Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони келіссөздер қорытындысы бойынша Стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ...
Сталиндік репрессияның мыңдаған құрбанының бірі – Үмбет Жаманов. Бүгінде аты-жөні мүлдем айтылмай, ұмытылған тұлға. 1938 жылы «халық жауы» деген айыппен ату жазасына кесілген, әйел, баласы қуғында жүріп аштан өлген, қызы Балалар үйінде тәрбиеленіп, кейін КСРО Халық әртісі атанса да, әкесі туралы жақ ашуға қорыққан Үмбет Жаманов кім еді? ...
Әлемдік әдебиет тарихында авторының емес, шығармасының торқалы тойы аталып өткен сәттер сирек екен. Кеше Алматыда қазақтың ақиық ақыны Олжас Сүлейменовтің атақты «АЗиЯ»-сының жарты ғасырлық торқалы тойына арналған халықаралық конференция «Түркіславтанудың тууы» деген тақырыпта өтті. Кәсіпкер Болат Өтемұратов қорының демеушілігімен шығарма жаңа үлгіде оқырманымен қайта табысты. Бұл жиын ЮНЕСКО-ның 2022–2029 жылдарға арналған Орта мерзімді стратегиясы, Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық онжылдығы, Халықаралық байырғы тілдердің онжылдығы (2022–2032) және ЮНЕСКО-ның білім қоғамдарын нығайтуға күш салуы аясында өтті. ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы алаңында мәртебелі меймандармен бірқатар кездесу өткізді. ...
Экономика, энергетика, геосаяси байланыс, халықаралық сауда, технология, мемлекетаралық қатынастар бағытында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздеген Астана халықаралық форумы (АХФ) өз жұмысын бастады. Форумға әлемнің бірқатар елі мен жетекші халықаралық ұйымдар атынан 160-тан астам спикер қатысып жатыр. Олар екі күн бойы мемлекетаралық қарым-қатынас моделін, жаңа жаһандық әріптестік құрудың келешегін қарастырады. Форумды ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынның әлемде белгісіздік белең алған кезеңде өтіп отырғанын, мұндай сын сағатта лайықты жауап бере білудің маңызды екенін айтты. Президент форум аясында жаһандық экономика, өңірлік ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер жөнінде нәтижелі пікір алмасудан үмітті екенін жеткізді. ...
Үш ауысымда оқу, жай-күйі апаттық жағдайдағы мектептер өкінішке орай, өңірімізде бар мәселе. Президенттің «Келешек мектептері» ұлттық жобасы осы бір жетіспеушіліктің орнын толтырып, білім сапасын оңалтады. ...



Сарапшылар
Көп оқылғандар