Оқи отырыңыз
Президент апатты үйлерді қаржыландыруды тапсырды
Мемлекет басшысы Үкіметке тұрғын үй құрылысы мен тозығы жеткен тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайтуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қазан, 2022
Астанада Қазақстан драма театрларының фестивалі басталды
Бүгін Астанада Қазақстан драма театрларының республикалық XXVIII фестивалі жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қазан, 2022
Ауылдарды көгілдір отынға қосу науқаны жоспар бойынша ілгерілеп келеді. Күні кеше Көксу ауданына қарасты Бесқайнар ауылының тұрғындары табиғи газға қосылды. Жергілікті халықтың қуанышында шек болған жоқ. Қытымыр қыс та иек астында тұрғандықтан бұл сәт тұрғындардың көптен күткен мерекесі еді.
19 Қазан, 2022
Қостанай ауданындағы «Арғымақ» ипподромында ұлттық ат спортынан Қазақстан чемпионатының қорытынды кезеңі өтті. Республикалық «Бәйге» федерациясы мен Қостанайдағы ұлттық ат спорты федерациясы мұрындық болған спорт мерекесінде қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар ойындарын тамашалап, аламан, құнан жарыстары ұйымдастырылды.
19 Қазан, 2022
Бас шаһарда театр тойы! Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 18-23 қазан аралығында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалі өтіп жатыр.
19 Қазан, 2022
«Иілгіш шеге» – озық технология
Профессор Х.Мақажанов атындағы көпбейінді Қарағанды ауруханасындағы балалардың ортопедия бөлімінде жарты жылда 385 шұғыл операция жасалды. Бұдан бөлек, 160 балаға жоспарға сай операция сәтті өтті.
19 Қазан, 2022
«Сөз сүйектен өтеді» деген рас-ау. Әлеуметтік желі арқылы бір сөз айтып, тұтас бір ұлттың намысын таптайтындар жиілеп кетті. Осы орайда елорда көпшілікке әлеуметті желілерде этносаралық «өшпенділік тілін» еңсеру бойынша әдеп кодексі және әдістемелік нұсқаулық таныстырылды.
19 Қазан, 2022
Кәсіпкерге – мемлекеттік қолдау
Бизнесті мемлекеттік қолдау кәсіпкерлік секторды ынталандыруға мүмкіндік береді. «Даму» қорының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Олег Пак қордың кәсіпкерлерді қаржылық қолдау нәтижелері туралы айтты.
19 Қазан, 2022
Жетісуда жыл басынан бері облыс экономикасына 156,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Ал сауда айналымының көлемі 235,2 млрд теңгені құрап отыр. Бұл өз алдына жеке отау болған өңір үшін жаман көрсеткіш емес. Қазір экономиканың барлық саласында 22 358 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 11 278-і тұрақты. Облыс бөлінгенде өнеркәсіп саласына күмәнмен қарағандар көп болды. Десе де бүгінде 195,5 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Алдағы жоспар да ауқымды.
18 Қазан, 2022
Дулат Исабеков әлемі халықаралық театр фестивалінде биіктен көрінді
Көрнекті жазушы, дарабоз драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің 80 жас мерейтойына орайлас өткізілген ІІ халықаралық «Исабеков әлемі» театр фестивалі өз мәресіне жетті. Қарыз бен парыз алдындағы азаматтық ұлы мұратын бір түгендеп, өз-өзінен есеп алып, елге есеп беруді жөн көрген жазушы-драматургтің мерейтойын әдебиетіміздің қуанышы десек, жайдақтау сипаттағанымыз, ең бастысы, ұлттық театр өнерінің мерекесіне айналған мұндай фестивальды рухани кеңістігіміздің қазынасы, жетістігі деп бағалағанымыз жөн.
18 Қазан, 2022
Астанада «Керуен» сауда орталығында «Аmanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «Біздің волонтерлер» фотокөрмесі өтіп жатыр. Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев «Жастар рухының» волонтерлері әрқашан алдыңғы қатардан табылатынын атап өтті.
