Редакция таңдауы
Ғылымның ұлттық экономикаға қосатын үлесін көбейтуіміз керек - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда Қазақстан әлемдік ғылыми кеңістікпен ықпалдастықты күшейтетін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Маусым, 2022
Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі көтеріледі
Президент Ұлттық ғылым академиясы ғылыми ой-тұжырым орталығына және сараптама жасайтын беделді мекемеге айналуға тиіс екенін айтты. Мемлекет басшысы бұл ойын академияның 75 жылдығына арналған салтанатты сессия барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
01 Маусым, 2022
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды
Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ЕЭК сайтына сілтеме жасап.
01 Маусым, 2022
Қазақстанда бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымы енгізіледі
Өңір әкімдіктері жанындағы тәуелсіз Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің лауазымдарын енгізуді тездету қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Маусым, 2022
«Аңсаған сәби» бағдарламасымен 1560 бала дүниеге келді
«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 1307 отбасында көптен күткен 1560 бала дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Маусым, 2022
Қазақ үшін дәм де, дәрі де, сусын да, ем де қымыз. Дәрі болған соң өмірінің мәні қымыз екені айтпаса да белгілі. Сондықтан тарихын термелей бермей, осы жолы қадірлі асымыз неге нарықта жаппай сатылымда жоқ, соған бас қатырамыз.
31 Мамыр, 2022
Онлайн-марафон: Референдум мәреге бет алды
Күні кеше «Жаңа Қазақстан үшін» атты онлайн-марафон басталды. Интернет алаңдарда сарапшылар мен саясаткерлер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері реформа жүзеге асырылғаннан кейін еліміз қандай болатыны туралы ой қозғады. Бұл жөнінде Қазақстан Халық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
31 Мамыр, 2022
Қала баласы ойнаудан да қалып барады
Қазіргінің баласы асық атып, асыр салып ойнамайды. Бұрынғыдай ағашты ат қып мінбейді. Ертегі тыңдап өспегеннен кейін ертедегі батырларға еліктемейді. Есесіне есіл-дерті – теледидарға телміру, гаджетке үңілу. Қала баласы да, дала баласы да сондай қазір. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 6-9 жас аралығындағы балалар күніне орта есеппен кемі 3-4 сағат белсенді дене қимыл ойындарымен айналысуы керек. Ал қазақстандық 70,66% өспірімнің далада ойнау уақыты бір сағатқа да жетпейді екен.
31 Мамыр, 2022
Оқыту – маңызды, бекіту одан да маңызды. Пандемия кезінде оқушылар қашықтан оқимыз деп кейбір тақырыптарды өткізіп алған еді. Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жазғы мектептердің жұмысын ұйымдастырды. Қазірдің өзінде 2 млн-ға жуық бала жазғы мектептерде білімін шыңдап жүр.
31 Мамыр, 2022
Қатерлі ісік: Балалар дерті адамзатты алаңдатады
Жаһанды жайлап алған онкологиялық аурулар өкінішке қарай, балаларды да айналып өткен жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын жер бетінде 400 мыңға жуық бала мен жеткіншек қатерлі ісікке шалдығады. Ал Қазақстанда жыл сайын шамамен 600 балақай жас талғамайтын жаман аурудан жапа шегеді. Соған қарамастан, отандық дәрігерлер қолдан келген көмегін жасап, күрделі дертпен күн демей, түн демей күрес жүргізіп келеді.
31 Мамыр, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде зар заман поэзиясының көрнекті өкілі, елдік пен еркіндіктің жыршысы Дулат Бабатайұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Поэзиядағы Дулат Бабатайұлы дәстүрі және ұлттық тұтастық идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мазмұнды жиынды Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдіктері ұйымдастырды.
31 Мамыр, 2022
«Жүректегі жазулар» оқырманға жол тартты
Ел астанасында – «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург Жұмагүл Солтиеваның «Жүректегі жазулар» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани іс-шараға елордалық зиялы қауым, қоғам қайраткерлері мен журналистер қатысты.
31 Мамыр, 2022
Өзі де, өмірі де тұтатсымен биге айналып кеткен әсем әлем иесі Шара Жиенқұлованың туғанына биыл ғасыр толды. Көзі тірісінде-ақ ізінен аңыз ерген ерке қыздың ұлттық кәсіби би өнерінде тұңғыш та дара жолды салып қана қоймай, оның даму жолында да сіңірген еңбегі ерен. Бүгінде Шара десе ойымызға ең бірінші суретші Гүлфайруз Ысмайылова қылқалам тілінде кестелеген әйгілі «Қазақ вальсі» картинасындағы он саусағы майысып жүзінен нұр шаша күлімдеп тұрған көркем бейне орала кетері хақ.
31 Мамыр, 2022
Ақанның әнін «әрлеген», Үлебайдың әнін «үптеген»
Григорий Потанин «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» дегенді бекер-айтпаған-ау... Расында да ұшқан құстың қанаты, арындап шапқан тұлпардың тұяғы талатын байтақ даламыздың өзі тұнып тұрған ән емей немене?!
31 Мамыр, 2022
Қазақстан халқының саны бір жылда 1,3%-ға өсіп, 2022 жылдың басында 19,12 млн адам болды. Оның 9,84 миллионы – әйелдер, 9,29 миллионы – ерлер, деп хабарлайды Egemen.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
31 Мамыр, 2022
Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтарудан бас тартты
Бас прокуратура Қытайдың Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялаудан бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Мамыр, 2022
Мәңгілік аза жыры немесе зұлмат жылдар елесі
Соңғы бір ғасырдың ішінде халқымыз қаншама жан шошырлық нәубетті бастан кешті десеңізші: Он алтыншы жылғы дүрбелең, қызыл революция, колхоздастыру, аштық, үркіншілік, отыз жетінші жылғы қанды репрессия, Отан соғысы, тың игеру, ядролық сынақтар...Осылардың бәрі түгілі, біреуінің өзі-ақ ұлттың омыртқасын үзіп есеңгіретіп түсірер алапат қасірет екені даусыз. Әйтсе де солардың ішіндегі ашаршылық нәубеті халқымызды біржолата тұралатып тығырыққа тіреген қанды шеңгел зұлмат еді.
31 Мамыр, 2022
Адам баласының аза бойын қаза қылатын тарихтағы қасіретті таңба – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының жазықсыз тағдыры. 1920-1950 жылдар аралығындағы зұлмат пен зобалаң, нәубет пен кесапат тарих бетін жусаң кетпейтін қызыл қанға бояп, адамзат санасына ақтаңдағын қалдырып кетті. Қазақстан халықтар түрмесіне айналып, миллиондаған тағдырлар жер аударылды.
31 Мамыр, 2022
Қазір қай салада да мемлекеттік қолдау, қаржыландыру артып келеді. Бірақ соны алу үшін жасалатын жобалар жүйесіздігі қасықтап жиған қаржыны шөміштеп төккендей қылып тұр.
31 Мамыр, 2022
Еліміздегі бүкілхалықтық референдумның өтуіне санаулы күндер қалды. Референдум – керекті іс-шара, халықтың үніне құлақ асып, пікірін ескеру мәселесі. Халықаралық тәжірибеде бар іс-шара. Конституциялық өзгерістер енгізу үшін референдум қажет.
31 Мамыр, 2022