Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.
31 мамыр күні Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Оның жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев және Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қатысады деп жоспарланып отыр.
Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының қазіргі мәселелерін қарастырып, оның бірқатар мемлекеттермен сауда саласындағы өзара ықпалдастығының дамуына қатысты мәселелерді талқылау көзделуде.