Эксклюзив
Экономика • 14 Қыркүйек, 2023
«Көрші елдердің 50 сенімді банкі – 2023» рейтингінде Қазақстан банктері көш бастап тұр
Қазақстандағы банктердің бәсекеге қабілеттілігін шетелдік мамандар растап отыр. Ресейлік Forbes.ru басылымының «Көрші елдердің 50 сенімді банкі – 2023» рейтингі бойынша алғашқы төрттікті біздің елдің банктері бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қыркүйек, 2023
«Домбыраның бізге күнәсі аз». Ақын Дәулеткерей Кәпұлы әсіредіншілдіктің зауалы туралы айтты
Әлеуметтік желіде «домбыра – харам» деп айтылып жатқан сыңаржақ пікір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әрине, дінді дәстүрге қарсы айтақтау ешкімге опа бермейді. Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы даулы мәселеге қатысты пікір білдірді.
Қаржы • 13 Қыркүйек, 2023
Алматы тұрғындары елордалықтарға қарағанда ақшаны көп жұмсайды
Jusan Analytics тобы ел тұрғындары тапқан табысының 60-70 пайызын қайда жұмсайтыны бойынша зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қыркүйек, 2023
Шаруалардың жанайқайы: Киік қаптап, егістікті таптап жатыр
Шаруалар үшін жаздағы қуаңшылықтың зардабы аздай шегірткенің қаптауы, киіктердің егіс алқабын таптауы жығылған үстіне жұдырық болды. Даланың еркін жануары саналатын киіктердің шамадан тыс көбеюі жер емген диқандарды дігерлетіп отыр.
Спорт • 05 Қыркүйек, 2023
Мырзағали Айтжанов: Ташкенттен кейін Тәшкенбай демалыс сұрады, Сабырхан бабында
Былтыр өтуі тиіс жазғы Азия ойындары коронавирус індетінің бәсеңдемеуіне байланысты биылға шегерілген-ді. Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін төрт жылдық додасында спорттың 40 түрі бойынша саңлақтар сайысқа түседі. Келесі жылы дүниені дүбірге бөлейтін Париж жазғы Олимпиада ойындарына жолдаманы Азияның спортшылары осы Ханчжоудағы аламаннан да еншілейді. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов олимпиадалық жеті салмақта жазғы Азия ойындарының медалі үшін рингке шығатын жігіттерді іріктеу арқылы анықтадық дейді. Азия құрлығы осы күнде бокстан бәсекелестікті қыздырып тұр. Биылғы көктемде Ташкентте өткен әлем чемпионатында 13 салмақтың басым бөлігінде Азия құрлығының (өзбектер 5 алтын, қазақ боксшылары 4 алтын) оғландары олжа салған болатын. Ұлттық құрама бапкерлеріне қандай жүктеме міндеттелді? Алатау бөктерінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан боксшыларымыздың жай-күйін бас бапкер Мырзағали Айтжановтан сұрап, сұхбаттастық.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2023
«Тұсауын кескен соң ұлым нық жүре бастады». Орыс отбасы осымен үшінші баласына тұсаукесер жасады
Атырауда тұратын орыс отбасы қазақтың дәстүрін дәріптеп, тұсаукесер рәсімін жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2023
Отбасы және жастар министрлігі құрылса екен - Ұлан Аманқазыұлы
Мемлекет басшысының Жолдауында көптеген тақырыптар қозғалды. Спорт және туризм, Мәдениет және ақпарат министрліктері қайта құрылымдалып, жаңа министрлер тағайындалды. Шетелдік инвесторлар мен қазақстандық кәсіпкерлер арасынан ірі меценаттарды тарта отырып туризмді дамыту мәселелері назардан тыс қалмады. Ауыр және жеңіл өнеркәсіп салалары шикізат шығарумен ғана шектелмей, өндеу мәселесін де қолға алу керек екені айтылды.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2023
Орасан міндет жүктелді – сенатор
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауы арқылы маңызды мәселелердің түйінін дер уақытында шешу қажеттігін тапсырды. Үкіметтің алдында орасан міндет тұр.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2023
Су саласындағы дағдарыс – оны басқарудағы олқылықпен байланысты
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басқарма төрағасы-ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті Ақылбек Күрішбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауылшаруашылығы саласына қатысты да қадау-қадау түйткілді мәселелерді көтерді дейді.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2023
Ресейлік блогер қызын қазақ мектебіне берді
Қазақстанға көшіп келген блогер, әлеуметтік желіде alga.peterburg (Алға Петербург) аккаунтымен белгілі Иван Червинский қызы Ева-Марияны Алматы қаласындағы №33 мектеп-лицейге қазақ тілінде оқуға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 01 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын ден қойып, мұқият тыңдадық. Жолдауда айтылған келелі мәселелер жалпы жұртшылықтың көкейінде жүрген дүние.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023
Дулат Исабеков: Туризмді жолға қою үшін – жолды жөндеу керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында туризм саласының соқталы мәселелері көтерілгені өте орынды. Енді олқылық бүтінделіп, кешенді жұмыстар жүзеге асырылуы тиіс.
