• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-3/267

302 рет
көрсетілді

2015 жылғы 30 наурыз, Астана қаласы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және-жол құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі __________ Ә.Исекешев 2015 жылғы « » «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________ Б.Сұлтанов 2015 жылғы « » «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________ Е.Досаев 2015 жылғы « » «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі __________ Қ.Қасымов 2015 жылғы « » Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/267 бұйрығымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрi – машиналар) мемлекеттік тіркеудің тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар – ең жоғары конструкциялық жылдамдығы сағатына елу және елу километрден аспайтын квадроциклдер және қаршаналар; 2) иеленушi – өзіне тиесілі меншік құқығы негізінде немесе заңнамада белгіленген өзге де негіздерге орай, ағымдағы уақыт кезеңінде машинаны іс жүзінде иеленуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 3) машиналарды қайта тiркеу – тиiстi құқықтық негiздер болған кезде машинаның тiркеу деректеріне және тіркеу құжатына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу; 4) машиналарды мемлекеттiк тiркеу – тіркеу пункттерінің машиналарды тiркеу, машиналардың жол қозғалысына қатысуға жіберілгенін растайтын мемлекеттiк тіркеу нөмiрлiк белгiлерін және тiркеу құжаттарын беру жөніндегі қызметі (бұдан әрі – машиналарды тіркеу); 5) машиналарды тіркеу кітабы – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес машина, меншік иесі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (бұдан әрі – нөмірлік белгі), қайта тіркеуге, машиналарды тіркеуден шығару туралы мәліметтерді қамтитын құжат; 6) меншік иесі – заңнамаға сәйкес өзіне тиесілі машинаны өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және билік етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 7) нөмiрлiк агрегат – зауыттық тiркеу нөмiрi бар машинаның негiзгi құраушы торабы (шасси, рама); 8) сәйкестік сертификаты – өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе өзге құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат; 9) тiркеу құжаты – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес машинаның жол қозғалысына қатысуға және пайдалануға жіберілгенін растайтын, машинаға арналған ресми құжат болып табылатын техникалық паспорт. 3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін тіркеу пункттері ретінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, аста­на­ның, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) түсініледі. Тіркеу пункттері машиналарды тіркеуді, уақытша тіркеуді, қайта тіркеуге, тіркеу есебінен шығаруды, сондай-ақ осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Машиналарды тіркеу, уақытша тіркеуі, қайта тіркеу, тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтер бір уақытта машиналарды тіркеу кітабына және өтініш берушіге тіркеу құжаттарын бергенге дейін «Агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған «Е-Agriculture» жүйесі» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. 4. Меншiк иелерi немесе өзге де тұлғалар машиналар өздерінің меншiгіне (иелігіне) түскен, өздерінің меншiгiнен (иелiгінен) шығарылған немесе машиналарды тiркеу, тіркеуге (қайта тiркеуге) өзгеріс енгiзу немесе тіркеу есебінен шығару қажеттілігіне әкеп соқтыратын міндеттемелер туындаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде машиналарды тiркеу (қайта тiркеу) немесе тіркеуден шығару үшiн осы Қағидаларда белгіленген iс-әрекеттердi жасайды. 5. Тiркеу ісін жүргiзу тіркеу пункттері беретін тіркеу құжаттарын ресiмдеу мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жүргiзiледi. 6. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген, басқа тiлде жазылған құжаттар тiркеу әрекеттерiн жүргiзу үшiн мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiне аударылған және бiр тiлден екiншi тiлге аударманың дұрыстығын нотариустың не аударманың дұрыстығын куәландыру жөніндегі іс-әрекеттер жасауға құқығы бар басқа лауазымды тұлғаның қолымен расталған күйінде ұсынылады. 7. Тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге өшіріп тазаланған немесе үстінен жазылған, сызылған сөздерi немесе өзге де келісілмеген түзетулерi бар, сондай-ақ, қарындашпен жазылған осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданбайды. Көрсетілген құжаттардың мәтiнi анық және нақты жазылады. Азаматтардың тегi, аты, әкесiнiң аты олардың тұрғылықты жерiн көрсете отырып, толық ұсынылады, ал заңды тұлғалардың атаулары қысқартылмай және мекенжайларын нақты көрсете отырып ұсынылады, ал олардың мөр және мөртабан бедерлері оқылатындай болуы тиiс. 8. Тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған машиналардың құжаттары: 1) олардың толтырылған күнін; 2) олардың толтырылған орнын; 3) машина туралы мәліметтерді (маркасы, моделі, жасаушы зауыт, шығарылған жылы, машинаның зауыттық нөмірі); 4) өкілеттілігі мөрмен расталатын уәкілетті адамдардың қолын қамтиды. 9. Қазақстан Республикасына әкелiнетін, шетел тауары болып табылатын машиналар кедендiк декларациялаудан және кедендік тазартудан өткеннен кейiн тiркеледi. Қазақстан Республикасына әкелiнетін, Кеден одағының тауары болып табылатын машиналар кедендiк декларациялаудан және кедендік тазартудан өтпестен тiркеледi. 2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу әртібі 2. Параграф. Машиналарды тiркеу 10. Машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) тіркеу пункттеріне мыналарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес өтiнiш; 2) жеке тұлғалар үшiн – өтiнiш берушiнiң жеке басын және мекенжай анықтамысы куәландыратын құжаттың көшiрмесi және түпнұсқасы; 3) заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері; 4) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін немесе мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алымдар төленгені туралы құжат; 5) мынадай жағдайларды қоспағанда, машина: кәдеге жаратылса (жарамсыз болса, есептен шығарылса); машиналарды тіркеу пунктіне байқауға алып келуге кедергi болатын объективті жағдайлар болса (бұзылып қалу, габариті және (немесе) техникалық сипаттамасы мүмкіндік бермесе), машинаның тұрған жерi бойынша инженер-инспектор жасаған машиналарды техникалық байқау актісін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте мұндай актiнiң жарамдылық мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды; 6) шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру) түпнұсқасы немесе көшірмесі, соттың шешiмi немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар немесе мәміленің қарапайым нысаны, ал шаруа (фермерлік) қожалықтарын қоспағанда, жеке тұлғалар арасында жасалған мәміле жағдайында – мәміленің қарапайым нысаны. 7) машинаның тiркеу құжаты және нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баждың төленгенін растайтын құжат; 8) жаңа және қолдан құрастырылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген машиналарға берiлген Қазақстан Республикасының сәйкестiк сертификаты немесе оның қауiпсiздiк техникасының белгiленген талаптарына сәйкестiгiн растайтын басқа да құжат; 9) мемлекеттік кіріс органы куәландырған тауарға арналған декларациясының қөшермесі (кедендік декларация). Меншiк иесiнің немесе иеленушiнің атынан тiркеу іс-әрекеттерін олардың өкiлдерi жүзеге асырған жағдайларда, тiркеу пунктiне осы тармақта белгiленген құжаттармен бірге меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерiн бiлдiруге өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады. Егер мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттiк тiркеуде болған машина ұсынылса, онда тіркеу пунктіне осы тармақта белгiленген құжаттармен бірге бұрынғы тіркеу құжаттары ұсынылады, алайда аталған құжатты ұсынбау мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды. Меншік иелері болып табылмайтын тұлғаларға машиналарды мемлекеттік тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-әрекетін жүзеге асыру үшін тіркеу іс-әрекетінің бастамашылары жеке және заңды тұлғаларға белгіленген құжаттардан басқа тіркеу пунктіне