Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 08 Наурыз, 2018
«Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем шуағы» атты мерекелік шара өтті.
Әдебиет • 08 Наурыз, 2018
Жер аяғы кеңи бере басталып, қызу жүрген құрылыс күзге таман аяқталып қалды. Анасының айтуы бойынша ескі тамның сынық ағашына тиіспестен, барлығын жаңадан алып, шымқай қызыл кірпіштен өріліп, сәулетін асырып-ақ салды. Айналаға айдындана қарағандай сәндене бой көтерген еңселі ғимарат Көксудағы ең көрікті үйлердің қатарына қосылды.
Таным • 08 Наурыз, 2018
«Әлеуметтік мемлекеттің» қазақстандық моделі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Парламенттің бірлескен отырысында ел тұрғындарының өміріне тікелей әсер ететін, әлеуметтің әлеуетін арттыра түсетін бес бастамасын жариялағаны белгілі. Президент ұсынған қадамдардың маңызы мен ауқым дылығы тұрғысынан Қазақстанның әл-ауқатын еселеумен бірге әлемдегі «әлеуметтік мемлекет» тұжырымдамасының қазақстандық моделін нақтылай түсті.
Аймақтар • 08 Наурыз, 2018
Ақжайықтық аруларды мерекемен құттықтады
Батыс Қазақстан облысында 180 әйел басшы қызметте. Олардың 54-і – судья, 50-і – облыстық басқарма, аудандық және қалалық бөлім басшылары, ал 15-і – ауылдық округ әкімі немесе орынбасары.
Аймақтар • 08 Наурыз, 2018
Оралда 2 мыңнан аса пәтер, 500 орындық студенттер жатақханасы салынады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталары мен Үкіметтің бірлескен отырысында жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі Батыс Қазақстан облысының активінде қызу қолдауға ие болды.
Қазақстан • 08 Наурыз, 2018
Астана әкімі көпбалалы аналарды марапаттады
Астана әкімі 12 көпбалалы ананы марапаттап гүл шоқтарын табыстады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 08 Наурыз, 2018
ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Лондонда жүр
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бастаған арнайы делегация Ұлыбританияның Лондон қаласында жүр. Жұмыс сапары үш күнге (5-7 наурыз) жоспарланған.
Қазақстан • 08 Наурыз, 2018
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты тасжол жабылды
Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің 3 өңірінде автожолдар жабылды, деп хабарлайды ТЖК.
Заң үстемдігін қамтамасыз етуге негіз қаланды
Елімізде құқық қорғау қызметін жетілдіру бағытында көптеген игі бастамалар жүзеге асырыла бастады. Расы керек, бұл бағыттағы жұмыстар еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келеді.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Полицейлер жарты миллион теңгені иесіне берді
«Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, кейбір полиция қызметкерлерінің ағат істерінен кейде көпке топырақ шашу көрінісі кездесіп қалады. Содан жұрттың полицейлерге деген сенімі де ортайып жатады.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
«Баламды жүз жылға кессе де кешірмеймін»
Қыздай қосылған қосағы, кішкентай шақалағы бар келінінен айдың, күннің аманында айырылып, қан жұтып қалған азамат осылай дейді. Ет жақындарын қандықол қарақшы қырып кеткен жоқ, жар дегенде жалғыз ұлы жайратып тастаған екен.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес жаңа сипатқа ие болып, бұрынғыдай қоғам дертінің салдарымен емес, оның бастапқы себептерімен күреске ерекше мән берілуде. Соған орай біз Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Жандос СӘРСЕНОВПЕН әңгімелескен едік.
Білім • 07 Наурыз, 2018
Мұғалім де, оқушы да қат болып тұр...
Биыл облыста жергілікті жоғары оқу орындарында оқығысы келетін түлектерге 200 грант бөлінді. Мектеп түлектерін ҰБТ-ға қатысуға ынталандыру үшін гранттардың 65-і педагогикалық, 100-і медициналық және 35-і инженерлік-техникалық мамандықтарға арналған.
Әлем • 07 Наурыз, 2018
«Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызының құттықтау хатын алды. Алғыс айту күнімен құттықтаған лебізді мерекелік шарада облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова оқып берді.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Кәсіпкерлерге шағын несиелендіру бағдарламасы бойынша гранттар бөлінеді
«Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын» іске асыру аясында шағын несиелендіруді кеңейту тетіктері туралы бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев айтып берді.
Медицина • 07 Наурыз, 2018
Таза қан денсаулық кепілі екендігі анық. Алайда үлкен мәселеге үстірт қарау орасан қателікке ұрындырады. Республика халқын дүр сілкіндірген ВИЧ оқиғасы оңтүстікқазақстандықтардың есінде. Ол кезде жағдай өте күрделі еді. Медициналық құрал-жабдықтардың дені ескі. Қанды залалсыздандыратын құрылғыларды тот жеп, азып-тозып тұрғанын көзіміз көрген. Тиісті мамандардың салғырттығына медициналық жабдықтардың жарамсыз халде тұрғанын қоссаңыз, түбі бір жарға жығатыны анық еді. Солай болды да.
Транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану қажет
2017 жылдың қазан айында өткен Қытай компартиясының ХІХ съезінде Қытай социализмінің ерекшелігі Си Цзиньпиннің идеясымен ұштастырылып, дәуірдің жаңа кезеңіне өту мәселесі сөз болды.
