Редакция таңдауы
Халықаралық әріптестікті арттыратын құжаттар қабылданды
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Онда халықаралық бірқатар құжат ратификацияланды.
22 Қараша, 2019
Павлодар облыстық «Қызыл ту» – қазіргі «Сарыарқа самалы» газетінде жұмыс істеп жүргенде «Социалистік Қазақстан» газетіне ара-тұра қысқа хабарлар жолдап тұратын едім. Өңірдің өндірістік ахуалы туралы «Сазына дейін сары алтын» дейтін көлемді дүние ұсындым. Мақала көп ұзамай жарқ етіп жарияланды. Бас редактор Шерхан Мұртаза сол мақаланы оқып, «мына жігітті табыңдар» деп орынбасары Ержұман Смайылға тапсырма беріпті. Ерағаң қоңырау шалды. «Сол жақта жүре бересің бе, Алматыға келу ойда жоқ па? Шерағаң сені жұмысқа шақырып жатыр» деді.
21 Қараша, 2019
7 Олимпиадаға, 5 әлем чемпионатына, 5 Азия ойындарына куә болдым
«Егеменде» аттай 24 жыл табан аудармай еңбек етіппін. Шерағаңнан бастап, Сауытбек Абдрахмановқа дейін 7-8 газет басшысымен қоян-қолтық жұмыс істедім. Ел газетінде өткен ширек ғасыр уақыт менің қанатымды қатайтып, тынысымды кеңейтіп, қайраткерлік болмысымды қалыптастырып, елге танытты. Еңбегім еленіп, орден-медальдармен марапатталдым, 20 кітабым жарық көрді. Осы жылдар ішінде қуанышты да қайғылы да сәттерді сан мәрте бастан өткердік.
21 Қараша, 2019
Жазықсыз жазаланған журналистер
«Ұшқын» газетінің алғашқы редакторы Халел Есенбаевтан бастап, 1938 жылы газет тізгінін қолына алған Сақтаған Бәйішевке дейінгі 18 редактордың 12-сі атылыпты. Өткен ғасырдың алғашқы ширегінде жүргізілген зиялыларды қудалау науқаны журналистерді де айналып өткен жоқ. Қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай «қараңғы қазақ көгіне күн болуға» ұмтылып, алаш үні «Қазақ» газетінің рухында тәрбиеленген бір буын кеңестік дәуірдің алғашқы жылдары барлығы дерлік газет-журнал маңына топтасты.
21 Қараша, 2019
Ел халқы Nur Otan партиясынан не күтеді?
Қоғамдық саясат институты қараша айында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін жариялады. Брифинг барысында журналистерге қоғамдық пікірді бағалаудың негізгі көрсеткіштері осы жылдың тамыз айындағы көрсеткіштермен салыстыра отырып ұсынылды. Сондай-ақ қазақстандықтар Nur Otan партиясынан не күтетіні туралы да сөз болды.
21 Қараша, 2019
Ынтымақтастық мәселелері қаралды
Қалмұханбет Қасымов ТМД мүше-мемлекеттері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 7-отырысына қатысты.
21 Қараша, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі суретші Кәміл Муллашевті қабылдады
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, әйгілі суретшінің отандық өнер мен мәдениетті дамытуға сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.
20 Қараша, 2019
Терминологиялық жұмыс тобының отырысы өтті
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Терминологиялық жұмыс тобының «Жаңа әліпбиге көшу жағдайындағы салалық терминдерді игеру мәселесі» тақырыбындағы отырысы өтті. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
20 Қараша, 2019
Ұрлық жасау ауыр қылмыс санатына көшеді
Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды.
20 Қараша, 2019
Сабақ болмайтыны туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
Ауа райының нашарлауына байланысты елорда мектептерінде кейбір сыныптар үшін сабақтар тоқтатылды. Сабақ болмайтындығы жайлы ақпарат бірінші кезекте Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының ресми дереккөздерінде жарияланады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
20 Қараша, 2019
Ғылым мен бизнесті ұштастырған жиын
Нұр-Сұлтан қаласында «Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнестің ұштасуы» атты конференция өтті. Ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибелерін таныстыратын шараға «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп мұрындық болды.
