Оқи отырыңыз
Мерейлі меже Қарасай ауданының құрылғанына 90 жыл толды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ауыл шаруашылығы экономиканың драйвері болуы керек» деген сөзі ел ішіндегі іскерліктің ілгерілеуіне серпін бергендей. Мұның бір дәлелін өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуынан байқауға болады. Мысалы, Алматы облысында ішкі өндірісі жолға қойылған, ауыл шаруашылығы кешеніндегі шикізаттан бастап, дайын өнім экспорттауға дейін қол жеткізген аудандар қалыптасты. Соның бірі – Қарасай ауданы.
09 Қазан, 2019
Жастарды әлеуметтендіру және азаматтық бірегейлік мектебі
Қазақстан тұрғындарының едәуір бөлігі жастар. 4 миллионнан астам жас азаматымыз тәуелсіздік жылдарында өсіп-жетілді. Олар халықтың шамамен 20 пайыздан астамын құрайды.
09 Қазан, 2019
Дзюдо: Бразилияда бағымыз жанбады
Бразилия астанасында дзюдодан өтіп жатқан Гранд-Слэм турниріне Қазақстанның қос балуаны ғана қатысты. Өкінішке қарай, олардың жолы болмады.
08 Қазан, 2019
Мәскеуде таэквондодан Гран-при турнирі өтіп, онда қазақстандық спортшылар 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.
08 Қазан, 2019
Қарабалықта ала елік қайдан жүр?
Мақсат Шәкібаев Қарабалық ауданындағы Михайлов орман шаруашылығына қарасты қайың тоғайының іргесіндегі жолмен келе жатып, ағаш арасынан шыға келген қос елікті көзі шалды.
08 Қазан, 2019
Балалар табиғи астан ажырамаса екен...
Қазіргі жас ұрпақ бұрынғы кездегі балалармен салыстырғанда табиғи тағамнан алыстап барады. Бұл — бүкіл әлемдік мәселе. Ғалымдар бүгінде Орталық Азия аймағында дұрыс тамақтанбау салдарынан балалардың 10 пайыздан астамының бойы дұрыс өспегенін анықтаған. Керісінше, семіздікке шалдыққан балалар көбейген. 2000 жылдан бері семіз балалар саны 80 пайызға артыпты. ЮНИСЕФ зерттеуі бойынша, Орталық Азия аймағы балалардың семіздікке шалдығуы бойынша (10,7 пайыз) әлемде екінші орында. Бұл аймақта 2000-2017 жылдар аралығында бес жасқа дейінгі семіз бүлдіршіндер саны 1,6 миллионнан 3,2 миллионға көбейген. Аймақ халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету көрсеткіші артқан сайын семіздікке шалдыққан балалар да көбейген.
08 Қазан, 2019
Өмірге қайта оралған балаларға өзгеше көмек керек
Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыр дертке шалдыққан балаларға стационарда ем алып шыққаннан кейінгі психологиялық және әлеуметтік оңалтуды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты халықаралық конференция өтті.
08 Қазан, 2019
Перзентханадан шыққан шу: Атырауға Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған комиссия келді
Өткен аптада Атырау облыстық перинаталдық орталығының басшысы қамауға алынды. Алғашында лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды және сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінген бас дәрігерге қатысты кейін тағы бір дерек шықты.
08 Қазан, 2019
Зардап шеккендер дәрігерлік бақылауда
Арыста зардап шеккен әскери қызметшілер одан әрі емделу үшін Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыстырылды.
08 Қазан, 2019
Пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды
Майор Болат Булендин пауэрлифтингтен және оның жекелеген қимылдары бойынша ПҰҚ федерациясында әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ «GOLDEN TIGER – XIII» Халықаралық мультитурнирінде 82,5 килоға дейінгі дәрежеде 4 алтынды қанжығасына байлады.
08 Қазан, 2019
Салтанатты түрде ант қабылдады
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларының барлық «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінде тәрбиеленушілер ұлан антын қабылдады. Салтанатты іс-шараға Қарулы Күштердің ардагерлері, тәрбиеленушілердің ата-аналары қатысты.