Пікір • 01 Қыркүйек, 2023
Рауан Кенжеханұлы: Бұл оң өзгерістердің бастамасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бірқатар өзекті мәселелерді атап, түйінін тез арада шешуді тапсырды.
Пікір • 01 Қыркүйек, 2023
Мереке Құлкенов: Жолдауда қоғамның бүгінгі сұранысы ескерілді
Жолдау – бұл Президенттің халықпен қарым-қатынасының ерекше форматы. Жолдауда алдағы өзгерістердің маңызы көрсетілген. Үкімет пен Парламенттің алдына әділетті Қазақстанның экономикасын түзету бойынша мақсаттар мен міндеттер қойылды. Барлық бастамалар егжей-тегжейлі есептеулер мен зерттеулерге негізделіп жасалған.
Пікір • 01 Қыркүйек, 2023
Сөзден нақты іске көшу қажеттігін баса айтты – Хангелді Әбжанов
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Хангелді Әбжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Тамыз, 2023
Исхар Құрбаев, әлем чемпионы: Бұл менің соңғы мүмкіндігім еді
Жуырда Иорданияның астанасы Амман қаласында 20 жасқа дейінгі (U20) жастар арасында өткен әлем чемпионатында жетісулық балуан Исхар Құрбаев 55 келі салмақта алтын медаль иеленді. Жастар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтын медалі біздің елдің өрендеріне бұйырмай келе жатқанына жеті жылдың жүзі болып еді. Ойсырап тұрған олқылықты Мұхамедтің балуан ұлы бүтіндеп берді. Тәуелсіз еліміздің тарихында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатынан алтын медальмен оралған саңлақтар тіпті санаулы. Тіпті грек-рим, еркін және әйелдер күресін қоса алғанда алтын медаль иеленген балуандар қадау-қадау ғана. Солардың сапына Исхар да қосылды. Аммандағы аламан қалай өрбігенін сұрап, Исхар Мұхамедұлынан сұхбат алдық.
Тұлға • 16 Тамыз, 2023
«Сәйгүлік» тойда асыр салып билейтін ән емес- Табылды Досымовтың ұлы
«Egemen TV» Youtube арнасына қазақтың тұңғыш бард әншісі Табылды Досымовтың ұлы Абыл Табылдыұлы сұхбат берді. Сұхбат барысында бард жанры туралы, әйгілі «Сәйгүлік» әні туралы әңгіме өрбіді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 16 Тамыз, 2023
«Әкем 21 жасында-ақ өмірінің соңын болжап кеткендей»– Абыл Табылдыұлы
«Egemen TV» Youtube арнасына қазақтың тұңғыш бард әншісі Табылды Досымовтың ұлы Абыл Табылдыұлы сұхбат беріп, әкесіне қатысты естеліктерін бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 15 Тамыз, 2023
«Жұмыс жаннан артық па?». Еңбекқорлықтан пайда да көрген, зиян да шеккен ел
Әлемдегі ең еңбекқор халық қайсы десе, жапон халқы еске түседі.
Қоғам • 07 Тамыз, 2023
Алматыда жерлеу қызметіндегі көлеңкелі бизнестің жылдық айналымы миллиардтарды құрайды – маман
Қазіргі кезде көпшілік арасында бейіттерді сәндеп, жанына марқұмдардың мүсінін тұрғызып, тіпті сол әсемдеу үшін арнайы дизайнерлердің қызметіне жүгінетіндер саны артты. Қысқасын айтқанда, ақырет мекенге де көк тиынсыз кіре алмайтындай жағдай қалыптасып отыр. Бұл бизнес түрінен нәпәқа тауып жүргендер жайлы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Гүлбаршын Айтжанбайқызының мақаласынан оқи аласыздар.
