• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2016

ҰБТ тапсырмалар базасын қалыптастыру құпиясы

554 рет
көрсетілді

Сарыла күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Түлектердің көңілдері орындарына түсіп, барлығы мектеппен қоштасу кешін күтіп жүр. Еліміздегі басты емтихан өткеннен кейін Ұлттық тестілеу орталығында да жұмыс аяқталды деп ойлап қалуға болады. Бірақ олай емес. Міне, тура осы мәселе төңірегінде бүгін сөз қозғамақпыз. Еліміздегі білім беру жүйе­сіндегі барлық сыртқы емтихандар мен мониторингтер түрлерін ұйымдастыру және өткізуге арнап тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру ҰТО-ның негізгі мақсаты болып табылады. Оларға ұлттық бірыңғай тестілеу, талапкерлерді кешенді тестілеу, оқу жетістіктерін сырттай ба­ғалау, жалпы орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттес­таттау, педагог қызметкерлердің біліктілігін тестілеу, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі (Қазтест), жоғары білімнен кейін­­гі білім алуға қабылдау ем­ти­хандары жатады. Жоғарыда аталған әр емти­ханға жеке дара тест тапсыр­маларының базасы қа­лып­тас­тырылады. Осы орайда «Орта білімге арналған тапсырмалар базасын кімдер қалыптастырады?», деген сұрақ туындауы мүмкін. ҰТО-да жыл бойы 200-ден астам қызметкер еңбек етеді және олардың әрқайсысының атқа­ратын белгілі бір міндеттері бар. Қазір сіздер осы мақалада жаңа тест тапсырмасына өмір сый­­лайтын, ҰТО-ның қызықты­ бөлімшесі, Орта білім беруде­гі­ тест тапсырмаларын қа­лып­­­­тас­ты­руды ұйымдастыру бас­қар­масы туралы ақпарат аласыздар. Тестіленушінің қолына емтихан кезінде жеке өзіне арналған сұрақ-кітапшасын беру үшін, аталған басқарманың мамандары әр пән бойынша тест тап­сырмаларының нысаны, саны, оқу бағдарламасының бағаланатын материалдары нақтыланған құжат  құрас­тырады. Ол құжат – тест сипаттамасы деп аталады. Басқарма мамандарының атқаратын келесі үлкен міндеті – мектеп мұғалімдеріне тест тапсырмаларын қалай әзірлеп, қалай тексеру керектігін үйрету болып табылады. Басқар­ма ма­мандары ол үшін еліміз­дің бар­лық аймақтарының мұғалім­деріне жыл сайын оқыту семинарларын жүргізеді. Оқыту семинарларының бағдарламасы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып құрастырылған. Мұғалімдерді оқытқаннан кейін, тест тапсырмаларын әзір­леу жұмыстары жүргізіліп, ол тапсырмалар кемінде екі рет сараптамадан және еліміздің мектептерінде апробациядан өтеді. Содан кейін ғана тест тапсырмалары базаға енгізіледі. Сол базадағы тест тапсырмаларынан әр пән бойынша тест нұсқалары қалыптастырылады. Жоғарыда айтылған тест тапсырмаларын әзірлеу механизмі жыл бойы жүреді. Ол механизм Орта білім берудегі тест тапсырмаларын қалыптастыруды ұйымдастыру басқармасындағы ғылыми-әдістемелік зертханаларда өтеді. Зертханаларда жоғары педагогикалық білімі, мектепте жұмыс тәжірибесі бар, әртүрлі нысандағы тест тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі бойынша халықаралық сарапшылардан біліктілігін арттыру курстарынан өткен, әрқайсысы өз ісінің маманы болып табылатын 30 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 1 ғылым кандидаты, 15 магистр бар. Олар біріге отырып тест тапсырмаларын әзірлеу үрдісін ұйымдастырады, емтихан қорытындыларын зерттейді, әдістемелік, сонымен қатар ғы­лыми мақалалар жазады, ҰБТ мен оқу жетістіктерін бағалауға арналған оқу-әдістемелік құрал­дарын шығарады. Қорытынды аттестаттауға бас­қа сөзбен айтқанда, ҰБТ-ға ар­нал­ған тест тапсырмаларын қалып­тастыруды ұйымдастыру  зерт­ханасының меңгерушісі Жоламан Асайынов туралы айрықша айтып өткіміз келеді. Еңбек өтілі 30 жыл, математика пәнінің мұғалімі Ж.Асайынов мектеп жүйесін өте жақсы біледі және пән мұғалімі ретінде алған тәжі­рибесін тест тапсырмаларын құ­растыру, мұғалімдерді оқыту барысында барынша пайдаланады. Бұл басқармада кездейсоқ адамдар жұмыс істемейді, оның әр қызметкері өз жұмысын тиімді нәтижеге ба­ғыттайды. Бар­лық қызмет­керлер бірігіп тест тапсырмаларын құрастыру үрдісін ұйымдастырады, емтихандардың нәтижесін зерттейді, әдістемелік және ғылыми мақалалар жария­лайды, ҰБТ, ОЖСБ-ға дайын­далуға арналған оқу-әдістемелік құралдарды құрастырады. Бас- қ­ар­­ма жылдан-жылға кәсіби тұр­ғыда өсу үстінде және ол елеу­лі нәтижелерден көрініс табуда. Қазіргі уақытта қызметкерлер «Оқушылардың білім сапасын бағалауға арналған құралы ре­тінде тапсырма жүйелерін жоба­лаудың ғылыми-әдісте­мелік негіз­дері», «Мектеп оқушы­лары­ның­ ақпараттық-коммуни­катив­тік са­уаттылығын қалып­тас­тыру­­дың ғылыми негіздері» атты екі ғы­лыми-зерттеу жобасын әзірлеуде. Аталған басқарманың ұжы­мы халықаралық ғылыми-тәжі­рибелік конференцияларға бел­сенді түрде қатысып, атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар оқиды. 2015 жылдың өзінде қыз­меткерлер 28 мақала жариялаған. Оның ішінде: Қазақстан Респуб­ликасы баспаларында – 20, Ресей Федерациясында – 3, конференция жинақтарында 5 мақала жарық көрді. Әр қызметкер өз жұмысын жетілдіру мақсатында үйрену қабі­леттерін және жинақылық, креа­­тивтік, икемділік, шап­шаң­дық, қасиеттерін дамыта отырып әдіс­кер, ұйымдастырушы, зерт­теу­ші ретінде өз міндеттерін атқарады. ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК
Соңғы жаңалықтар