20 Қараша, 2019
Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы «Егемен Қазақстан» газетіне студент кезімде 1987 жылы келген едім. Осы басылымда 7 жылға жуық еңбек етіп, бүгінде қызмет бабымен дипломатия саласына ауысып кеткеніме ширек ғасырдан асса да, әлі күнге ұлттық журналистиканың маңдайалды басылымы «Егемен Қазақстан» десе елең етіп, жан дүнием елжіреп сала береді. Өйткені бас басылымда ересек өмірге қадам басқандағы алғашқы еңбек жолым басталып, осында жинаған тәжірибем мен үшін үлкен мектеп болды.
20 Қараша, 2019
АСА жұлдыздары Алатау баурайында айқасады
Жекпе-жек десе делебесі қозып, қаны қыз-қыз қайнайтын қазақ жанкүйерлерінің айызы қанатын күн жақын. Атап айтсақ, 29 қарашада Алатаудың етегін жайлаған әсем шаһардағы «Алматы Арена» деп аталатын зәулім спорт кешенінде АСА 102 турнирі өтеді. Штаб-пәтері Чешенстанның астанасы Грозныйда орналасқан айтулы ұйым және қазақстандық «Алаш Прайд» компаниясының мұрындық болуымен өтетін дүбірлі додада әлемнің бірқатар мемлекетінен келген белді спортшылар бақ сынайды.
20 Қараша, 2019
Роза Отынбаева: Алматыны Бішкектен бөліп-жарып қарағым келмейді
Өткен аптаның екінші жартысынан бастап Алматының саяси-экономикалық өмірі дүниежүзілік маңызы бар саяси оқиғаларға толы болды. Әуелі БҰҰ-ның ғимаратында Батыс елдері мен Еуропадан келген сарапшылар гендерлік мәселені толғаса, содан кейін дәл осы ғимаратта Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарын қаржыландыру бойынша әлемдік саммит басталды. Әлемнің 12 елінен келген қонақтардың арасында Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг те бар.
20 Қараша, 2019
Азуын айға білеген ағайынды Арлан мен Шамай батырлардың айбыны асып тұрған кез еді деседі. Атбасар төңірегін жайлаған қос батырдың ет жақын туысы Байқадам дейтін азамат қоғадай қалың қозған руының бұлықси бой жетіп отырған бір қызын алып қашады. Арада құдалық туралы әңгіме болмаса керек. Тіпті бойжеткенмен уәде де байласпаған. Бұл әрекетті қыз жағы басыну, тізе батыру деп ұқса керек.
20 Қараша, 2019
Жаңа әліпби емлесі мен халықаралық тәжірибелер жайы сөз болды
Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» тақырыбында республикалық конференция өтті. Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
20 Қараша, 2019
Заң мәтінін мемлекеттік тілде дайындау маңызды
Парламент Сенаты, Әділет министрлігі мен Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ұйымдастыруымен «Заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеу: лингвистикалық қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
20 Қараша, 2019
Азаматтық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
20 Қараша, 2019
Көшбасшылар ауыл тұрғындары арасынан шығады
Түркістан облысының Түлкібас ауданында ерекше сайлау өтті. Аудан тұрғындары таптаурын жиналыстар емес, ащы шындық айтылған пікірсайыстарға да куә болды. Өз ауылдастарының арасынан шыққан елге жанашыр белсенді азаматтардың аз емес екенін аңғарды, қадамдарын байқады. Қарапайым тұрғындар арқылы жергілікті әкімдік аудандағы түйткілді мәселелерге қанықты деуге болады. Ретімен баяндасақ.
20 Қараша, 2019
Еңбек қауіпсіздігі: түйткілді мәселенің түйіні тарқай ма?
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша өндірістегі қауіпті факторлардан жыл сайын 2,3 миллионға жуық адам қаза табады. Яғни, бұл Латвия халқының санымен бірдей деуге болады. Бұл дүние жүзі бойынша жүрек-қан тамырлары және онкологиялық сырқаттардан көз жұматындардан кейін үшінші орында тұр. Сондай-ақ адам қазасымен аяқталған жазатайым оқиғалар жас және тәжірибесіз қызметкерлер арасында жиі орын алатын көрінеді.
20 Қараша, 2019