Редакция таңдауы
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында сенаторлар Каспий теңізінің биологиялық алуандығын сақтау туралы хаттаманы ратификациялады.
15 Қазан, 2021
Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласын түрлендіру, сәулеттік келбетін арттыру күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жергілікті әкімдіктерге зор жауапкершілік жүктеп отыр. Қазіргі таңда мемлекет қолдауының нәтижесінде облыс орталығында игілікті жұмыстар атқарылуда.
14 Қазан, 2021
ПИК-тен – МИБ-ке: Бүгінге дейін не өзгерді?
Пәтер иелері кооперативтерін (ПИК) мүлік иелері бірлестіктеріне (МИБ) немесе жеке серіктестіктерге ауыстыру жұмысы басталғалы біршама уақыт өтті. Содан бері не өзгерді? Тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына өту қалай жүзеге асырылып жатыр? Шолу жасап көрдік.
14 Қазан, 2021
1966 жылдың жадыраған жазы. Алғабас аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Бақытжан Қалменов алдында тұрған ұзын бойлы, сымбатты жігітке сүйсіне қарап, жолдамасымен танысты.
14 Қазан, 2021
Көгілдір отын – қою түтін құрсауынан құтылу жолы
Еліміз егемендігін алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болғалы бері ауыз толтырып айтуға болатын ауқымды жобалар қолға алынды. Сол жобалардың көшбасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Арқа төріне көгілдір отын тарту бастамасы тұр дер едік. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас қаланы газдандыру жұмысына айрықша назар аударып келеді. Мәселен, күні кеше Алматы ауданындағы Оңтүстік-шығыс тұрғын алабы Майдақоңыр көшесінің тұрғындары да көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізді.
14 Қазан, 2021
Сұлу Көкше – ән мен жырдың Меккесі
Бұл күндері ежелден ән-жырдың алтын бесігі атанған, ілкідегі рухани өмірімізге мәңгі өлмес мұра қалдырған сал-серілердің асқақ үні, ғажайып салтанатының сұлбасы әлі күнге дейін көгілдір аспанда кілкіп тұрған Көкшетау биыл Қазақстанның мәдени астанасы мәртебесін алып отыр.
14 Қазан, 2021
3-6 жас аралығындағы балаларды 100% балабақшамен қамту жоспарланған – Бауыржан Байбек
«Nur Otan» Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлерге сапарын жалғастыруда. Бүгін ол Маңғыстау облысында сайлауалды уәделердің орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2021
Жамбылда тағы жарылыс болды: Қорғаныс министрлігі түсінік берді
Жамбыл облысында оқ-дәрі қалдықтарын жару жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2021
Қазақстанда құс фабрикалары жабылуы мүмкін
Елімізде жемдік бидайдың бір тоннасы 150 мың теңгеге сатылып жатыр. Шаруалар бағаны әлі де шарықтатудан дәмелі, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
14 Қазан, 2021
Қыздар университетінің жерін иемденген лауазымды тұлғалар ұсталды
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне тиесілі жер учаскесін иемденіп, сатып жіберді деген күдікпен бірқатар лауазымды тұлға ұсталды, деп жазады Egemen.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
14 Қазан, 2021
14 қазанға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2021
1992 жылы ашылған Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қорында 55 мың жәдігер сақталған. Оның 15 мыңнан астамы негізгі қордағы құндылық саналады. Соның бірі һәм бірегейі қазақ драма театрының алғашқы қарлығаштарының бірі – Жанбике Шанинаның Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» пьесасында Қарагөз рөлін сомдаған киімінде салынған суреті.
14 Қазан, 2021
Балалардың көз іші қатерлі ісігіне операция жасалады
Елімізде бұл күндері әсіресе, балалар арасында жиі кездесетін көз іші қатерлі ісігіне ота жасала бастады. Отандық дәрігерлер қолға алған СИАХТ отасын Орталық Азия медицина тарихындағы үлкен жаңалық деуге болады.
14 Қазан, 2021
Мұнай рекордтық жағдайда қымбаттады
Мұнай бағасы соңғы үш жылда болмаған межеге жетті. ICE Futures лондондық биржасындағы Brent маркалы мұнайдың құны 2,03 пайызға қымбаттап, барреліне 84,06 долларға жеткен. Нью-Йорк тауар биржасындағы WTI мұнайының бағасы да барреліне 80,95 долларға өскен. Бұл алдыңғы сессиямен салыстырғанда 1,59 пайызға жоғары.
14 Қазан, 2021
Саудиямен сауда-саттық жанданады
Қазақстан мен Сауд Арабиясының үкіметаралық комиссиясының отырысында еліміз араб мемлекетіне сомасы 400 млн долларға жуықтайтын түрлі саланы қамтитын өңделген тауардың 100 түрін жеткізуге келісті. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
14 Қазан, 2021
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» мен «Самұрық-Қазына» Қоры бірлесіп Электронды еңбек биржасы мен Samruk Qyzmet порталдарын ықпалдастырды.
14 Қазан, 2021
АрселорМиттал құны 2 млн долларлық жабдықты іске қосты
АНГА желісіндегі ыстықтай мырыштау және алюминилендіру цехында жаңа заманауи түйіспе дәнекерлеу машинасы іске қосылды.
14 Қазан, 2021
Дизель отыны: Жеткізілім тұрақталса, баға қалпына келеді
2021 жылы 4,9 млн тонна дизель отынын өндіру көзделіп отыр. Бұл – 2015 жылдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Алайда өндіріске Атырау мұнай өңдеу зауытының жыл басында жоспарсыз тоқтап қалуы теріс әсер еткен. Соның салдарынан зауыт соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша бекітілген жоспардан 239 мың тонна дизельді аз өндірген.
14 Қазан, 2021
Nur Otan-ның Қоғамдық кеңестері тиімділігін көрсетуде
Nur Otan партиясы жанындағы Азаматтық қоғамды және мемлекеттік басқаруды дамыту жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында жауапты азаматтық қоғамды дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстар және жақында өткен ауыл әкімдері сайлауының аралық қорытындысы талқыланды.
14 Қазан, 2021
Өлім жазасын жою – гуманизмге бағытталған қадам
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен төменгі Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар бірқатар заң жобасын мақұлдады. Соның ішінде, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
14 Қазан, 2021