Редакция таңдауы
Қазақстанда клиникалық дәрігерлер жетіспейді
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ауруханалардың клиникалық персоналының тапшылығымен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Қазақтелеком акциясының ауқымды бөлігі мемлекетке қайтарылады
Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
12 Сәуір, 2022
Көпбалалы отбасыларға 82,2 млрд теңге жәрдемақы берілді
2022 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің жалпы сомасы 82,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
12 Сәуір, 2022
Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өсті
Бұрын олардың жалақысы 152 мың теңге болса, бүгінде 257 мың теңгеге дейін өсіп, жалпы 1,5 миллион теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Тамара Дүйсенова министрлікке оралуы туралы пікір білдірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова министрлікке қайта оралуы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов жыл басынан бері банктің алтын-валюта активтері 1,2 миллиард долларға азайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Белгілі әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов өмірден өтті
Әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Бюджет қаражатын игермеген министрліктер белгілі болды
Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 37 миллиард теңгені игермеген министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттады
Бұл жайында Ұлтық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Сәуір, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа былтырғы Жолдауында «Ғылым саласын дамыту – біздің маңызды басымдығымыз» деп атап өткен болатын. Сондай-ақ ел Президенті отандық ғылымды ілгерілетуге бағытталған нақты тапсырмалар берді. Соның нәтижесінде іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары тікелей қаржыландырылып, ал бұрын грантпен ғана күн көріп келген 2 500-ге жуық ғалым енді тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы алатын болды. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Ұлттық ғылыми кеңес шешімдерінің апелляция институты енгізілді. Ғылым саласындағы өзекті мәселелерді бас басылым ұдайы назарда ұстап келеді. Сәйкесінше, тиісті ведомстволар тарапынан көтерілген мәселелерге назар аударылып, дер кезінде шешімін таба бастады. Осындай оң өзгерістердің басы-қасында ғылымға жанашыр ғалымдардың өздері жүр. Бұл – айқын да анық дүние. Абай «Ғылым таппай мақтанба!» деп өсиет етті. Egemen Qazaqstan газетінде ғылымға арналған мақалалар топтамасы жиі ұйымдастырылады. Бұл айдарлар аясында ілім іздеген, ғылым тапқан, алайда көп танылмаған отандық ғалымдарды қоғамға үлгі етуде. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінде тұралап қалған ғылым саласы қазір қарқын алып келеді. Оған қазақстандық ізденушілердің ғылыми, өнертабыс жаңалықтары мен халықаралық рейтингтегі беделіне қарап көз жеткізуге болады.
12 Сәуір, 2022
Заман – ауыр. Алда не боларын, тайға таңба басқандай кім айтпақ?! Әркімді заман сүйреп жүр. Қиыны сол, сол заманды кім билемек?! Заманды билей алатын тұлға бар ма?! Ауыр сауал. «Тұлға» деп кезінде тамсандырғандар, уақыт тезіне шыдамай, санадан шығып қалуда.
12 Сәуір, 2022
Ресейлік банктер санкциядан соң қалай жұмыс істейді?
Санкция әлі бітпеген екен. Батыс күн аралатып жаңа санкциялар легін жариялап жатыр. Ресей экономикасы мен қаржы секторын күйретпей қоймайтын қуатты шектеулер. Әрі соғыс бітіп, ел мамыражай шаққа оралды деген күннің өзінде оңайлықпен алына қоймас тыйымдар. Ресейдің мойнына қазір кигізіліп жатқан қамыт жақын жылдарда шешіле қоймас. Айтпақшы, санкцияның күрзі соққысы біздің нарықта жұмыс істейтін ресейлік еншілес банктерді де соғып өткенін айталық.
11 Сәуір, 2022
Ева Жигалинаның есімі әлеуметтік желіде кеңінен таралған. Орыс халқының этностық тобына жататын «казак» қызының аттың құлағында ойнауы кімді болсын таңғалдыратыны анық. Қаскелеңдік Еваның жылқыларға деген жақындығы балалық шағынан басталған. Бүгінде ол көкпарға қатысып, асау жылқыларды үйретумен айналысады. Осындай қабілетінің арқасында белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильміне түсіп, амазонкалардың рөлін сомдаған. Әр ұлттың өзінде жазылмаған заңы бар десек, соның бірі – қазақ халқының көкпар ойынына әйелдерді араластырмауы. Дегенмен бұл қағиданы қарасайлық көкпаршы қыз жоққа шығарып, талай жігітті өзінің шаңына ілестірмеген кездері болған. Бұл оның ұлттық спортқа, өнерге деген қызығушылығы, құрметі деп түсіндік.
11 Сәуір, 2022
Бұл жындыхана туралы шығарма емес
Америка жазушысы Кен Кизидің «Көкектің ұясы» романы түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып, оқырманға жол тартты. Отыздан астам тілге аударылған, кинолар желісіне, сахналық қойылымдар формасында бейнеленген шығарма – әлемдік классикадағы ең жақсы психологиялық романның бірі.
11 Сәуір, 2022
Үй Хуа: Мәңгілік шындықты әдебиет қана айта алады
Үй Хуа қазіргі ең танымал Қытай жазушысы. Оның әр романы кітап болып шығысымен-ақ тез таралып кетеді. Бұнда не сиқыр бар деп ойларсыз, бұл оның тек ұлт тағдырына саятын оқиғаларды арқау етуі, сол ұлттың ішіндегі мұң мен зарды ақ қағаз бетіне түсіруінде еді. Жазушы алғаш рет Қазақ журналисіне сұхбат бергенін айтып, өз шығармашылығы, романдары туралы, қазіргі әдеби орта, Нобель сыйлығы хақындағы ойларымен бөлісті. Тіпті ол өзіне Абай Құнанбаевтың өлеңдері әсер еткенін жасырмады.
11 Сәуір, 2022
Мұрат Жұрынов: Ғылым – қоғамға технологиялық серпіліс әкелетін үлкен күш
Соңғы уақытта ел ішінде, сондай-ақ әлемде болып жатқан жағдайлар қоғамды алаңдатуда. Бұл кезеңді еңсеру үшін халқымызға ерік-жігер мен табандылық қажет екені сөзсіз. Сындарлы уақытта қоғамды алға жетелейтін де, жаңғыртатын да әлеует – ғылымда. 12 сәуір – Ғылым күніне орай Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрыновпен әңгімелескен едік.
11 Сәуір, 2022
Адамзат игілігіне арналған жобалар
Отандық ғалымдардың заманауи ізденістері нәтижесіндегі тың жаңалықтары әлем ғалымдарының назарын аударуда. Бүгінде өндіріске еніп, адамзат қажетіне жарап жатқан жобалар ғылым мүмкіндіктерінің зор екенін айғақтайды.
11 Сәуір, 2022
Жаңа облыстардың атаулары мақұлданды
Бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен Үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2022
Елімізде 32 градусқа дейін ыстық болады
Қазгидромет 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2022
Қазақстандық астық пен ұн экспортталмайтын болды
Қазақстанда 15 сәуірден бастап астық пен ұн экспортына шектеу қойылады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Сәуір, 2022