Редакция таңдауы
АЭС-тің айналаға әсері қандай?
Елімізде атом электр стансасын салу төңірегіндегі мәселе біраз уақыттан бері қоғамдық талқыға түсіп келеді. Бір жақ АЭС елдегі энергия тапшылығын азайтар еді деп жақтап жатса, келесі топ Чернобыль мен Фукусимадағы апатты жағдай бізде де қайталануы мүмкін деген күдікпен наразылық танытуда.
25 Мамыр, 2023
Ақмырза ТҰРСЫНБАЕВ: Кең дүниені тарылтпайық
Қалалық аумақтарда кең жайылған нүктелік құрылыс қоғамдық кеңістіктерді қалқалап, тұрғындардың жайлы ортада өмір сүру мүмкіндіктерін шектеп келгені белгілі. Ойластырылмаған құрылыстың проблемалары мен оларды шешу жолдары туралы маман пікірін білу үшін Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Ақмырза ТҰРСЫНБАЕВТЫ әңгімеге тартқан едік.
25 Мамыр, 2023
Арқаның кербез сұлу Көкшетауын тамашалағысы келіп, жер-жерден ағылатын жұрттың қатары жыл сайын артып келеді. Былтыр курорттық аумаққа 711 мыңнан аса адам келіпті. Биыл туристер саны бұл межеден де асып түсуі мүмкін. Бұл ретте демалушылардың да қауіпсіздігін, тұмса табиғаттың да бүтіндігін қамтамасыз ету аса маңызды. Мұндайда «ақылды», яғни смарт жобалардың тигізетін септігі мол.
24 Мамыр, 2023
Шетелге шығасыз ба немесе турлардың құны қалай өзгерді?
Жаз – жұртшылықтың жаппай еңбек демалысына шығатын шағы. Кішкентайлардың да каникулы басталып, үйге сыймай кететін кездері емес пе? Шіркін, шетелге шығып демалып қайтса ғой деп қиялға еріксіз берілесің... Елдегі демалыс орындары аузы-мұрнынан шығып, қайда бармасаң да сеңдей соғылысқан нөпір халық. Қызметі мен құны туралы әңгіме тіпті бөлек. Сыртқа саяхаттауға қалта көтере қояр ма екен деп тағы қорқасоқтайсың. Осы орайда «Freedom Life» ӨСК мамандары туристік компаниялардың ұсыныстарын зерттеп, осы жазда шетелде демалу құны отандастарымызға қаншаға түсетінін анықтауға тырысқан екен. Енді осы мәліметтерге бір сәт назар аударып көрсек.
24 Мамыр, 2023
Қырғыз бен қазаққа ортақ ұл еді
1-4 маусым күндері Қырғызстанның астанасы – Бішкекте күрес түрлерінен үшінші әлемдік рейтингтік турнир өтеді. Келесі жылы Парижде алауы тұтанатын Олимпия ойындарына қатысу үшін ұпайлар берілетін байрақты бәсекеде көптеген мемлекеттен келген белді балуандар бақ сынайды. Солардың қатарында Қазақстанның ұлттық құрамасы да бар.
24 Мамыр, 2023
Алтайдағы өрт: Қауіптің беті қайтып келеді
Мамыр айының 22-сі күні Ресей Федерациясының Алтай өлкесіне қарасты Локтев ауданы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануынан басталған өрттің Абай облысының аумағанына өтіп кеткені барлық күштік құрылымдардың жұмыла кірісуіне түрткі болды. Екі тәуліктен бері бет қаратпай тұрған қызыл жалын Бородулиха ауданындағы алқаптарға жайылды. Қазіргі уақытта Абай облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты аумағында өртті сөндіруге барған құтқарушыларға көмек көрсетіп жатыр.
24 Мамыр, 2023
Goal басылымы 2023 жылдың қорытындысы бойына «Алтын доптан» үміткерлердің тізімін жариялады.
24 Мамыр, 2023
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада аудармашы Рымбала Смайыловамен кездесу өтті. Іс-шара барысында жазушы-драматург Нұрайна Сәтбаеваның «Әлканың күміс тұмары» кітабының қазақша нұсқасы таныстырылды.
24 Мамыр, 2023
Әулиеатада Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай «Ән-жырым саған, туған ел!» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.