Әлем • 07 Тамыз, 2023
Анасы мен қызы ғарышқа аттанбақ
18 жастағы Абердин университетінің студенті және оның анасы Virgin Galactic-тің екінші коммерциялық рейсінде жүлделер ұтып алды. Олар осы аптаның соңында ғарышқа аттанады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 03 Тамыз, 2023
Мәдениет министрі «Сәкен Сейфуллин туралы фильм түсіріледі» демеді
Жақында бірқатар ақпарат құралында «Сәкен Сейфуллин туралы фильм түсіріледі», деген ақпарат тараған еді. Оған Мәдениет және спорт министрінің әлеуметтік желідегі жазбасы негіз болған. Дегенмен министр фильм түсіріледі деп нақты айтпаған болатын. Осыған байланысты драматург, актер Қанат Жүнісовке хабарласып анық-қанығын білген едік, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 02 Тамыз, 2023
Ми имплантаты сал ауруына шалдыққан адамның қозғалуына мүмкіндік берді
Инновациялық ми имплантаты сал ауруына шалдыққан адамның сезімталдығы мен қозғалғыштығын ішінара қалпына келтірді.
Мәдениет • 31 Шілде, 2023
«Алтынай» әні қырғыз қызына арналған
«Eqemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек көпшілік арасында кең тараған «Алтынай» әнінің шығу тарихы жайлы тың деректерді ұсынды. Оқырман назарына «Арман қуған Алтынай» мақаласынан үзінді ұсынамыз.
Денсаулық • 31 Шілде, 2023
«Тері қатерлі ісігі». Онкодерматолог-дәрігер денедегі қалдың қандай қаупі болуы мүмкін екенін айтты
Тері қатерлі ісігі мен меланоманың өршуі кімдерде жиі байқалады? Сол сияқты сүйелдер мен папилломалардан ертерек құтылудың пайдасы қандай? Асқынған дерматит несімен қауіпті? Осы сұрақтардың жауабын «Eqemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Айнаш Есали іздеп көрді.
Денсаулық • 26 Шілде, 2023
Күн сәулесі адам терісіне теріс әсер етеді - ғалымдар
Биоинженерлердің зерттеу жұмыстарына зер салсақ, тым көп ультракүлгін сәулесінің әсерінен жасушалардың жойылу ықтималдылығы жоғары.
Технология • 26 Шілде, 2023
Адамзат революциясын белгілеген ұялы телефон қоңырауы
50 жыл бұрын америкалық инженер Мартин Купер ұялы телефонды ойлап тапты. Қазір ұялы телефонды екінің бірі пайдаланады.
Қоғам • 21 Шілде, 2023
Бала еңбегі - әлеуметтік әділетсіздік пе?
Қазір каникул болған соң, көше кезіп, ойыншық, гүл, түрлі тәттілерді сатумен айналысқан, одан қалды мейрамхана, құрылыста жұмыс істеп жүрген жасөспірімдерді жиі кездестіруге болады. Әрине, баланы жастайынан еңбекке баулыған дұрыс. Бірақ олардың құқықтары қаншалықты сақталып жатыр? Бұл сұрақтың жауабын «Eqemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Зейін Ерғали іздеп көрді.
Қоғам • 19 Шілде, 2023
Жыл сайын балаларға қарсы екі мыңға жуық қылмыс жасалады
Қазіргі кезде ата-аналардың және өзге ересектердің балаларға зорлық-зомбылық көрсетулері әлемнің барлық елдерінде проблемаға айналып жатыр. Біздің елімізде де бұл мәселе өзекті.
Денсаулық • 18 Шілде, 2023
Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – тамақтану. Бір қарағанда тойып тамақ ішіп жүргеніміздің несі мәселе дерсіз?! Бірақ британдық философ Бертран Рассел айтпақшы, «Адамды жүйелі әрі мақсатты түрде тамақтандырып та малға айналдырып жіберуге болады».