18 Қазан, 2022
Сырдария өзеніндегі қатарынан бірнеше жылға созылған су тапшылығының зардабы облыстың бар саласына әсер етіп келеді. Әсіресе несібесін жерден терген диқандардың алаңы айрықша. Жерге түскен дән ораққа ілінгенше тыным таппайтын шаруалар биыл да тәуекелмен іс бастап, қара күзде көңіл тоғайтарлық нәтижеге жетті. Диқандар жалпы 188 500 гектар жерге егін екті, оның 78 600 гектары – күріш. Осы негізгі дақылдың әр гектарынан 56,7 центнерден өнім алынды.
18 Қазан, 2022
Түркістан облысында осы жылдың 9 айында 66,4 мың адам жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос орындарға – 32,8 мың адам қабылданып, белсенді жұмыспен қамту шараларымен 28,1 мың адам қамтылған. Ұлттық жобалар шеңберінде 5,4 мың адам жұмысқа орналасқан. Жұмыс орындарымен қамту мониторингін жүргізу тәртібіне сәйкес азаматтарды жұмысқа орналастыру олар үшін міндетті зейнетақы аударымдарымен расталады. Өңірде бұл көрсеткіш 64%-ды құрайды. Облыстағы ең төменгі көрсеткіш Жетісай ауданында (47%).
18 Қазан, 2022
Тәуелсіз еліміздің аспанын бағындырып, қазақтың атын асқақтатқан Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі екенін білесіз бе? Осы қарашаңырақтан қанат қаққан ғарышкер қара аспанды қақ жарып, қазақтың намысын көкке қатар алып ұшты. Ержүрек ұл елге оралғаннан кейін, өзі тәлім алған білім ордасына тағзым еткені бар. Сол аяулы сәт көз алдымызда әлі алаулайды.
18 Қазан, 2022
Атырау облысында ана өлімі азаймай тұр. Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев та жасырмайды. Оның дерегіне сүйенсек, былтыр жиырма жүкті әйел көз жұмған. Оның ішінде он алты әйел коронавирус инфекциясынан қайтыс болған. Биылғы 9 айда екі ананың, ал қазан айының өзінде 3 жүкті әйелдің қайтыс болғаны тіркеліп отыр.
18 Қазан, 2022
Қазақта кім өтпеген? Білеріміз – бір тоғыз, білмейтініміз – тоқсан тоғыз. Өйткені өзін өзі сақтау түйсігі арқылы осы күнге жеткен ұлтта білмегенін біле қоярдай мұрсат болмады. Содан да Тәуелсіздікке дейін тірі қалу үшін тіршілік кешкен біз тұлғаларымызды толық түгендеп біткен жоқпыз.
18 Қазан, 2022
«Нан болса – ән болады» деген нақылдың бәсі әр кезде де биік болып қала бермек. Ал дастарқанға қойлар нанның негізі дән еккен шаруалардың егіс алқаптарында қаланатыны анық. Қазір аймақтарда алтын күзбен бірге алтын дән жинау науқаны да қызып тұр. Болжам бойынша биыл ел қамбасына күткендігіден де көп мөлшерде астық түсуге тиіс.
18 Қазан, 2022
Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының басымдықтарын жүзеге асыру мақсатында өңіріміздің бір топ жастары еліміздің ежелгі қалаларының бірі санатындағы – Тараздың тарихи нысандарымен танысып қайтты.
18 Қазан, 2022
Қазақ спортқа, оның ішінде жекпе-жек түрлеріне икемді халық. Әсіресе күрес десе ішкен асымызды жерге қоятынымыз жасырын емес. Абай облысының Үржар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында балуандық өнерді серік еткен жастар көп. Ерекшелігі сол, айдынды Алакөлдің маңында орналасқан бұл ауылда заманауи спорт инфрақұрылымы жоқ болғанымен бұқаралық спорттағы көрсеткіштері көз қуантарлықтай.
18 Қазан, 2022
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық деңгейдегі дипломатиялық базар аясында Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінде киіз үй құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қазан, 2022