шарттардың (жалға беру, қосалқы жалдау, лизинг, сублизинг, кепiлге беру және басқалар) және машинаны қабылдау-беру актiсiнің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе машинаға иелену құқығын растайтын өзге де құжатты ұсынады. Сондай-ақ тіркеу іс-әрекетінің бастамашылары тиісті тіркеу іс-әрекетін жасауға меншiк иесi (жеке тұлғалар үшін) немесе мөрмен расталған (заңды тұлғалар үшін) заңды тұлғаның бірінші орынбасары қол қойған машина иесінің жазбаша келісімін ұсынады. Егер тiркеу iс-әрекеттерiне ұшырайтын машина ортақ меншiк иелiгiнде болған жағдайда, тiркеу құжаттарында барлық меншiк иелерi көрсетiледi және құжаттар барлық меншiк иелерiнің атынан берiледi. Жеке тұлғаларды ортақ меншіктен ажыратуға негіз болып нотариалды куәландырылған мәміле саналады. Егер меншік иелері 14 жасқа толмаған кәмелеттік жасқа жетпеген азаматтар болса, олардың атынан тiркеу әрекеттерін ата-аналары (бала асырап алушылар) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншы және қамқоршы органдар жасайды. Меншік иелері 14-18 жастағы тұлғалар болған жағдайда, тіркеу іс-әрекеттерін ата-аналарының (бала асырап алушылардың) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншы және қамқоршы органдардың жазбаша келісімімен осы тұлғалар жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың аукциондардан және сауда биржаларынан сатып алған машиналарын тіркеу, тіркеу пункттеріне уәкілетті адамның қолы және мөрімен расталған аукционның хаттамасын және сату-сатып алу шартын ұсынғаннан кейін жүргізіледі. 11. Машиналарды тіркеген (уақытша тіркеген), қайта тіркеген, есептен шығарған кезде қажетті құжаттар тіркеу пунктіне ұсынылады, онда осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеріс жүзеге асырылады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазбалар енгізіледі. Тіркеу іс-әрекеттері өтініш беруші қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде өтініш берушіден құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтініш берушінің талабы бойынша қабылданған қүні оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуды дәлелді жазбаша растау беріледі. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң өтініш берушіге қажетті құжаттарды қабылдау туралы белгісі бар өтініш көшірмесі беріледі. 12. Машинаны тіркеу кезінде инженер-инспектор оларға байқау жүргiзедi. Байқау процесінде зауыттық нөмірлердің, нөмірлік агрегаттардың және нөмiрлiк белгiлердiң машинаға арналған құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін салыстырып тексеру жүзеге асырылады. 13. Тіркеу пунктінің инженер-инспекторы техникалық жарамды машиналарға тиісті түрдегі техникалық паспорттар мен нөмірлік белгілер береді. Бір машинаға бір нөмірлік белгі беріледі. Тіркеу құжаттарын және машиналардың нөмірлік белгілерін жұмсау сериялары мен олардың сандық нөмірлерінің өсу тәртібімен машиналарды тіркеу кітабында жүргізіледі. Келіп түскен және берілген нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың саны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналында көрсетіледі. Машиналарды тіркеу кітабы, нөмірлік белгілер мен техникалық паспорттардың келіп түсуін және берілуін есепке алу журналы, сондай-ақ тіркеу құжаттарының бланкілері және нөмірлік белгілер қатаң есептілік құжаттары ретінде сақталады. Толтыру кезінде бүлінген тіркеу құжаттарының бланкілері және одан әрі пайдалануға жарамсыз нөмірлік белгілер оларды қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын құралдар мен тәсілдер арқылы кәдеге жаратылады, ол туралы тиісті актілер жасалады. Тіркеу пункттерін тіркеу құжаттарымен және нөмірлік белгілермен қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. 14. Тіркеу пункттері беретін тіркеу құжаттары машиналарды тіркеу кітабына тиісті жазба енгізе отырып, тиісті тіркеу пункті инженер-инспекторының қолымен және мөрімен куәландырылады, өтініш берушінің тіркеу құжатын, сондай-ақ нөмірлік белгіні алу фактісі машиналарды тіркеу кітабындағы, сондай-ақ «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорындағы өтініш берушінің қолымен куәландырылады. 