24 Мамыр, 2023
Омбы қазақтарының майдандағы ерлігі
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына, міне, 78 жыл өтті. Отты жылдар мен қан майдан куәгерлерінің көбі бүгінде өмірде жоқ. Ел басына қиын-қыстау күн туғанда белді бекем буып, ешбір қауіп-қатерден қаймықпай ерен ерлік танытқан азаматтарымыз қаншама? Сондықтан сұрапыл соғыс жылдары қаза болған, жоғалып кеткен сарбаздарды анықтап, мұрағаттық-іздестіру жұмысымен жүйелі айналысудың маңызы зор. Мұндағы мақсат – үзіліп қалған ұрпақ сабақтастығын жалғау, тарихымызды түгендеу, жас ұрпаққа ата-баба рухына деген адалдықты қалыптастырып, ерекше құрмет көрсету.
24 Мамыр, 2023
Ахмет Мәметовке құлпытас қойылды
Кеңестік репрессия жылдары жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, атылып кеткен арыстарымыз аз емес. Олардың көпшілігінің соңғы мекені – зираты да белгісіз. Осындай аяулы азаматтың бірі Ахмет Мәметов болатын.
24 Мамыр, 2023
1962 жылдың қысы, Ақтөбе облыстық филармониясына көркемсөз оқушы болып орналасқан кезім. Мәдени-ағарту училищесінде оқып, жатық сөйлеуді үйреніп жүрген, дауысым да тәп-тәуір, тәжірибем аздау болатын. Тап сол жылы әртістерді аттестациядан өткізуге Алматыдан комиссия келе қалды.
24 Мамыр, 2023
Ай-жұлдыз жасырынған қап-қараңғы түн. Қоржын тамға кіргені сол еді, помещиктің келіні шыға келді. Шошынған ол шыңғырмақ болып аузын ашты, бірақ даусы шықпады. Демі ішіне түсіп кетті-ау. Бір қарғып барды да, зіл темір жұдырықпен кеудеден солқ еткізіп соққанда, қабырғаға жабысып, талды да қалды. Алақ-жұлақ айналаға қарады, сұлық жатқан келін денесін жасыра қоятын жер жоқ. Ойланбастан екі бүктеді де, баяу жанған ошаққа тықты да жіберді. Етжеңді екен, дәу қара қазан қозғалып кетті.
24 Мамыр, 2023
Жасанды интеллект талай қылмысты ашады
Жақында Жоғарғы сотта «Жасанды интеллект және ауқымды деректер (Big Data) сот және құқық қорғау жүйесінде: шындық және уақыт талабы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
24 Мамыр, 2023
Одақта негізгі қағидаттар мүлтіксіз сақталуы керек - Тоқаев
Мемлекет басшысы «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумда Одақты дамытудың жаңа басымдықтарын айқындау қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2023
Экономикалық интеграция жетістігі жаңа өндірістермен бағаланады - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумда сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2023
Осыдан бір жыл бұрын Сібе көлінде суға батып бара жатқан өрімдей үш қызды құтқарып, өз өмірін қиған Мейір Серікұлы деген азаматтың есімін ел біліп жүруі керек шығар. Күні бүгінге дейін батыр ұлдың ата-анасы «біздің бала ерлік жасады» деп ешкімге тіс жармаған. Әкесі оқу орнына құжаттарын іздеп бармағанда, сол күйі айтылмай да қалуы мүмкін еді...
24 Мамыр, 2023
Абай облысында орман өрті өршіп тұр
Бұған дейін Абай облысындағы өрт орнына төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков барғаны хабарланған еді. Ведомство жалын шарпыған аумақта 5 тікұшақ су шашып жүргенін қоса хабарлады, деп жазады Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Мамыр, 2023
«Ұнаса да, ұнамаса да қабылдау керек»: Аймағамбетов оқу жылын ұзартуға қатысты пікір білдірді
Бұрынғы Оқу-ағарту министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов соңғы қоңыраудың 25 мамырдан 1 маусымға шегерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2023
Балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойылуы мүмкін
Қазақстанда кәмелет жасына толмаған балалар ата-анасының рұқсатынсыз WhatsApp, Instagram және басқа да әлеуметтік желілерге тіркеле алмауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2023