Редакция таңдауы
Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды
Алматы қаласындағы Францияның Бас Консулдығы мен Француз Альянсы наурыз айының 26-сы мен 2 сәуір күндері аралығында «Франция мәдениеті» тақырыбында байқау ұйымдастырып, барлық қатысушылар назарына әлеуметтік желілердегі парақшаларында қатысу шарттарын ұсынып отыр.
26 Наурыз, 2019
Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды
ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі аталған басқарма төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабының негізінде «Рухани орындарға сапар» атты шығармашылық жобасын жариялаған болатын. Шығыс өңірінің 9-10 сынып оқушылары қатысқан бұл байқауға келіп түскен материалдарды тарихшы, журналистерден құралған қазылар алқасы мұқият сараптап, жеңімпаздарды анықтады.
26 Наурыз, 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды
Алматы жастары өздеріне қамқорлық жасап, шексіз қолдау көрсеткен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына алғыс айту үшін ұшақ трапынан күтіп алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
26 Наурыз, 2019