Редакция таңдауы
Тәуелсіз елдің іргесін бекіткен Тұңғыш Президент
Кеше елордадағы «Хилтон Астана» қонақүй кешенінде «Президенттік институт: қазақстандық модель» атты халықаралық парламенттік конферения өтті. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған бұл басқосуда тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дара жолы ауқымды диалогқа арқау болды.
28 Қараша, 2019
Сенатта еліміздегі су нысандары талқыланды
Парламент Сенатында «Қазақстанның су қауіпсіздігі: жай-күйі, мәселелері, ұсыныстар» тақырыбында парламенттік тыңдау өтті. Оған Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева, депутаттар мен Үкімет мүшелері қатысты.
28 Қараша, 2019
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Кеше Тұңғыш Президент күніне орай «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты концерт өтті.
28 Қараша, 2019
С.Жээнбеков: Қырғызстан-Қазақстан қатынасы жаңа сапалы деңгейге көтеріледі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапары аясында Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен шағын құрамда кездесу өткізді.
27 Қараша, 2019
AIF – 2019: Алматы әкімі жаңа медиа өкілдері туралы айтты
Қала әкімінің түсіндіруінше, жаңа медиа өкілдері – блогерлер индустриясы Алматыда жедел қарқынмен дамып келе жатыр. «Жаңа медиа платформасының дамуына YouTube және Instagram үлес қосып жатыр. Бұл – қаржы табудың мүмкіндігі. Алматыдағы жас блогерлер аз ғана уақыт ішінде тамаша жетістікке қол жеткізіп үлгерді. Олар тек Қазақстанда ғана емес, ТМД-да, Орталық Азияда да танымалдылыққа ие» деп атап өтті Б. Сағынтаев.
27 Қараша, 2019
Біздің партияда мықты кадрлық әлеует бар
2019 жылы 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы XVI есеп беру-сайлау съезін өткізбек. Аталмыш шарада партияның 2015-2019 жылдары атқарған жұмыстарының нәтижелері жарияланып, партия төрағасы мен Саяси кеңес Президиумы сайланатын болады. Сондай-ақ партияның алдағы жылдардағы міндеттері айқындалады. Съезд қарсаңында біз «Ауыл» ХДПП-ның төрағасы, Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаевпен әңгімелескен едік.
27 Қараша, 2019
Комиссияның кезекті отырысы өтті
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
27 Қараша, 2019
Қырғыз-қазақ – алаштан... (Бішкекте қазақ-қырғыз зиялыларының IV форумы өтті)
Кеше Бішкек қаласында Халықаралық Түркі академиясының мұрындық болуымен «Бекем бауырластық байланыстар» атты қазақ-қырғыз зиялыларының IV форумы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары қарсаңында өткен алқалы жиынға Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Сұлтан Раев, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Нұрпейісов Жогорку Кенеш депутаттары, екі елдің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми институт басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
27 Қараша, 2019
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өмірді сақтайды
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде «Еліміздегі жедел ахуал туралы» брифинг өтті. Онда Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Беккер еліміздегі орын алған төтенше жағдай жөнінде айтып берді.
27 Қараша, 2019
«Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды», деп Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» атты өзінің өзекті мақаласында атап айтқандай, ару Алматымыздың көркіне көз жүгіртіп, көңілімізді сүйсіндіретін алма ағаштарын көргенде, Арыстан Ғазизұлының есімі еске түседі.
27 Қараша, 2019
Баршаға аян, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындағы мәйекті ойдың төңірегінде «Мәдениет пен дәстүр – ұлттың генетикалық коды» деген тұжырым санамызда қалыптасып үлгерді. Ал қазақтың қара домбырасы ұлттық тектің жады емес пе?! Күмбірлеген домбыраның үні халық тізгінін ұстаған абыз ақсақалдарымыздың, ел билеген билеріміздің ақыл-парасатын, рухын асқақтатқан, кіндік қаны тамған отанын қорғаған батырларымызға күш-жігер, ақын-жыршыларымызға шабыт берген.
27 Қараша, 2019
Алматы көшелері тағы бір жаңа атаумен толықты. Қазақстанның халық жазушысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай Алатау баурайындағы алып шаһардың ұзын әрі кең көшелерінің біріне ақын есімі берілді. 2018 жылы Алматы қаласы әкімдігінің арнайы қаулысымен Алматы қаласы Алатау ауданы Алғабас шағын ауданынан көше берілген болатын. Осы қаулы негізінде берілген көшенің салтанатты ашылу рәсімі «Қазақ поэзиясының падишасы Фариза Оңғарсынова – 80 жыл» атты еске алу шарасына орайластырыла өткізіліп, шараға Нұр-Сұлтан шаһарынан және Атырау облысынан арнайы делегациялар келіп қатысты.
27 Қараша, 2019
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай – әлем тілдерінде» мәнерлеп оқу байқауының шешуші туры өтті.
27 Қараша, 2019
«Электронды үкімет» – қолжетімді үкімет
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында «Электронды үкіметті» дамыту және тұрғындардың цифрлы сауаттылығын арттыру, еңбек қатынастарын реттеу мәселелері қаралды.
27 Қараша, 2019
«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы қаралуда
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Нұр-Сұлтан қаласының ұстаздар қауымымен кездесті. Онда бүгінде Мәжіліс депутаттары жұмысқа алған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы әңгіме өзегіне айналды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
27 Қараша, 2019
Жаңа технологияларды меңгеруге шақырды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Жастар Конгресі Кеңесінің Төрағасы Дариға Назарбаева «ZHASPROJECT» жобасы аясындағы «Арманда! Ұсын! Іске асыр!» атты үздік тәжірибелердің республикалық форумына қатысты.
27 Қараша, 2019
Әлеуметтік инвестициялардың жаңа үлгісі: білім беруді ұйымдастырудағы тиімді тәсіл
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы жариялаған Бес әлеуметтік бастаманың бір бағыты студент жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту бағдарын ұстанғаны белгілі. Тұрмыстық жағдай жайлы сөз қозғалғанда, тіл ұшына жатақханамен қамту мәселесі алдымен оралары анық.
27 Қараша, 2019
Облыстағы басқа аудандар сияқты Ертіс, Май аудандарының жұртшылығы да ауыз суға зәру. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, 180 ауыл жергілікті су көздерінен, 55 ауыл кешенді блок модулінен тұтынса, 6 ауылға су тасымалмен жеткізіледі. 2016 жылдан бері өңірдегі ауылдарда ұзындығы 1 мың шақырымдық су құбырлары тартылып, 112 ауылға орталықтандырылған су жүйесі жеткен.
27 Қараша, 2019
Жолға шықсаң, тағдырың қыл үстінде...
«Жол мұраты – жетуді» білген соң, жол-көлік ережелерін сақтауды да қаперден шығармаған жөн. Дейтұрғанмен, статистикалық мәліметтер салғырттық салдарын күн санап жіпке тізіп келеді. Бір ғана мысал, биыл қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанда 10109 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1,3 мың адамның өмірі қиылды. Өзектілігін жоймаған осы мәселенің байыбына біз де барып көрдік. Сонымен...
27 Қараша, 2019
Ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу – Қазақстанның негізгі басымдығы
Қазақстанның көпжақты құрылымдарға мүше болуын қауіпсіздік пен өсіп-өркендеудің тиімді тетігі ретінде қарастырамыз. Қазақстанда аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесуінде Президент осылай деді.
26 Қараша, 2019