Медицина • 07 Наурыз, 2018
Қазіргі қоғамдағы дұшпаныңа да тілемейтін аурудың бірі – адамның иммун тапшылығы вирусы, яғни «ВИЧ» жұқпасы. Бұрын бұл сырқат көбіне есірткіқұмарлар мен жезөкшелерде кездессе, қазір ол адам талғамайтын болған. Дауасы жоқ дертті жұқтырғандардың қатарында жұмысшылар да, балалар да, жүкті әйелдер де, тіпті, шенеуніктер де бар.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Сәби өмірін сақтап қалудан артық қуаныш жоқ
Ол ота кезінде және отадан кейін жүрек ақауларын ультрадыбыспен диагностикалау бойынша еліміздегі үздік дәрігерлердің бірі. Нәрестелердің жүрегіне мыңнан аса ота жасап, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген. Елбасының өзі ерен еңбегін жоғары бағалаған Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы директорының орынбасары Гүлжан СӘРСЕНБАЕВАМЕН әңгімелескен едік.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Ежелден бір-біріне етене жақын қазақ пен қырғыз достығы жыл санап артып келеді. Бұл орайда Жамбыл облысы мен көрші Қырғыз Республикасының Талас облысы арасындағы өзара ынтымақтастық пен татулық та бүгінде өркен жая түсті. Екі облыс арасындағы рухани байланыс та ата-бабалардың игі дәстүрін насихаттап келеді. Қаңтар айында жамбылдық делегация таластықтармен достық сапары аясында кездесіп қайтқан болатын.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
10 наурыздан бастап Қазақстан мен БАӘ арасында визасыз сапар келісімі енгізіледі
2018 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісім қолданысқа енгізіледі.
Театр • 07 Наурыз, 2018
Кеше елордаға әйгілі Қазақ мемлекеттік циркі гастрольдік сапармен келді. Аталмыш өнер ұжымы соңғы 30 жылдағы бұл сапарын Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында даярланған «Скифия» атты алғашқы цирктік лазерлік шоуы отандық цирк майталмандарының жаңалығы деуге болады.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2018
Жетісу жерінің дамуына серпін береді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруда аймақтарға артылатын міндет жүгі салмақты.
Әлем • 07 Наурыз, 2018
Аймақтар • 07 Наурыз, 2018
Теріскей таланттары» фестивалі басталды
Осынау өнер фестивалі талай таланттың жолын ашты. Мысалы, Мәдениет қайраткері, әнші Жұбаныш Жексенұлы, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов сынды елімізге танымал өнерпаздар «Теріскей таланттары» байқауынан қанат қақты.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Азаматтардың келешегіне қамқорлық
Әлемде әлеуметтік теңсіздіктің өсу қарқыны байқалады. Адамзаттың басым бөлігі қарапайым материалдық игіліктерге қол жеткізе алмай жүр. Сондықтан бүгінгі басты міндет әлеуметтік мәселелерді мемлекеттік тұрғыдан реттеу болмақ. Ең бастысы, әр азамат өзінің бүкіл қоғамға берілген материалдық игіліктен құр қалмағанын сезінуі тиіс. Бұл – дұрыс бағыт, әділ ұстаным. Еліміз осы бағытқа бет бұрды. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы баяндамасы баршамызды қуантты. Баяндамада бес әлеуметтік бастама туралы айтылды. Әрқайсысы жеке-жеке қарастыруға лайықты.
Әлем • 07 Наурыз, 2018
«Талибан» қозғалысын келіссөзге шақырды
Ауғанстан орталығында «Кабул процесі» аясында «Ауғанстандағы бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ынтымақтастық» тақырыбында екінші халықаралық конференция өтті.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Microsoft ҚазҰУ туралы бейнефильм түсірді
Әлемге әйгілі «Microsoft» компаниясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алдыңғы қатарлы озық IT-технологияларды енгізіп, сандық университетті сәтті құрғаны жайлы бейнеролик түсіріп, өздерінің сайттарына жариялады.
Бағдарламалар • 07 Наурыз, 2018
Берекелі бастамалардың берері мол
Жұрт жағдайын жақсартатын жобаларға жол ашылды Еліміздегі әр азамат мемлекеттің қорғауы мен қолдауын және қамқорлығын сезінетін жағдайға жету – орындалмас арман, қол жетпес сағым емес екен, бұйыртса, жуық жылдарда жүзеге асатын жоталы жобалардың қатарына енгенін естіп-көріп, шынын айтсам, балаша қуандым. Президент Н.Назарбаевтың Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында жаңа әлеуметтік бастамалар көтеріп, жұртшылықтың әл-ауқатын жақсартуға жаңа бетбұрыс басталғанын жариялауы қоғам өміріне наурыздың жаңа лебіндей әсер етті. Елбасы өз Үндеуінде ұсынған 5 бастамасының баршасы мән-мағына, маңызымен жүрекке жылы тиіп, көкейге қонды.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2018
Маңғыстау облысы ішкі істер органдарында қызмет ететін қыз-келіншектер арасында ұйымдастырылған «Мерген қыздар» сайысына ішкі істер департаменті басқармаларынан 26 қызметкер қатыстырылды. Оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылған сайыста нәзік жандылар өз біліктілігін сынға салды.