15. Жасалған тіркеу іс-әрекеттері немесе тіркеу іс-әрекеттерін жасаудан бас тарту негізсіз деп есептеген өтініш берушілер жоғары тұрған органдарға немесе сотқа шағымданады. 16. Кепілге берілген немесе өзге де ауыртпалық салынған машиналарға қатысты мемлекеттік тіркеу пунктінің кепіл ұстаушының немесе пайдасына тиісті ауыртпалық түрі ұсынылған өзге де адамның мұндай тіркеу іс-әрекеттерін жасауға жазбаша рұқсатын алғаннан кейін жүргізіледі. 17. Тіркелген машиналарға жасалған тіркеу іс-әрекеттері және меншік иелері туралы анықтамалар мен басқа жазбаша ақпарат: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдардың; 2) машиналар иелерінің жазбаша сұрау салуы негізінде беріледі. 18. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың машиналарын тіркеу жалпы негізде жүргізіледі. 19. Қандай да бір себептермен агрегаттардың нөмірі жоқ (шанақта, шассиде, рамада) машиналарға тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу инженер-инспектор осы агрегаттарға пуансонмен биіктігі бес-жеті миллиметр және ені үш-төрт миллиметр жеті таңбалы белгі салғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Бірінші белгі - өңірдің кодын көрсететін әріп, келесі екі сан – тіркеу пунктінің нөмірі, қалған сандар - операцияның реттік нөмірі. Бұл туралы белгі машиналар агрегаттарына берілген нөмірлерді есепке алу журналына және тіркеу құжаттарына енгізіледі. Әр агрегатқа өсу тәртібімен жеке нөмір беріледі және ол осы өңірде қайталанбайды. 20. Жасаушы-кәсiпорыннан, машина жөндеу зауыттарынан, мемлекеттік кіріс органдары мен сауда ұйымдарынан тiркеу орнына өз жүрiсiмен жеткiзiлген, сондай-ақ тұрғылықты жерi немесе меншiк құқығының өзгеруiне байланысты тiркеушi органда тіркеуден шығарылған машиналарға тиiстi жасаушы-кәсiпорын, машина жөндеу зауыты, мемлекеттік кіріс органдары, сауда ұйымдары бір рет пайдалану үшін «Транзит» нөмiрлiк белгiсiн бередi. 21. Машиналарды тiркеу кезiнде «Транзит» нөмiрлiк белгiсi алынады және тiркеу үшiн негiз болған құжаттарға тiгiледi, ал оны жоғалтқан жағдайда жағдайларға түсініктеме берілген, жоғалған жері мен уақыты көрсетілген құжат ұсынылады. 22. Тіркеу құжаттары және (немесе) нөмірлік белгілер жоғалған, бүлінген, қолданыстағы стандарттарға сәйкес келмеген және қолдану уақыты аяқталған жағдайларда тіркеу пункті осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынған кезде осы Қағидаларда көзделген тәртіппен тіркеу құжаттарының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгіні береді. 23. Машиналардың тіркеу құжаттары және нөмірлік белгілері жоғалған кезде тіркеу пункті машинаның бұрын тіркелген орнына сұрау жолдайды. Машиналарды тіркеу кітабынан үзінді көшірме сұрау салу алынған күнінен бастап 5 күн ішінде сұраушы тарапқа ұсынылады. Ағымдағы тіркеу бойынша ұқсас жағдайлар болған кезде меншік иесінің түсініктемесі сұралады және тиісті жазбалар енгізіліп отырған машиналарды тіркеу кітабымен салыстырып тексеру жүргізіледі. 24. Тіркеу пунктіне келіп түскен табылған, олардың орнына телнұсқа және жаңа нөмірлік белгілер берілген құжаттар, нөмірлік белгілер жарамсыз деп саналады және оларды қайта пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын құралдар мен тәсілдер арқылы кәдеге жаратылады, ол туралы тиісті актілер жасалады. 25. Тіркеу пункттері машиналарды тiркеуден (қайта тіркеуден) және тіркеуден шығарудан басқа мынадай iс-әрекеттер жасайды: 1) тiркеген кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес техникалық байқау актiсiн береді; 2) машинаны мемлекеттік (уақытша) тiркеудің бар немесе жоқ екені туралы анықтамалар береді; 3) тіркеу пункттерінде тіркелген машиналардың босаған нөмірлік агрегаттарына құжаттар береді; 4) машиналардың нөмірсіз агрегаттарына (шасси, рама) пуансонмен нөмір салады. 26. Машинаны меншiк иесi (пайдаланушысы) болып табылмайтын тұлғалар пайдаланған жағдайда, тiркеу құжаттарындағы «ерекше белгiлер» деген бағанда машинаның иесi және машинаның пайдалануда болуының негіздемесі (лизинг, жалға беру, мүліктік жалдау шарты, өзге де құжат) көрсетіледі. 