Аймақтар • 15 Сәуір, 2019

Қаржы қызметкерлері 500 түп тал көшетін отырғызды

709 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ForteBank қызметкерлері мен олардың отбасылары Павлодар қаласының Усолка шағын ауданында жас ағаштар отырғыза бастады.

Қаржы қызметкерлері 500 түп тал көшетін отырғызды
Бұл сауапты іс облыста 13 сәуірде басталған аумақты көгалдандыру, елді-мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру айлығы шеңберінде ұйымдастырылуда.
«Павлодар – ForteBank үшін маңызды аймақ. Біз экономиканы және халықты белсенді түрде несиелендіреміз, жергілікті бизнесті дамытуға барынша көмектесеміз. Сонымен қатар банк үшін жеке кәсіпкерлікті әлеуметтік жағынан қамсыздандыру мен қала өміріне жанашырлықпен араласу зор мәртебе. Сондықтан да біз қала аумағына 500 түп ағаш көшетін отырғызу және облыс әкімдігінің бастамасын жоғары деңгейде қолдау туралы шешім қабылдадық», – деп атап өтті ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.
Ағаш отырғызуға ForteBank-тің 60 қызметкері және олардың отбасы мүшелері қатысты. Қаржы саласының қызметкерлері Усолка шағын ауданындағы аумақты қоқыстан тазартып, тал көшеттерін екті. Оның технологиясын сақтауға банк басшылығы тартқан көгалдандыру бойынша мердігер компаниялардың білікті мамандары көмектесті.
Отырғызылатын 500 түп ағаштың ішінде 60 түп көгілдір шырша, 260 түп жасыл шырша, 60 терек, 60 қайың және 60 түп шаған талы бар. Ал көгалдандыруға бөлінген аумаққа оның 247-ін ғана орналастыруға мүмкіндік туды. ForteBank қызметкерлері қалған көшеттерді «Денсаулық» скверіндегі филиал ғимаратының құрылысы аумағына егеді, оның жерден 52 ескі ағаш жойылады.