Оқи отырыңыз
Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен биылғы Балалар жылы аясында еліміздің барлық мемлекеттік архивтерінде жүзеге асатын «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жоба бойынша елорда төрінде орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінде ашық есік шарасы өтті.
25 Қыркүйек, 2022
Елордадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Андреа Бочеллидің репертуарындағы әйгілі ариялар мен әндер» атты керемет кеш өтті.
25 Қыркүйек, 2022
Алматыдағы марафон кезінде қайғылы жағдай болды
47 жастағы 10 км қашықтығын жүгірген Рүстем Садықов мәре сызығын кесіп өткеннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz марафонды ұйымдастырушылар комитетіне сілтеме жасап.
25 Қыркүйек, 2022
Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр
24 қыркүйекте Астанада Атырау және Батыс Қазақстан облыстары тауар өндірушілерінің дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
24 Қыркүйек, 2022
Ұлытау облысының жүргізушілері мемлекеттік нөмір ала бастады
Ұлытау облысында 20-шы өңірді белгілейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері беріле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қыркүйек, 2022
Сирия жағалауында 50 мигрант суға батып кетті
Заңсыз мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 53 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Ливанның көлік министрі Али Хамиенің мәлімдемесіне сүйеніп.
23 Қыркүйек, 2022
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның батыс облыстарына, одан кейін шығысқа қарай жылжып, еліміздің қалған бөлігіне әсер етіп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
23 Қыркүйек, 2022
Астанада ШЫҰ Бас прокурорларының отырысы өтіп жатыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алқалы жиын қатысушыларына құттықтау жолдады. Құттықтауды ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қыркүйек, 2022
Бал түсімін тонналап өлшер еді...
Шығыста балдың отаны – Катонқарағай. Әсіресе Коробиха, Барлық секілді тау ішіндегі ауылдарының әр ауласы ара бағып, бал шайқайды. Катонның өзінде де бал сапырып отырғандар аз емес. Кеше ғана араларын қыс маусымына дайындап жүрген омарташы Ғарап Сафинді көріп, шаруашылықтың аужайын сұрасқанмын.
23 Қыркүйек, 2022
Жаңа Қазақстанда – жаңа сайлау
Жылды жаңадан сайланған президентпен аяқтағалы отырмыз. Негізі, сайлау өтетіні туралы кейбір сарапшылар ашық айтып та жүрді. Ондай болжам жасауға саяси-әлеуметтік оқиғалардың себеп болғанын жоққа шығара алмаймыз.
23 Қыркүйек, 2022
Алдағы президент сайлауы – конституциялық реформаның заңды жалғасы. Ата Заңымыздың шамамен үштен бірі жаңартылды. Осылайша Президент жариялаған саяси трансформацияны жүзеге асыру басталды. Сондықтан бұл саяси институттарды қайта іске қосу үшін кезектен тыс президент, парламент және мәслихат сайлауын өткізу қажет.
23 Қыркүйек, 2022
Бұрылуға мұрша жоқ қарбалас кезде резеңке қайығымызды арқалап, Бұқтырмаға қарай түскенбіз. Тамыздың аяқ шені. Шөп науқанының дәл қызған тұсы-тұғын. Еңбекке жараған елдің бәрі қыс қамы үшін жанталасып жүр. Ал біз келімді-кетімді туристермен жағаласып, рафтинг жасап қайтпақпыз.
23 Қыркүйек, 2022
Тірлігінің кенеуі кеткен Тегістік
Ескі «Хонда» көлігі асфальт жолдың апшысын қуырып, жүйткіп келеді. Бағытымыз – Ресеймен шекара түбінде орналасқан Тегістік елді мекені. Рульдегі Ерғанат есімді азамат әлгі ауылда туып-өскенін, қазір қалада тұрақтаса да туған топырағына аңсары ауып тұратынын айтады.
23 Қыркүйек, 2022
Зергерлік бұйымдарды тасымалдау бақыланады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасы аясындағы кезекті жиында асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды экспорттау мен импорттаудағы түрлі кедергілер талқыланды. Бейнебайланыс режімінде ұйымдастырылған басқосуға ведомствоның жауапты өкілдері, сынақ палаталарының қызметкерлері және қазақстандық зергерлік бұйымдарды өндірушілер мен өткізушілер қатысты.
23 Қыркүйек, 2022
Өнеркәсіптік бақ шаруашылығын дамыту табиғи өнімдер нарығына серпін береді
Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Талғар» өңірлік филиалындағы помологиялық бақта «Жеміс-көкөніс шаруашылығы саласында ғылымды дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
23 Қыркүйек, 2022
Тілге құрмет – тәрбие ошағынан
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына және Қазақстан халқының тілдері күніне орай Достық үйінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
23 Қыркүйек, 2022
Кеңес кезеңінде бүлініп, тоқырау жылдарында қараусыз қалған Қапал мешітінің жай-күйін бұған дейін де жазғанбыз. Өңір журналистері де дабыл қағып, қасиетті нысанның қирағалы тұрғанын көтерген еді. Енді, міне, ел назарын аударған жағдай оң шешімін табатын болыпты. Мұны осы істің басы-қасында жүрген журналист Қажет Андас айтты. Алдағы уақытта рухани ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне қызмет ететін болады.
22 Қыркүйек, 2022
Кен орны қалдықтарын реттеу жүйесі
Теңізшевройл (ТШО) Атырау қаласында қалдықтарды реттеу бойынша форум өткізді. Форумның мақсаты – отандық компаниялардың қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы тәжірибесімен, соңғы жетістіктерімен танысу. Әлеуетті қызмет жеткізушілерін іздеп, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату әдістері бойынша халықаралық тәжірибелерді қарастыру.
22 Қыркүйек, 2022
Ташкентте татамиге кімдер шығады?
6-12 қазан күндері Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Төрткүл дүниенің ең мықты балуандары бас қосатын байрақты бәсекеде Қазақ елінің намысын кімдердің қорғайтыны белгілі болды.
22 Қыркүйек, 2022
Халықтың қалауымен Нұр-Сұлтан қаласы қайта Астана болып бекіді. Бұл да – бір тарихи оқиға. Тереңнен тартсаңыз, талай рет аты жаңарған әсем шаһарға Астана есімі әр беріп тұрғандай. Айтуға оңай һәм астарлы. Әсіресе жастарды ерекше күйге бөлейді. Мұны «Менің қаламның тарихы» атты экскурсиялық көрмеде байқадық.
22 Қыркүйек, 2022