27. Заңды тұлғаның жарғысы негiзiнде машиналар өткізуді жүзеге асыратын машина жасаушы зауыттардың, сауда немесе басқа ұйымдардың өткізуге арналған және олардың жеке шаруашылық мақсаттарына пайдаланбаған машиналары мемлекеттік тіркеуге жатпайды. 28. Машиналар жеке тұлғаларға тұрақты тұратын жері немесе уақытша тұру мерзіміне уақытша болу орны бойынша (тұрақты тiркелуi болмаған жағдайда) тіркеледі, заңды тұлғаларға – олардың заңды мекенжайы бойынша, заңды тұлғалардың филиалдарына – мөрмен расталған, заңды тұлғаның жазбаша рұқсатымен филиалдардың орналасу орны бойынша тіркеледі. 29. Машиналарды мемлекеттік тіркеуді жалға беру, лизинг, ипотека, қарыз шарттарына сәйкес олар сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге берілген тұлғалар жүргізген жағдайда, оларға қатысты тіркеу іс-әрекеттері осы келісімдерге қатысушының (қатысушылардың) жазбаша келісімімен жүргізіледі. 30. Тіркеу пункттерінің қызметкерлерi тiркеу iс-әрекеттерiн жүргізген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар негiзiнде жеке тұлғалардың жеке басын анықтайды. Жеке тұлға өкілінің өкілеттігі нотариалды куәландырылған сенімхатпен, заңды тұлға өкілінің өкілеттігі басшының қолымен және заңды тұлға мөрімен куәландырылған сенімхатпен расталады. 14-18 жастағы азаматтардың жеке басын анықтау олардың ата-аналарының (асырап алушыларының), қорғаншылардың (қамқоршылардың) немесе қорғаншылық және қамқорлық органдары өкілінің қатысуымен кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаның туу туралы куәлігін ұсыну кезінде жүргізіледі. 31. Тіркеу орындары жасайтын тiркеу iс-әрекеттерi машиналарды тiркеу орындары бойынша жүргiзiледi. Көрсетілген iс-әрекеттердi басқа жерде жүргiзу туралы шешiм машиналарды тіркеу орны (машина тіркелген орын) бойынша тіркеу пункттері мен тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу жобаланған (өтініш беруші өтінген) орын бойынша тіркеу пункті арасындағы келісім бойынша қабылданады. Өтініш берушінің құжаттары тіркеу іс-қимылдарын жүргізу жобаланған орын бойынша тіркеу пунктінен поштамен машиналарды тіркеу орнына жөнелтіледі. Машиналарды тіркеу орны бойынша тіркеу пунктінің өтініш берушінің өтінішін қанағаттандыруға жазбаша түрдегі келісімі немесе одан бас тартуы тіркеу іс-қимылдарын жүргізу жобаланған орын бойынша тіркеу пунктіне пошта бойынша жолданады. Өтініш берушінің өтініші қанағаттандырылған жағдайда, машиналарды тіркеу орны бойынша тіркеу пунктінде машиналарды тіркеу кітабында тіркеу іс-әрекеттерін жасау туралы тиісті жазбалар енгізеді. Машиналарды тіркеу орны бойынша тіркеу пунктінен келісім алынғаннан кейін, тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу жобаланған орын бойынша тіркеу пунктінде өтініш берушінің машинасымен қажетті тіркеу іс-әрекеттері жүргізіледі. 32. Машиналарды мемлекеттік тiркеу немесе өзге де тіркеу іс-әрекеттері меншік иесі болып табылмайтын тұлғалар үшін жүргiзiлген жағдайда, машина тіркелген тұлғаның иелігінен шығуы не көрсетілген тұлғаның машинаны одан әрі иелену құқығынан айырылуы меншік иесiнiң бастамасы бойынша тиiстi тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзу және кейiннен машинаны меншiк иесiнің атына тiркеу үшін негiз болып табылады. 33. Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен немесе республиканың шегінен тыс жерлерден екі айдан артық мерзімге әкелінген, сондай-ақ жалға беру, лизинг, ипотека, қарыз шарттарына сәйкес сенімгерлікпен басқаруға, шаруашылық жүргізуге берілген машиналарды уақытша тіркеуді жүзеге асыру үшін жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар тіркеу пунктіне: 1) осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаға сәйкес өтініш; 2) техникалық паспорттың түпнұсқасын; 3) машинаны; 4) жалға беру, қосалқы жалға беру, лизинг, сублизинг, сенімгерлікпен басқару, шаруашылық жүргізу, ипотека, қарыз шартының немесе машиналарды иелену құқығын, ал уақытша әкелінген машиналар үшін машиналарды учаскеде немесе аумақта уақытша тіркеуге қоюға меншік иесінің (иеленушінің) келісімін растайтын өзге құжаттың түпнұсқасы мен нотариалды расталған көшірмесін; 5) машинаны республиканың шегінен тыс жерлерден әкелген жағдайда осы Қағидалардың 10-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсынады. Машиналарды уақытша тіркеудің қолданылу мерзімі Қағидалардың осы тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімдеріне сәйкес белгіленеді. 