• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2016

Маңызы зор кездесу

317 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында сауда-эко­но­микалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынты­мақ­тастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Мемле­кеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде де пікір алмасты. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қаты­нас одақ­тастық сипатымен ерекше­ле­нетінін атап өтті. – Біздің республика – Бе­ла­русьтің жетекші экономикалық серіктесінің бірі. Жұмсалған күш-жігер арқасында соңғы жылдарда көптеген бірлескен кәсіпорындар құрылды. Өзара  тауар айналымының деңгейі қазіргі ахуалға байланысты аздап төмендеді, бірақ оның нақты жалпы көлемі сол қалпында қалды. Елдеріміздің интеграция мәселелеріне қатысты көзқарасы ортақ, халықаралық саясатта да ұстанымдары ұқсас. Біз Сізбен тұрақты түрде кездесіп отырамыз, қазіргі кезде стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жұмысын жүргізудеміз. Көптеген мәселелер бойынша, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл, өңірдегі және тұтас әлемдегі ахуал жөнінде пікір алмасу үшін біздің кездесуіміздің маңызы зор, – деді Қазақстан басшысы. А.Лукашенко қазіргідей күр­делі жағдайда сенімге негізделген мұндай келіссөздердің әрдайым пайдалы екенін атап өтті. – Былтыр біздің арамыздағы тауар айналымының деңгейі төмендеді. Бұл үдерісті кері ба­ғытқа түсіру қажет. Біз – бір эко­но­микалық одақта жұмыс жүргізіп отырған жақын мемлекеттерміз. Бізге қарым-қатынасымыздың іргетасын – сауда мен экономиканы нығайтқан жөн, оның үстіне, біз қай жолмен ілгері басуы­мыз керектігін айқындап та алдық. Бұл бағытта жасалған нәрсе аз емес, бірақ бізге осы жағдай­дан тезірек шығу үшін қарым-қаты­насымызға тың серпін беру керек. Халықаралық аренада біз Сіз­дің елге БҰҰ аясында да, сондай-ақ, жаһандық құжат – «Әлем. XXI ғасыр» манифесіне қатыс­ты да қолдау білдіреміз. Біз кө­птеген бағыт­тар бойынша Қазақ­стан тара­пымен бірлесе жұмыс жүргі­зуге әзір­міз, – деді Беларусь Прези­денті.
Соңғы жаңалықтар