Редакция таңдауы
Хаменованың сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Тамыз, 2022
Биыл 9 мыңнан аса азамат қандас мәртебесін алды
Қазақстан Тәуелсіздік алғалы 1 миллионнан астам қандас елге оралды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Тамыз, 2022
Депозит бойынша мөлшерлемелер көтеріледі
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың қыркүйегіне теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді бекітті. Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттерінің барлық түрі бойынша ең жоғары мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және тамыз айындағы мәндер деңгейінде сақталған.
03 Тамыз, 2022
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активі бойынша есептелген инвестициялық табысы 352 млрд теңгені құрайды. Жалпы, 2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша азаматтардың БЖЗҚ-дағы жинағының көлемі 13,4 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,8 пайызға көп.
03 Тамыз, 2022
«Тәуелсіздік ұрпақтары» анықталар күн жақын
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
03 Тамыз, 2022
Тұрғын үй бағасы тұрақтала ма?
Қазақстанның тұрғын үй нарығы бір сәт тынышталғандай күйде. Былтырғыдай аласапыран жоқ. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, бүгінде жылжымайтын мүліктің барлық сегментінде сұраныстың азайғаны байқалған. Бір айдағы сату-сатып алу мәмілелерінің жалпы саны да 30 мыңға дейін қысқарған. Осыған қарап, баспана бағасы төмендеуі мүмкін деген оптимистік көзқарас танытуға да болар еді. Бірақ мамандардың болжамы басқа.
02 Тамыз, 2022
Мерейтой мезіреттері: Жоспарлар орындала ма?
Ұлт зиялыларының мерейтойы жоспар үшін жасалған сансыз іс-шаралар һәм соңы дауға қалған ескерткіштермен шектелмесе керек-ті. Көрнекті тұлғалардың мерейлі жылы қоғамның әдебиеті мен мәдениетіне, руханиятына игілігі тиер бастама болуға тиіс. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та: «Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», деп кесіп айтқан еді. Биыл да көптеген ақын-жазушының мерейтойын атап өту жоспарланып, тіпті басталып та кетті. Ахаң, Ғабиден, Ғабит, Әзілхан, Зейін, Жұмағали, Сырбай, Сафуан... Осы ретте заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аясында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Былтыр газет бетінде мәселе қылып көтерген Әуезовтің музей-үйі күрделі жөндеуден өтті ме? Зерттеп көрдік.
02 Тамыз, 2022
Темір тор педофилдерді түземейді
Елімізде балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыс азаяр емес. Таяуда ғана Жаркенттегі жантүршігерлік оқиға бүкіл елді шошытқаны белгілі. Өкініштісі, күдікті бұған дейін екі рет сотты болған екен. Бірақ мерзімінен бұрын темір тордан босатылған көрінеді. Бұл елдегі педофилдерге қатысты құқықтық жағдайдың әлі де шешімі табылмаған өзекті мәселе екенін көрсетіп отыр. Мектепте, лифтіде, тіпті қоғамдық көлікте балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайлары жиі кездеседі.
02 Тамыз, 2022
Эпидемиялық ахуалға бейжай қарамау керек
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы коронавирус бойынша санитарлық-эпидемиялық ахуал бірінші кезекте қаралды.
02 Тамыз, 2022
Ірі компания акцияларын қалай сатып алуға болады?
Қазақстанның қор нарығы биыл қыз-қыз қайнайын деп тұр. Еліміздегі аса ірі ұлттық компаниялардың бірі «ҚазМұнайГаз» АҚ акциялары IPO-ға шығарылмақ. Яғни акцияны қарапайым азаматтар да иеленіп, жыл сайын дивиденд алып отыра алады. IPO «акцияларды бастапқы жария орналастыру» деп тәржімаланады. Бұл кездегі акция құны қолжетімді болады және осы арқылы компаниялардың да ел алдындағы жауапкершілігін ұштай түсу көзделеді.