34. Машиналарды уақытша тіркеу кезінде: 1) инженер-инспектор машиналарды байқауды жүргізеді. Байқау процесінде зауыттық нөмірлерінің, нөмірлік агрегаттар мен нөмірлік белгілерінің машинаға арналған құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін салыстырып тексеру жүзеге асырылады; 2) инженер-инспектордың қолымен және мөрімен расталған машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама беріледі. Өтініш берушінің анықтама алу фактісі машиналарды тіркеу кітабында өтініш берушінің қолымен куәландырылады. 2. Параграф. Машиналарды қайта тіркеу 35. Машиналарды қайта тіркеу: 1) меншiк құқығы өзгерген; 2) машиналардың ортақ меншiк құқығы пайда болған, тоқтатылған және ортақ меншiк иелерінің құрамы өзгерген; 3) тұлғаның тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) машинаны тіркеген тіркеу пунктінің қызмет көрсету аумағының шегінде өзгерген; 4) машина тіркелген тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты (атауы) өзгерген; 5) машинаны қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарын ауыстыру, арнаулы жабдық орнату және осыған ұқсас өзге де өзгерістер салдарларынан оның үлгісі өзгерген жағдайда жүргізіледі. 36. Машиналарды қайта тіркеуді жүзеге асыру үшін өтініш беруші тіркеу пунктіне: 1) меншiк құқығы өзгерген жағдайда осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және меншік құқығы өзгеруі құжатын; 2) машиналардың ортақ меншiк құқығы пайда болған, тоқтатылған және ортақ меншiк иелерінің құрамы өзгерген және машина тіркелген меншік иесінің тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және машиналардың ортақ меншiк құқығының пайда болу, тоқтатылу және ортақ меншік иелері құрамының өзгеру және меншік иесінің тұрғылықты жерінің өзгеруі құжатын; 3) машина тіркелген меншік иесінің тегi, аты, әкесінің аты немесе атауы ауысқан жағдайда, осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы ауысуды растайтын құжаттарды; 4) машинаны қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарын ауыстыру, арнаулы жабдық орнату және өзге де ұқсас өзгертулер салдарларынан оның үлгісі өзгерген жағдайда, осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және қайта жабдықтаудан кейін тіркеу пунктінде жасалған машинаны техникалық байқаудан өткізу актісін ұсынады. 37. Машиналарды қайта тіркеу кезінде инженер-инспектор тіркеу құжатына және машиналарды тіркеу кітабына тиісті жазбалар жазады. Тіркеу құжатындағы өзгерістер инженер-инспектордың қолымен және мөрімен куәландырылады. 38. Тораптар нөмірлері мен нөмірлік агрегаттарында тіркеу құжаттарымен айырмашылықтары бар машиналарды тіркеуге өзгерістер енгізу (қайта тіркеу) тіркеу пункті қабылдаған шешімнің немесе сот шешімінің негізінде жүргізіледі. Бұл жағдайда, машинаның тіркеу құжатының «Ерекше белгілер» деген бөліміне инженер-инспектор көрсетілген шешімнің деректемелерін енгізеді, оның расталған көшірмесі тіркеу іс-әрекеттерін жүргізу негіздемесіне тігіледі. Жеке немесе заңды тұлғалар шешімдерді жоғалтқан кезде, олардың көшірмелері ұсынылады. 3. Параграф. Машиналарды тіркеу есебінен шығару 39. Машиналарды тіркеу есебінен шығару: 1) егер оған машина тіркелген тұлғаның жаңа тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) машинаны тіркеген тіркеу пунктінің қызмет көрсету аумағынан тыс орналасса, оның тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген; 2) машинаға меншік құқығы тоқтаған; 3) машинаны кәдеге жаратқан (жарамсыз еткен, есептен шығарған); 4) машинаны Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкеткен жағдайда жүргізіледі. 