтемұратовтың қоры 70 миллион теңгеге жаңа аппарат алып берді.
28 Мамыр, 2020
Талдықорғанда үшем дүниеге келді
Сәуір айының соңында Талдықорған қаласындағы облыстық перинаталды орталықта үшем дүние есігін ашқан еді.
28 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 9500-ден асты
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізде тағы 272 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.
28 Мамыр, 2020
Тапсырмалар заң нормасына енді - Сенат депутаты
Кеше ел Президентінің қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтті. Бұл басқосу, негізінен, денсаулық сақтау мен білім беру саласының мәселелеріне арналды. Жиында Мемлекет басшысы осы аталған салаларды одан әрі реформалау бойынша нақты ұстанымдарын жария етті. Кеңес мүшелері де өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
28 Мамыр, 2020
Мұнай өндірісіндегі жоспардың жолы болмай тұр
Былтыр елімізде 90,5 млн тонна мұнай өндірілді. Биылғы меже 90 млн тонна болатын. Алайда «қара алтын» бағасының құбылғаны мен әлемдік экономикадағы тұрақсыздық жоспарды 4,5 пайызға қысқартуға мәжбүр етті. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев есеп беру жиынында айтты.
28 Мамыр, 2020
Мұнай-газ секторының сын сағаты
Соңғы екі жылда бюджетке мұнай сервисі саласындағы компаниялар 1 трлн теңгеден астам қаржы түсіріпті. Осы көрсеткіштің өзі аталған саланың ел экономикасындағы орнын айқын көрсететіні анық. Алайда соңғы бірнеше айдың бедерінде шикізат нарығында қалыптасқан ахуал салаға үлкен қауіп төндіріп тұр. 200 мыңнан астам адам еңбек ететін 2 мыңнан астам компанияның қазіргі жағдайы қалай?
28 Мамыр, 2020
Парасатты азаматтар мен интеллектуалдық қабілеті жоғары, мәдениетті адамдар төтенше жағдай кезінде өзінің және айналасындағылардың денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздігін сақтауға септігін тигізді.
28 Мамыр, 2020
Мемлекеттік тіл: Естір құлақ есті болса...
Бұқара мен билік арасының алшақтап кеткенін айқындаған шетін жағдайлар дер кезінде көпшіліктің тілінде диалог орната алмаған шенеуніктерге әжептәуір сын болғаны анық. Онсыз да оңалмай тұрған істі, қоғамның олқы тұсын қозғағанда мемлекеттік қызметшілерді мінеу азайған емес. Алайда ел ісін үйлестірер мемлекетшіл тұлғаның мемлекеттік тілге келгенде мүлт кетуіне болмайды.
28 Мамыр, 2020
Бұдан былайғы уақытта малсақ қауым төскейді төрт түлікке толтыру үшін ғылымға мойын бұру қажет. Ендігі арада бұрынғыдай «сен салар да, мен салар» көзқараспен бағымдағы малдың санын көбейте алмайтынымыз белгілі болып отыр.
28 Мамыр, 2020
Жатыр мойны обырының алдын алады
Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 15 жыл ішінде жатыр мойны обырына шалдығу көрсеткіші 22%-ға өскен. Былтыр 1830 әйел жатыр мойны обырына шалдықса, 600 әйел осы дерттен қайтыс болыпты. Яғни елімізде күн сайын екі әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады екен. Ал аталған дертке шалдығушылардың орташа жасы – 40-45 жас. Бұл негізінен репродуктивті жастағы әйелдер.
28 Мамыр, 2020
Ұлттық кеңес мүшесі: Ұлттық мектептің үлгісі қажет
Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан өзгерістер негізінен халықаралық талаптарды ескеріп, нақты ғылымдар мен технология, ағылшын тілін оқыту секілді бағыттарға басымдық берді. Сөзсіз, бұл өте маңызды және қажет.
28 Мамыр, 2020
Өнім нарыққа делдалсыз шығарылса Шымкенттік шаруалар үшін өткен жыл жемісті болды. Ауылшаруашылық өнімінің көлемі 29,5 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 6,3 пайызға артты. Оның ішінде, мал шаруашылығы 19,4 млрд теңге, егін шаруашылығы 9,4 млрд теңгені құрады. Мал шаруашылығында ет өнімінің көлемі 24,6 пайызға, сүт өндірісі 1,3 пайызға артты.
28 Мамыр, 2020
Қарағанды облысында «жаман тұмау» жалмаңдап тұр. Әсіресе, Теміртау мен Бұқар жырау ауданында індеттің ірі ошағы пайда болып, «КВИ аурушаңдығы» деген өлшемнің көрсеткішін тым аспандатып жіберді. Жағдай осылайша қалыптасқан соң, өңір басшысы Жеңіс Қасымбек аталған қала мен ауданның әкімдеріне коронавируспен күресті әлсіз жүргізгені үшін сөгіс берді. Ал алдыгүні облыс әкімі жергілікті Saryarqa телеарнасында брифинг өткізіп, өңірдегі қалыптасқан жағдай туралы және атқарылып жатқан шаруалар жайында егжей-тегжейлі айтып берді.
28 Мамыр, 2020
Анжела Жерихтің ізгілікті ирониясы
Анжела Жерихтің суреттерінің ішкі әлемін кейде Феллини мен Бергман фильмдеріндегі кейіпкерлер бейнесінің сиқырымен салыстырады. Әйел жаны туралы айтылған болса мұнымен келісуге де болар еді. Өмірлік тәжірибедегі айырмашылыққа қарамастан, суретші «өткен дәуірдің суреттерін», социалистік реализм стереотиптерінің ретроспективасындағы ізгілікті ирониямен сәтті орындайды.
28 Мамыр, 2020