02 Тамыз, 2022
Мұнай өнімдерін ұрлағандар азаяр емес
Жыл сайын елімізде жанар-жағармай тапшылығы туындайтыны белгілі. Құзырлы органдардың мәліметіне сүйенсек, кей пысықайлар ішкі нарыққа арналған мұнай өнімдерін заңсыз жолмен шетелге жөнелтеді екен. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, жыл басынан бері құны 4 млрд теңге болатын жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғалған.
02 Тамыз, 2022
«Басқадан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға ынтымақ пен бірлік керек. ...Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер! Сендер адассаңдар, арттарыңнан Алаш адасады. Арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар!». Ахмет Байтұрсынұлы
02 Тамыз, 2022
Тордағы тотықұс ғұмыр бойы қанатын керіп, қыран тыныстаған кеңістікте қалықтасам деп армандайды екен. Қайран Мұқағали алқам-салқам қалпы жиынға кіріп келіп, жас ақынға «шеңберден шық» деп жол сілтегенін әдебиеттегі ағалар асыра жазады. Сол қарагөз қаламгер біз сүйіп оқитын Фариза Оңғарсынова еді. Әрине, сіз қой болсаңыз, өзіңіздің қораңызда еркін ойнақтауыңыз мүмкін! Бірақ сіз қой емессіз ғой...
02 Тамыз, 2022
Белгілі һәм белгісіз «Ақсақ құлан»
Жердегінің көбі армандайтын қанат деген жеке-дара ұғым бар. Құстан көреміз аспандап ұшқан. Жылқының жүйрігіне тән деп естиміз. Ертеректе ауылда соғым сойып жатқанда арагідік айтылып қалатын. «Жүйрік екен, қанат шықты» деп. Кейбір атқұмарлар ондай жабағылар сойылып кеткенде, өкінгендей кейістік танытатын.
02 Тамыз, 2022
Айналайын, Жетісу! Табиғатыңды қалай мақтасақ та Тәңірдің мерейі өн бойына құйылып түскендей жараса кетеді. Анау Алакөл, мынау Балқаш көлі, таулы аңғарлар, қызылды-жасылды желектер, тарихи нысандар – бәрі-бәрі жанға сая, көңілге мерей. Жаз басталса жапатармағай көлге асығатын халықтың әу бастағы ойы – жұрт тамсанған туризм саласы. Бұл ретте өңірдің өрісі кең, айдарынан жел есіп тұр. Оның үстіне жылдан-жылға түрленіп те келеді. Бүгінгі біздің әңгімеміз осы жайында.
02 Тамыз, 2022
Өнер мен жанкештілік бір ұғым іспетті. Жанкештілік жоқ жерде өнер адамының өрісі жіңішкермек, тынысы тарылмақ. Қайбір жолы Мұхтар Әуезовтің өмірдерегіне көз жүгірте отырып, қуғын-сүргін мен мехнаттан көз ашпаған жылдарына куә болдық. «Апыр-ай, осындай аласапыран дәуірде, керуені кері айналған заманда қалайша кесек-кесек, қадау-қадау шығармалар қалдырған?» деген ойға қалғанбыз. Бақсақ, мұның астарында жанкештілік атты алып ұғым жатыр.
02 Тамыз, 2022
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде сан ғасырлық тарихы бар жәдігерлер жетіп артылады. Олардың басым көпшілігі көне Тараз топырағында жүргізілген қазба жұмыстарының кезінде табылған.
02 Тамыз, 2022
Өнер әлемінен өз өрнегін іздеген жас суретші Сабина Сұлтанбаеваның қаламындағы жарқын палитра, тақырып таңдаудағы батылдық өмірдің арайлы сәттерін қанық түске бояп, бағалай білген жанға тіршіліктің әр минуты қайталанбас қуаныш екенін паш етеді.
02 Тамыз, 2022
«Бейсен және Болмыс» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасындағы дәріс залында автордың қатысуымен «Бейсен және Болмыс» кітабының презентациясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Тамыз, 2022