40. Жеке және заңды тұлғалар машиналарды тiркеуден шығару үшін (кәдеге жаратудан, жарамсыз етуден, есептен шығарудан басқа, қызмет көрсету аумағынан тыс жерге машинаның орнын ауыстыру, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы іс-әрекеттер жағдайында) тіркеу пунктіне осы Қағидалардың 10-тармағының 1), 2), 3) 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады. 41. Кәдеге жаратуға (жарамсыз етуге, есептен шығаруға) жататын машиналар: 1) жеке тұлғалар осы Қағидалардың 10-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты, тіркеу құжатын, нөмірлік белгісін; 2) заңды тұлғалар осы Қағидалардың 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжатты, тіркеу құжатын, нөмір­лік белгісін, есептен шығару актісін ұсынған кезде тіркеуден шығарылады. Кәдеге жаратылатын машиналарға тіркеу құжат­тары немесе нөмірлік белгілері болмаған кезде, өтініштерде оларды жоғалту жағдайлары, орны мен уақыты көрсетіледі. 42. Машиналарды тіркеуден шығарған кезде инженер-инспектор тіркеу құжатына және машиналарды тіркеу кітабына тиісті жазбалар енгізеді. Тіркеуден шығару жағдайлары көрсетілген тіркеу құжатындағы жазба инженер-инспектордың қолымен және мөрімен куәландырылады. 43. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулер салынған машиналар тіркеуден шығарылмайды, оларды тіркеуден шығару салынған шектеулердің алынғаны туралы куәландыратын құжаттарды ұсынғаннан кейін жүргізіледі. 44. Сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне берілетін машиналар тіркеу есебінен шығарылған жағдайларда, сот орындаушыларына, өзге де органдардың лауазымды тұлғаларына осы Қағидаларда машина иелерінің өкілдері үшін көзделген талаптар қолданылады. 45. Нөмірлік агрегаттарының нөмірленуі тіркеу құжаттарымен сәйкес келмеген машиналарды тіркеу есебінен шығару тіркеу пункттері қабылдаған шешімдер (қорытындылар) негізінде жүргізіледі. 46. Егер машиналар ортақ меншікте болса, тіркеуден шығару барлық меншік иелерінің жазбаша келісімі немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жүргізіледі. 47. Осы Қағидалардың 32-тармағында көзделген иеленушілердің іс-әрекеттері жағдайларында, машиналар тіркеуден шығарылмайды. 48. Машиналарды тіркеу, қайта тіркеу, тіркеуден шығару, нөмірлік белгілерді, тіркеу құжаттарын беру немесе ауыстыру үшін негіз болған құжаттар машиналарды тіркеу кітаптарындағы жазбаға сәйкес келетін кезектілікпен жеке істерге тігіледі және үш жыл бойы сақталады. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Машиналарды тіркеу КІТАБЫ КНИГА регистрации машин Рет саны № № п/п Машиналардың типі мен маркасы Тип и марка машин Шыққан (жасалған) жылы Год выпуска (изготовления) Машиналар туралы мәліметтер Данные о машинах Зауыттық № Заводской № 1 2 3 4 Меншік иесінің атауы немесе т.а.ә. Мекенжайы, жұмыс орны – жеке тулғалар үшін Наименование или ф.и.о. собственника. Адрес, место работы – для физических лиц Техникалық паспорт берілді Выдан технический паспорт Күні Дата Сериясы, нөмірі Серия, Номер Алушының қолхаты Расписка получателя 6 7 8 9 Нөмірлік белгі берілді Выдан номерной знак Меншік иесінің, машина иесінің өзгерістері, тіркеуден шығару, нөмірлік белгілерді тапсыру, техникалық паспортты немесе нөмірлік белгіні ауыстыру туралы белгі Отметка об изменениях собственника, владельца машины, снятии с регистрации, сдаче номерных знаков, замене технического паспорта или номерного знака Ескертпе Примечание Күні Дата Сериясы, нөмірі Серия, номер Алушының қолхаты Расписка получателя 10 11 12 13 14 Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидаларына 2-қосымша Нысан ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТ ТЕХНИЧЕСКИЙ ПАСПОРТ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТ ТЕХНИЧЕСКИЙ ПАСПОРТ I. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ 1. Машинаның атауы және маркасы Наименование и марка машины_______________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________ 2. Шығарушы зауыт завод-изготовитель _______________________________________________________________ 3. Шығарылған айы және жылы месяц и год изготовления __________________________________________________ 4. Машинаның зауыттық нөмірі заводской номер машины __________________________________________________ 5. Қозғалтқыштың маркасы марка двигателя_______________________________________________________________ 6. Меншік иесі / меншік иесі болып табылмайтын иесі және мекенжайы: (керек емесі сызылсын) _______________________________________________________________________________ собственник / владелец, не являющийся собственником и адрес: (ненужное зачеркнуть) _______________________________________________________________________________ 7. Присвоен номерной знак _______________________________________________________ нөмірлік белгісі берілді. 