08 Қазан, 2019
YouTube Kids: Кішкентай көрермендерді қалай қадағалаймыз?
YouTube – шексіз видеолар желісі. Мамандардың айтуынша, оның көрермендерінің көп бөлігін балдырғандар құрайды. Айтса айтқандай-ақ бүгінде ол кез келген балалы үйдің қызығына айналған. Кішкентай нәрестеден бастап, ойын баласына дейін оның шырмауынан шыға алмайды. Өкініштісі сол, бұл видео желісінде балаға керегі де, қажетсізі де жетіп-артылады. Мұны ескерген мамандар ютубтың балаларға арналған қосымшасын жасады. Біз ол жайында не білеміз?
08 Қазан, 2019
Мекенжай анықтамасы күшін жояды
Қазақстанда ең көп сұраныс жасалатын мекенжай анықтамасы енді атымен болмайды. 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап мекенжай анықтамасын алып тастайды. Бұдан былай азаматтардың тұрғылықты мекенжайы туралы мәлімет мемлекеттік органдардың біріктірілген базасында сақталады.
08 Қазан, 2019
Қазақстанның IT саласы жастардың қолында
Белгілі жас IT-маман, 18 жасында «Жүз жаңа есім» жобасына еніп, отандық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып үлгерген Иван Крепак бүгінде Астанада жаңа ашылған IT университетінің киберқауіпсіздік мамандығы бойынша кәсіби біліктілігін арттырып жүр.
08 Қазан, 2019
Бақытты балалық қауіпсіз ортадан басталады
«Бала – бауыр етің» дейді халқымыз. Үрім-бұтағының бала шағында алаңдап, болашағын бағамдап жүретін ата-ананың кіндігінен тараған ұрпағы үшін жар құлағы жастық тимейді. Сыртқа шықса уайымдап, сырқаттанса мұңайып, жанын қоярға жер таппайды. Тіршілік иесі титтей зәбір көріп зақымданса «сен ауырғанша, мен ауырайын» деп барын беруге, аузына тосуға дайын тұрады. Иә, сондықтан да ата-ана баланы тоғыз ай құрсағында, екі жыл кеудесінде, өмір бақи жүрегінде сақтайды.
08 Қазан, 2019
Адамзаттың асыл перзенттерінің бірі, түрік әлемінің биік шынары, киелі қазақ халқының текті ұлы, сұңғыла сөз зергері, қазақ әдебиетінің бәйтерегі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дара тұлға абызымыз Әбіш ағаның құйрықты жұлдыздай ағып дүние салғанына да біраз жыл өтіпті.
08 Қазан, 2019
Қарабалық аудандық «Айна» газеті облыстағы мерзімді басылымдар арасында уақыт тынысын тап басқан сапалы мақалаларымен, газеттің үздік безендірілуі және жарнамалық менеджменті арқылы оқырмандар сұранысын игеруімен ерекшеленеді. «Егеменнің» Қостанай облысындағы меншікті тілшісі газет редакторы Мәрия Сапаровамен әңгімелескен еді.
08 Қазан, 2019
Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жібек жолы бойындағы сұхбат – 2019» халықаралық мәдениеттану жобасы аясында Тараз қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Жаңғыру. Орта Азия халықтарының тарихи және заманауи тағылымы» тақырыбында шара өтті.
08 Қазан, 2019
Роман Скляр Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты
Германия астанасы Берлин қаласында 7 қазанда маңызды халықаралық іс-шара өтті. Негізгі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр бастап барды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
08 Қазан, 2019
Түркістан облысында мемлекет және қоғам қайраткерлері Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұловтың еңбектерін, өнегелі өмірін ел арасында насихаттау мақсатында Nur Otan партиясының бастамасымен, аудан әкімдіктерінің қолдауымен «Ақсүмбе мен Ақсу-Жабағылы арасы» атты экспедиция ұйымдастырылып, танымдық-тағылымдық іс-шаралар өткізілді. Созақ ауданынан бастау алған мерейтойлық іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұт, қоғам қайраткері, Созақ ауданының Құрметті азаматы Қуаныш Айтаханов, аудан әкімі Салыхан Полатов, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, зиялы қауым өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.
08 Қазан, 2019