Редакция таңдауы
75 азаматқа мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия табысталды
14 қаңтар күні Алматыда мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияны салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2023
Екібастұзда жылудан ажыратылған нысандар іске қосылды
Қазіргі уақытта жылу желісі бірқалыпты жұмыс істеп тұр, соңғы тексерістер жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Қаңтар, 2023
Қазақта «Тарихсыз ел болмайды» деген тәмсіл бар, сөздің төркіні де түсінікті. Тасқа қашалып, жазылып басталған тарих, кейіннен қағаздарға түсіріліп сақталып келеді. Халықтың тарихы сонау сақтардан бастау алып, бүгінгі күні құпиясы мен сыры көп іргелі ілімге айналды.
15 Қаңтар, 2023
Түркістан облысындағы жарылыстан бір адам қаза тапты
Бүгін сағат 18.41-де 112 пультіне Түркістан облысының Шардара ауданындағы жеке тұрғын үйде алдын ала деректер бойынша газ баллон жарылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2023
Түркістан облысынан Сенат депутаты болып Мұрат Қадірбек сайланды
Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына Түркістан облысынан 2 кандидат қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2023
Бүгін Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтеді
2023 жылғы 14 қантарда елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 20 депутатының сайлауы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2023
Ақпарат және қоғамдық даму саласының алдағы бағыты айқындалды
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда ақпарат және қоғамдық даму саласының 2022 жылғы жұмысының қорытындысы мен алдағы жоспарлары айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2023
Экс-президент Назарбаев қандай артықшылықтардан айырылды?
13 қаңтарда Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңның күшін жою туралы заң қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2023
Теміртау тұрғындарының жартысы жарықсыз отыр
Теміртауда ондаған көпқабатты үй мен 600-ге жуық жеке үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2023
Балағат сөздерге салынатын айыппұл нормасы түсіндірілді
Жуырда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқан азаматтарға ірі айыппұл салынатыны жайлы белгілі болды. Соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушылары бұл тақырыпты қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
13 Қаңтар, 2023
..ұсыныс айтады Қайыр ханға ескерткіш қою керек Тарлан тарих сыр ғып, жыр ғып шертеді: Шыңғыс ханның аяуды білмес қатыгез де қайсар ұлы Шағатай 200 мың әскерімен кіп-кішкентай Отырарды алты ай бойы ала алмады. Ала алмаған себебі – Отырар халқының бірлігі бекем, рухы асқақ, ел басқарған көсемі – Қайыр хан дара туған дана еді, қайсарлығымен де, ерлігімен де дара еді.
13 Қаңтар, 2023
16-29 қаңтар аралығында жасыл құрлықтағы ең әсем қалалардың бірі – Мельбурнде «Үлкен дулыға» санатына енген аса ірі төрт турнирдің бірі – Аустралияның ашық біріншілігі өтеді. Жүлде қоры 51,5 миллион АҚШ долларын құрап отырған дүбірлі додаға әлемнің ең үздік теннисшілерінің дені қатысады. Бүгінгі мақаламызда аталған жарыстың тарихына қысқаша шолу жасауды жөн көріп отырмыз.
13 Қаңтар, 2023
Күйді естіген өз алдына, қуатты толқыны мен терең тебіренісіне еніп тыңдауға да дайындық керек-ау. Бала кезімізден құлағымызға сіңісті болған Есір Айшуақұлының күйі «Ақжарманың» асау арыны шарпып, қуат-күшінің астына бұққан тебіреніске шым-шымдап батқан сайын осылай сөйлеуге тура келеді. Күй дегеннің бір сипаты жан кешірген халге келіңкірейді ғой. Күйшінің өзегінде тулаған рух пен сезім ағыл-тегіл ақтарылып тұрған жоқ па? Есірдің «Ақжармасынан» осындай бір ғаламат сарын еседі. Ұстазы Абылдан жұқты ма, Тәңірден келді ме, ол жағы бір Аллаға аян. Сондықтан біз «Ақжарманы» тыңдап қана қоймай, танымына көз жүгіртуге құлаш ұрдық. Көптеген дерек шықты алдымыздан. Түпнұсқа бір болғанымен, әртүрлі баяндалады әрқайсысы. Солардың арасынан Таласбек Әсемқұлов Асқар Сүлейменовтің айтуымен жазып қалдырған нұсқаға тоқталғанды жөн көрдік.
13 Қаңтар, 2023
Ғалым және жоғары білім саласы ардагері ретінде 2022 жыл мен үшін екі оқиғамен есімде қалды. Біріншісі – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы, екіншісі – Ломоносов атындағы Мәскеу университетінде өзімізбен қатар оқыған азамат, математикадан тұңғыш Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтарбай Өтелбаевтың 80 жылдығы. Ел әркез Ақаң деп қадірлеген біртуар тұлғамыз: «Ғылым мен өнер көбейген сайын бейнет кемиді» деген екен. Біреулерге дерексіз, тылсым көрінетін математика – әлемнің бейнетін кемітудің басында тұрған ғылым саласы.
13 Қаңтар, 2023
«Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange – AIX) өткен жылғы қызметінің нәтижелерін жариялады.
13 Қаңтар, 2023
Қаңтар қасіреті кезінде мемлекеттілігімізге төнген аса қауіпті сын-қатерді ұйымдастырып, елдің тыныштығын бұзып, қауіпсіздігіне нұқсан келтіргісі келген теріс пиғылды адамдардың мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған ниеті іске аспады. Осындай сәттерде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы халқымен бірге болып, батыл шешімдер қабылдап, бүкіл жауапкершілікті өз мойнына ала білді.
13 Қаңтар, 2023
Тар жолдың мәселесі қашан шешіледі?
Өткен жылы 15 желтоқсан күні «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының Арал қаласына жақын тұсында «КамАЗ» бен «Мерседес» көлігі соқтығысып, жеңіл көліктегі 4 жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Осы жол апатына байланысты облыстық полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерін бастады.
13 Қаңтар, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді, онда ведомствоның 2022 жылғы жұмысының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған міндеттері қаралды.
13 Қаңтар, 2023
Қатыгез жеткіншек қайдан шығады?
Әуелі әлеуметтік желіні, артынан бүкіл қоғамды шулатқан Талдықорғандағы оқушы қыздардың төбелесі ең бірінші ұл-қыз тәрбиелеп отырған әрбір ата-ананы бейжай қалдырмағаны анық. Көпшіліктің ашуын тудырған бейнежазбада үш қыз бір бойжеткенді жабылып аяусыз соққының астына алған. Шыны керек, ұялы телефонмен түсірілген бейнежазбаны көріп отырып, қаршадай қыздардың қатыгездігінен тіксінесің.
13 Қаңтар, 2023
Қазақ тарихы әлі күнге ақтаңдақтарға толы. Ұлт-азаттық қозғалысының ғасырларға созылған жолында тарам-тарам тылсым сырлар әлі де тасада қалып тұр. «Qazaqstan» ұлттық арнасының тапсырысымен режиссер Мұрат Есжан түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалы сол ұлылық пен ұлағатқа, зорлық пен зұлматқа толы замандардан сыр шертеді. Фильмде басын бәйгеге тігіп, азаттықтың асқарына өршелене ұмтылған ұлт қайраткерлерінің қилы тағдырын бейнелеген тереңдігіне бойлата түседі.
13 Қаңтар, 2023