8. Ерекше белгілер особые отметки __________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________ Техникалық паспорт Технический паспорт выдан____________________________________ж. (г.) берілді. ____________________________________ ________________________________ (инженер-инспектор, инженер-инспектор) (қолы, подпись) М.О. М.П. Сериясы серия _________ № ______________ II. МАШИНАЛАРДЫ ТІРКЕУГЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТІРКЕУДЕН ШЫҒАРУ ПРИЕМ И СНЯТИЕ МАШИН С РЕГИСТРАЦИИ 1. Снята с регистрации вследствие ____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________салдарынан тіркеуден шығарылды. «___» _________________ж. (г.) ____________________________________(инспектордың қолы, подпись инспектора) 2. Принята на регистрацию ____________________________________________________________________________ _______________________________________________ (жаңа меншік иесінің мекенжайы, адрес нового собственника) _____________________________________________________________тіркеуге қабылданды «___» _________________ж. (г.) _________________________________(инспектордың қолы, подпись инспектора) 3. Снята с регистрации вследствие ____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________салдарынан тіркеуден шығарылды. «___» _________________ж. (г.) ___________________________________(инспектордың қолы, подпись инспектора) 4. Принята на регистрацию _________________________________________________________________________ ____________________________________________ (жаңа меншік иесінің мекенжайы, адрес нового собственника) ______________________________________________________________тіркеуге қабылданды «___» _________________ж. (г.) _________________________________(инспектордың қолы, подпись инспектора) 5. Снята с регистрации вследствие __________________________________________________________________ ___________________________________________________________________салдарынан тіркеуден шығарылды. «___» _________________ж. (г.) __________________________________(инспектордың қолы, подпись инспектора) 6. Принята на регистрацию ____________________________________________________________________________ ______________________________________________ (жаңа меншік иесінің мекенжайы, адрес нового собственника) ______________________________________________________________тіркеуге қабылданды «___» _________________ж. (г.) _________________________________(инспектордың қолы, подпись инспектора) Сериясы серия _________ № ___________________ III. НӨМІРЛІК БЕЛГІНІҢ ӨЗГЕРУІ ИЗМЕНЕНИЕ НОМЕРНОГО ЗНАКА Нөмірлік белгінің берілген уақыты Дата выдачи номерного знака Белгінің сериясы мен нөмірі Серия и номер знака Инспектордың қолы және мөр Подпись инспектора и печать IV. АГРЕГАТТАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР СВЕДЕНИЯ О РЕМОНТЕ И ЗАМЕНЕ АГРЕГАТОВ Жөндеудің жүргізілген уақыты Дата проведения ремонта Жөндеулердің, ауыстырылған агрегаттардың атауы және олардың нөмірлері Наименование ремонтов, замененных агрегатов и их номера Жөндеуге жауапты адамның қолы Подпись лица, ответственного за ремонт Сериясы серия _________ № ____________ V. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН ҚАРАП-ТЕКСЕРУ ОСМОТРЫ ТЕХНИЧЕСКОГО СОСТОЯНИЯ Күні Дата Техникалық жай-күйі Техническое состояние Пайдаланылуынан бастап қарап-тексеру сәтіне дейінгі жұмыс жасауы Выработка к моменту осмотра с начала эксплуатации Инспектордың қолы Подпись инспектора Сериясы серия _________ № ___________ Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 3-қосымша Нысан (жеке тұлғалар үшін) ___________________