Оқи отырыңыз
Елімізде «Иннопром. Қазақстан» атауымен халықаралық өнеркәсіптік көрмесі басталды. Аумағы атшаптырым – 12 мың шаршы метрді алатын алып көрме кешенінде Қазақстан мен Ресейден бөлек тағы бірнеше елдің өнеркәсіп және сауда саласындағы жобалары қойылмақ. Көрме аясында бірқатар жиын жоспарланған, соның ішінде транспорт, авиация, энергетика, көлік құрастыру, химиялық өнеркәсіп және металлургия тақырыптары бойынша кең ауқымды пікірталастар мен жиындар ұйымдастырылады. Алғашқы күні Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей елдерінің үкімет басшылары пленарлық сессияға қатысып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударды.
26 Қыркүйек, 2023
Азия кеңесінің трансформациясы
Бұған дейін жазғанымыздай, Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында Қазақстанның төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Сыртқы істер министрлерінің бейресми жиыны ұйымдастырылды. Жиында Азия кеңесін трансформациялаудың жол картасы мақұлданды. Біле білсек, бұл – ұйымның жаһандық мәртебесін көтеріп, деңгейін арттыратын бірегей қадам.
26 Қыркүйек, 2023
«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы мен «РСК Банк» ААҚ (Қырғыз Республикасы) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қол қою рәсімі қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесі мен Қазақстан мен Қырғызстанның I өңіраралық ынтымақтастық форумының алаңында өтті.
26 Қыркүйек, 2023
Бразилия депутаттарымен кездесті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Бразилия Федеративтік Республикасы Ұлттық конгресі Сенаты депутаттарының делегациясымен – «Бразилия – Қазақстан» достық тобының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар парламентаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
25 Қыркүйек, 2023
«Кітап-Amanat» жобасы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, жұртшылықты оқуға ынталандыруға, отандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған. Жуырда партияның Алматы қалалық филиалында жобаның тұсаукесері өтті.
25 Қыркүйек, 2023
«Kazakhstan Growth Forum-2023»: Халықаралық бизнестегі сенім мен тәуекел
Таяуда Алматыда өткен «Kazakhstan Growth Forum-2023» басқосуында бизнес үшін заманауи сын-қатерлер мен еліміздің суырылып алға шығуына кедергі болып отырған факторлар кеңінен талқыланды. Жиналғандар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы туралы ойларын ортаға салды. Былтырғыдай емес, бұл жолғы Жолдаудың саясатқа емес, негізінен экономикаға бағытталғанын ел бағамдап үлгеріпті. Жолдау барысында көп көңілінен шыққан бағыттардың бірі – әскери-өнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық беріліп, назар аударылды. Бұл міндет өз қауіпсіздігімізді қорғауымыз үшін қажет. Тап осы бағытта біздің басқа елдерге тәуелді екеніміз, нақ осы фактор егемендігімізге үнемі сырттан қауіп төндіретіні жиі айтылып жүр. Саммит барысында қорғаныс саласына басымдық беру мыңдаған шағын кәсіп көзін ашуға мүмкіндік беретіні де айтылды.
25 Қыркүйек, 2023
Жасөспірімдер архивпен танысты
Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ұйымдастыруымен биыл екінші рет «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында еліміздегі барлық мемлекеттік архивтер мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталықтарында ашық есік күні өтті. Мәдени іс-шараға 15 мыңнан астам жасөспірім қатысты.
25 Қыркүйек, 2023
Түркі әлемі математиктері – Түркістанда
Математика – барлық ғылымның тұңғышы. Көшбасшы ғылымның көсемдері Қожа Ахмет Ясауи университетіне жиналып, Түркістанда Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік конгресі өтті.
25 Қыркүйек, 2023
«Жыл волонтері» халықаралық байқауы басталды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Қыркүйек, 2023
Жеңісімді қайтыс болған құрбыма арнаймын - Әбиба Абужақынова
Қытай қаласы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан күміс медаль жеңіп алған Әбиба Абужақынова жүлдесін құрбысына арнайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2023
Құжаттарды рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынады
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ ізі алынады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында Көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Нұржан Жанабаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2023
Алдағы үш күнде найзағай ойнап, жел соғады
Қазақстан синоптиктері 26-28 қыркүйек күндері қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2023
Тоғызқұмалақтан оқушылар арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды
Алматы қаласында еліміз бойынша тұңғыш рет оқушылар арасында (U-15, U-17) тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатының төрт күндік сайыс қорытындысында «рапид» және «блиц» бойынша ең мықтылар анықталды. Нәтижесінде Қазақстан командасы сегіз алтын медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп жазады Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2023
Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай жеңілді
Бокстан 48 келі салмақта әлем чемпионы деген атаққа ие Санжар Тәшкенбай Ақтау қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалында жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2023
Азия ойындары: Алғашқы жарыс күнінің нәтижесі
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының 24 қыркүйектегі жарыс нәтижесін Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2023
Нұрсұлтан Тұрсыновқа жүлде емес, жолдама бұйырды
Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Дүниежүзілік доданы грек-рим күресінің балуандары түйіндеді. Өкінішке қарай грек-рим күресінің балуандары жаппай жығылып, жүлдесіз қайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2023
Кәсіпкерлер заңдық көмекке зәру
Сенат депутаттары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, өндірістік кәсіпорындарды аралады. Олар «Caspi Bitum» БК» ЖШС, «Ақтау Теңіз Сауда Порты» ҰК» АҚ, «Chem-Invest Export» ЖШС, «Topan Chemical Industries» ЖШС және «Caspian Safety Group» ЖШС-нда болып, өндіріс орындары ұжымдарымен жүздесті.
25 Қыркүйек, 2023
Өңірге іссапармен келген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жас ғалымдармен жүздесіп, оқу орнының жай-күйімен танысты. Сондай-ақ оқушылар мен менторларға арнайы дәріс оқып, білім сапасын арттырудың маңызын түсіндірді.
25 Қыркүйек, 2023
Алматыда Шанхай ынтымақтастық ұйымы Жастар кеңесінің аясында «Жастар кеңістігі: Әділетті әлем және келісім» халықаралық жастар саяси лагерінің жұмысы басталды. Іс-шараны «Amanat» партиясының «Жастар рухы» қанаты ұйымдастырды.
25 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты.
24 Қыркүйек, 2023