Редакция таңдауы
Жол жүргенде көбіне пойызды қолай көремін. Жақында ғана сапарлатуға тура келіп қалды. Қарап жүрмей пойыздардағы қызмет сапасына, жолсеріктердің қызметіне сыни көзбен қарайтынымыз тағы бар ғой. Көбінесе көңіліміз толмайтыны да рас. Дегенмен, қызметі тәнті ететін, жұмысына деген жауапкершілігі жаныңды жадыратын жолсеріктер де жоқ емес екен.
05 Қыркүйек, 2023
Атырау қаласының маңында «Сасық сай» аталатын булану алаңы бар. Жайық өзенінің сол жағалауындағы сарқынды су құйылатын алаң 1945 жылдан бері бар. Жақында осы алаңға қоқиқаздар оралды.
05 Қыркүйек, 2023
Еліміздегі EEGERU заманауи музыка ансамблі әлемдегі ең ірі өнер фестивалі – Edinburgh Festival Fringe-де (Эдинбург Фриндж) өнер көрсетті.
05 Қыркүйек, 2023
Кәсіпкер Мемлекет басшысына агроөнеркәсіп саласының мәселесін айтты
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев көрмеде Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен әңгімелесіп, шаруалардың пікірін тыңдады. Кәсіпкер Бақыт Атайбеков Президентке агроөнеркәсіп саласын қолдау ісіндегі мәселелерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2023
Президент көрмеде шұбаттан дәм татты
Мемлекет басшысы Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен әңгімелесіп, шаруалардың өндірген шұбатынан дәм татты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2023
Президент «Lst Agro» жылыжай кешенін аралап көрді
Мемлекет басшысы қызанақ пен көшет өсіруге маманданған «Lst Agro» ЖШС жылыжай кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев сарбаздармен дидарласты
Мемлекет басшысы далалық әскери лагерьде сарбаздармен әңгімелесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы: Әскердің күші – тәртіпте
Қасым-Жомарт Тоқаев офицерлер мен жеке құрамның жауынгерлік машығы мен моральдық рухының жоғары болуы Қарулы Күштер тиімділігінің басты факторы екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2023
Шымкент қаласының әкімі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2023
Ақтөбе облысының жаңа әкімі тағайындалды
Енді бұл қызметті Асхат Шахаров атқарады, деп жазады Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2023
Жамбыл облысының әкімі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сүйеніп.
05 Қыркүйек, 2023
Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2023
Мырзағали Айтжанов: Ташкенттен кейін Тәшкенбай демалыс сұрады, Сабырхан бабында
Былтыр өтуі тиіс жазғы Азия ойындары коронавирус індетінің бәсеңдемеуіне байланысты биылға шегерілген-ді. Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтетін төрт жылдық додасында спорттың 40 түрі бойынша саңлақтар сайысқа түседі. Келесі жылы дүниені дүбірге бөлейтін Париж жазғы Олимпиада ойындарына жолдаманы Азияның спортшылары осы Ханчжоудағы аламаннан да еншілейді. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов олимпиадалық жеті салмақта жазғы Азия ойындарының медалі үшін рингке шығатын жігіттерді іріктеу арқылы анықтадық дейді. Азия құрлығы осы күнде бокстан бәсекелестікті қыздырып тұр. Биылғы көктемде Ташкентте өткен әлем чемпионатында 13 салмақтың басым бөлігінде Азия құрлығының (өзбектер 5 алтын, қазақ боксшылары 4 алтын) оғландары олжа салған болатын. Ұлттық құрама бапкерлеріне қандай жүктеме міндеттелді? Алатау бөктерінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан боксшыларымыздың жай-күйін бас бапкер Мырзағали Айтжановтан сұрап, сұхбаттастық.
05 Қыркүйек, 2023
Экология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2023
Тілді қазіргі және тарихи кезеңде зерттеу сияқты тіл білімінің классикалық міндеттерінен бөлек Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қазақ қоғамының тілтанымдық санасын көтеруге, тіл және сөз мәдениетін арттыруға арналған іргелі зерттеулер жүргізіп келеді.
05 Қыркүйек, 2023
Тіл төңірегіндегі біраз азаматтардың «Қазақ технократтық ұлтқа, қазақ тілі технология тіліне айналуға тиіс» деп талмай айтып келе жатқанына да біршама жылдың жүзі болды. Содан бері не тындырылды? Қандай кемшілік бар? Саралап көрейік.
05 Қыркүйек, 2023
Элина Масагутова – республикалық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің директоры. Павлодар өңірінде туып-өскен ол – қазақ тілінің жанашыры. Мемлекеттік тілді саналы түрде меңгеріп, айналасына үлгі-өнеге болып жүр.
05 Қыркүйек, 2023
Еліміз үшін халал инфрақұрылымын дамыту аса маңызды мәселе, себебі Smiic халықаралық стандарттары бойынша халалды сертификаттау – көптеген елде сұранысқа ие бағыт. Аккредиттелген сертификаттау халал өнімдеріне деген сенімді арттырады және тұтынушылардың мүдделерін қорғайды. Бұл сондай-ақ ел көлеміндегі Халал ұлттық сапа жүйесін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
05 Қыркүйек, 2023
Қазақстан әлемге не бере алады? Меніңше, шамамен өзіміз қатарлас елдерге қолда бар IT-өнімдер ұсынуға мүмкіндік бар. Қазір көлік жолдарын бақылау, қаржы және мемлекеттік қызметті цифрлау бағыттарындағы тәжірибеміз дайын өнім ретінде қалыптасты. Олардың кейбірі жапсарлас елдерге енгізіліп те жатыр.
05 Қыркүйек, 2023
Оқушы көбейді, ғимарат кеңейді
Білім күні Қызылорда қаласындағы екі үлкен мектептің жанынан салынған қосымша ғимараттар пайдалануға берілді.
04 Қыркүйек, 2023